Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зергерлік бұйым түрлері

Сабақтың тақырыбы: Маңғыстаудың зергерлік өнері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақ халқының ұлттық мұраларын таныстыра отырып,зергерлік бұйымдары туралы айту.Көне замандардан қазіргі заманымызға дейінгі қолданылған зергерлік бұйымдар туралы мәлімет беру,зергерлік өнердің қыр-сырын оқушыларға меңгерту;
Дамытушылық:Оқушылардың өзіндік ой-пікірін,көзқарасын,таным-талғамын қалыптастыруға және жаңа сөздермен таныстырып, оларды ауызекі тілде қолдана білу дағдыларын дамытуға жағдай жасау,шығармашылыққа баулу,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып,қазақ халқының салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені,мемлекеттік тілді құрметтеуге,әдептілікке,әдемілікке,мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:зергерлік бұйымдар,зергерлік бұйымдарға арналған буклет,дидактикалық материалдар,мақалдар,нақыл сөздер, <<Қазақтың көне зергерлік бұйымдары>> жаңа мультимедиалық презентациялық тақта.Зергерлік өнер-слайд.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың түрі:мультимедиалық тақта
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,аудару,сөздікпен жұмыс,аспала тақтамен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже:
1.Зергерлік өнердің тарихымен танысу.
2.Әшекей бұйымдардың негізгі түрлерін ажырата білу.
3.Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Жаңа сабақ:Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің
3 <<в>> сыныбындағы <<Маңғыстаудың зергер өнері>> атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Бүгінгі сабағымды Фариза Оңғарсынова апамыздың <<Зергер>> өлеңімен бастағым келіп тұр.

Білесің бе бұл істі -
зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті,
сапырады судайын.

Сиқыршыдай жырдағы:
білезік пен алқаны,
сақинаны, сырғаны
күміс сымнан тартады.

Көрсең, қайран боласың -
мақтанышы ол бір елдің.
Күмістейді тоғасын
таралғы мен жүгеннің.

Тобылғы сап күмсанды
қамшыға бір қарашы.
Кім жасайды бұл сәнді
табылмастай бағасы?!

Демеңіздер: "Бұл қалай
күмісті де илеген?"
Осы өнерді мұрадай
зергерлерден үйренем!

Фариза Оңғарсынова апамыз жақын арада өмірден өтті.Сол апамызды
1 минут үнсіздікпен еске алайық еске алайық.

Сабақтың эпиграфы:
Елдің жайын ел баққан,
Ерлер білер деген сөз.
Зердің жайын зер соққан,
Зергер білер деген сөз
Жамбыл.

Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі алты түрге бөлінеді.

Қолға тағатын
Мойынға және кеудеге тағатын
Шашқа тағылатын

Иыққа тағатын
Белге тағатын
Аяққа тағатын
Зергерлік бұйым түрлері



Сөздік жұмысы:
Зергерлік өнер - ювелирное искусство
әшекей - украшение
қапсырма, ілгек - застежка для камзола
түйме - пуговица
алқа - нагрудное украшение
бұрым әшекейі - накосное укрошение
шекелік - височное украшение
тұмарша - амулетница
"Жігітке жеті өнер де аз", "Шебердің қолы ортақ" сынды мақал - мәтелдерді кейінгі ұрпақтарына мирас еткен қазақ халқында өнердің түрі де сан алуан. Солардың бірі -- қиындығы "инемен құдық қазғандай" әрі ісмерлікпен қоса, асқан табандылықты, ыждағаттылықты қажет ететін зергерлік өнері.
Бұл -- ауқымы жағынан шағын болып көрінгенімен өте нәзік те күрделі өнер. Халықпен бірге жасасып, біте қайнасып, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатқан көненің көзі дей келе ...
Қазақтың зергерлік бұйымдары тағып қыздарымыз сән үлгісін көсетеді.(Қыздар ұлттық киіммен шығады).
Тұмарша (Бойтұмар)
Бұл - ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Жүзік, сақина
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі - жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.

Шолпы, шаш теңге
Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз - қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау
Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік
Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.

Сырға
Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі - сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.

Қапсырма
Қапсырма - бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш,сүйір,доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің,немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.
Алқа
Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.
Нұргелді Жадыра.Ұлттық биін тамашалаймыз.
<<Мені жалғастыр>> ойыны
Мақал - мәтелдерді жалғастыру.
1.Алтын кемер.....( белге сән)
Ақылды жігіт.....( елге сән)
2.Алтын балдақ......( қол сәні)
Әшекей кесте.......( тон сәні)
3.Атадан көріп .....( оқ жанар)
Анадан көріп......( тон пішер)
4.Шебердің қолы....( ортақ)
Шешеннің сөзі .....(ортақ)
"Зергер адам - зерделі адам"
Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән - мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны - зергерлік өнер. Әр түрлі туындыларын зерттей келе, оның өте күрделі, қиын да қызығы мол екеніне көз жеткізуге болады. Қас шебердің қолынан шыққан қару - жапақ, ер - тұрман, ат әбзелдері, тұрмыста тұтынатын әртүрлі мүліктер мен сәндік әшекей бұйымдар шынайы өнер туындысы. Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекей сәнді бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген.

3-тапсырма.
1-топқа:
Сырға жасау
2-топқа:
Фольгадан <<білезік>> жасау
3-топқа:
Түрлі-түсті сымнан сақина жасау
Сабақты бекіту:<<Келісемін/келіспеймін>> әдісі
1.Сақинаны дәрігер жасайды. Келісесің бе?
2.Сақинаны құлаққа тағады. Келісесің бе?
3.Білезікті ұл балалар тағады. Солай ма?
4.Әшекей бұйымдарды зергер жасайды. Келісесің бе?
5.Сырғаны қолға тағады. Келісесің бе?
6.Зергерлік бұйымдардың денсаулыққа да пайдасы бар. Келісесің бе?
<<Қара жорға>>биін барлығымыз билеп сабағымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Зергерлік бұйымдар
Зергерлік бұйым дүкені аялдамасы
Зергерлік өнер
8-сынып зергерлік
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Зергерлік бұйым жасау
Су моншақпен бұйым жасау технологиясы
Құрастыру реті
«меруерт» алқа тұмаршасын – бисермен тоқу
Ойма – нақыш әдісімен (инкрустация) бұйым жасау
Пәндер