Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Есіл бойында әңгімесін мазмұндау

Сабақтың тақырыбы:Сәбит Мұқанов "Саятшы Ораз" әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : шығарманың мазмұнын меңгеру, идеясын тану, әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру
Дамытушылық : оқушылардың өзіндік ой қорыту, таным қабілеттерін, шығармашылығын дамыту ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын оқушы бойына сіңіру, өзіндік ой-қиялын дамытуға, өзіндік ой түюге,өз пікірін дәлелдей алуға қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік : адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз
қадір тұтқан аң - құстарды аялауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, СТО әдісі, проблемалық ізденіс, талдау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: кесте, слайд
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (10 минут)
<<Есіл бойында>> әңгімесін мазмұндау
Кубизм әдісі.Суреттеңіз: Есіл өлкесінің көрінісін жазушы тілімен берілген пейзаж арқылы суретте.Салыстырыңыз: <<Есіл бойында>> әңгімесін Ж. Аймауытовтың <<Әнші>> әңгімесімен салыстыр.Дәлелдеңіз: Мырзатай орындаған әндердің әсерін әңгімеге сүйене отырып әңгімеле.Зерттеңіз: <<Есіл>> өзенінің географиялық орнын зерттеңіз.
Музарт тобының орындап жүрген өлеңі <<Есіл ағады>> сынып бойынша орындау.
Топқа бөлу. Құстарға мінездеме беру. Осы сурет бойынша оқушыларды топтастыру.

Жаңа сабақ (8 минут)
Оқушылар біз бүгін Сәбит Мұқановтың <<Өмір мектебі>> романынан үзінді берілген яғни <<Саятшы Ораз>> әңгімесін өткелі отырмыз. Осы әңгімеде жазушы саятшылықты дәріптеуді мақсат еткен. Осы тақырытың мазмұнын ашып жан-жақты талдау.
Мәтінмен жұмыс ( әр оқушы мәтінді түсініп бір-біріне баяндау).
Сөздік жұмыс Саятшы - құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру - ақысыз беру, садақа беру .
Поселке - шағын ауыл.
Шілік - төрт түлік мал сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.
Ителгі - Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.
Қаршыға - өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді.
Тұйғын - қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.
oo Жаңа сабаққа жоспар
1. Жазушының есінде қалған жалғыз адам - саятшы Ораз.
2. Ораздың Мұқанның үй - ішіне көмек көрсетуі
3. Ораздың аңшылығы адамгершілігі
4. Шығармадағы көркемдегіш құралдар.
Ораздың құсбегі екендігін дәлелде (3 минут)

Кесте толтыру. (5 минут)
Портреті
(шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу).
Пейзаж
(жазушының шығармада табиғатты көркем суреттеуі).
кейіпкерлерге мінездеме

(5 минут)

Ораз бейнесіне мақал-мәтел айту. (2 минут)
Ораз бейнесіне лайық мақал айту.
Жігітке жеті өнер де аз.
Адам өнерімен әсем,
Аң жүнімен әсем.
Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өнері көптің ермегі көп.
Өнерлінің өрісі кең.
Өнерлі өрге жүзеді.
Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер
"Зерделі сұрақ, ұтымды жауап" (5 минут)
1)Сәбиттің есінде кім көбірек сақталған?
2)Аңшылық өнер туралы не білеміз?
3)Қазақтың құсбегілері қандай құстарды қолға үйреткен?
4)Ораздың бойындағы өнер мен ұлттың қандай қасиеттері бар?
5)Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?
6)Мұқан қысқы үйін неге күйеу баласы Сүлейменнің үйінің
қасынан салмады?
7)Ораздың достары кімдер?
8) <<Ең ауыр ақы-көрші ақысы>>дегенді қалай түсінесің?
9)<<Қанжығасын қанды етіп қайтады>>дегенді қалай түсінесіңдер?
10)Ораздың жасы 60-тың тең ортасынан асса да денсаулығының
мықты болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?
11)Оқушылар саятшылық жайында қандай шығармалар білеміз?
Тест жұмысы (5 минут)
oo I. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?
a) Он жеті
b) Он сегіз
c) Он тоғыз
ІІ. "Есіл бойында" әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?
a) Мұратбек
b) Мырзатай
c) Бекберді
ІІІ."Саятшы Ораз" әңгімесіндегі басты кейіпкер немен шұғылданады?
a) Балық аулаумен
b) Тері илеумен
c) Құсбегілікпен
ІҮ. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде айналысады?
a) Жазы-қысы
b) Тек жазда
c) Тек қыста
Ү. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?
a) Сатып пайда қылады
b) Сауғаға береді
c) Тұрмысқа пайдаланады.
ҮІ. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.
a) "Өмір мектебі"
b) "Көксерек"
c) "Саятшы Ораз"
І - с
ІІ - в
ІІІ - с
ІҮ - а
Ү - в
ҮІ -- а
Кері байланыс (2 минут)
Бес жолды өлең
Зат есім (кім?) -
Сын есім (қандай?) -
Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) -
Синоним -
Сөйлем құра -
Үйге тапсырма беру: <<Саятшы Ораз>> әңгімесін оқу,аңшылық туралы шығарма жазу.
Қорытынды сөз:
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп
Біз өсеміз талапты.
<<Өзін-өзі бағалау парағы>> бойынша қорытынды баға қойылады.
Бірінші төрттік
Үй тапсырмасы
(1-3 ұпай)
"Білім шыңына өрлейік"(1-3 ұпай)
"Білімді зердеме тоқу" (1 -3 ұпай)
""Шағын теориялық тест"(1-3 ұпай)
Барлығы
Баға

Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқановтың Есіл бойында әңгімесін талдау
Сәбит Мұқановтың саятшы ораз әңгімесі жайлы ақпарат
Сәбит мұқановтың «саятшы ораз» әңгімесі
Бөкен өлеңін мәнерлеп оқыту
Қазақстан өлеңін мәнерлеп оқыту
Сонарда әңгімесін тізбектей оқыту, түсіндіру
Тұман өлеңін жаттау, Мерген әңгімесін мазмұндау
Қазыбектің Қаз дауысты Қазыбек атануы
Өзен және көл. 4 сынып
Ана бейнесі
Пәндер