Сариев Хамза Төкемішұлы (1926-2010): Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен марапаттары

Ұлы Жеңістің 68-жылдығына орай

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Жетекшісі: алғашқы әскери дайындық Жаңабұлақ ауылы

пәнінің мұғалімі Алибаев Қанатқали Рамазанұлы

Жаңабұлақ ОЖББМ-ің

5 «б» сынып оқушысы

Замзагүл Хамза

Берлинге жеткен атам

Менің атам Сариев Хамза Төкемішұлы 1926 жылы 14 қыркүйек айында дүниеге келген. Қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1943 жылы әскерге шақырылып, елін, халкын қорғауға майданға аттанған. Жас жауынгер 1-шы Беларус майданында ұрысқа түскен.

Менің атам 1944-1947 ж. ж. 365-ші, 172-ші, 438-ші атқыш полктарында пулеметчик болып, көп немістердің көзін құртқан. Атам соғыста ешкімнен қорықпай, ерлікпен соғысқан. Бір шайқастан кейін маршал Жуков атамның қолын алып «Жарайсын, солдат»-деген. Сол сұрапыл соғыста ерлігі үшін атам орден, медальдармен марапатталған. Атап айтсам, 2-ші дәрежелі «Даңқ ордені», «2-ші Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» медаль, «Германияны жеңген үшін» медаль, «Берлинді алған үшін» медаль, «Маршал Жуков» атындағы медаль, Атам Беларус майданынан Берлинге дейін соғысқан. Берлинде 8 ай болған. Елге 1948 жылы оралып, бейбітшілік өмірде жылқышы болып еңбек етті. 2009 жылы атама Беларус Президентінен құттықтау хат келді. Атамның жанұясында 4 бала

16 немере 1 шөбере тәрбиеленуде. Әжеміз 1990 жылы қайтыс болды. Атам кенже ұлы Есентемір мен келіні Гүлсараның қолында болып, 2010 жылы 23 ақпанда қайтыс болды. Міне менің атам осындай кісі болды. Мен атамды мақтан тұтамын.


Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысында қазақ батыр қыздарының ерліктері
Тәрбиелік сағат: Ұлы Отан соғысындағы қазақ қаһарман қыздарының ерлігі
9-сынып: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның экономикасы мен майдандағы ерлігі
Отан үшін от кешкендер: Ұлы Отан соғысының қазақ батырларының ерлігі мен патриоттық тәрбиесі
Аталар ерлігі - ұрпаққа үлгі: балабақшадағы Ұлы Отан соғысына арналған тәрбие сағаты
Ұлы Отан соғысы ардагері Қабдір Шүйінішқалиұлының ерлігі мен қоғамдағы еңбегі
Б.Момышұлының ерлігі мен Ұлы Отан соғысы: патриоттық тәрбие сағаты
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі: Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған 9-сынып сайыс сабағы
Ер есімі - ел есінде: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының ерлігі мен ардагерлерді еске алу
Тарих сабағы: Ұлы Отан соғысының ардагері Батырхан Айтуғановтың өмірі мен ерлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz