Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ойлы сөздер
Пәні: сыныптан тыс жұмыс
Класы: 8-9
Түрі: сайыс сабақ.
Өткізген: 8класс жетекшісі Лаззат Мадетхан
Мектебі: Қобда гимназиясы
Ауданы: Қобда ауданы
Облысы: Ақтөбе облысы
Сабақ тақырыбы: <<Халқың қандай десең, салтыммен сынап біл>>
Мақсаты:
1) Ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру:
2) Өз елін, жерін сүйе білуге, халық мұрасын қастерлеуге, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелейді..
3) Оқушылар бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, аталы сөздерден өнеге алуға баулу
4) Ойын нақты дұрыс жеткізуге , тапқыр сөйлеуге, ақылды салмақты ой айтуға үйрету;
Көрнекілігі: слайдтар, адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер,
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты халқымыздың салт-дәстүрлері туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады. Бала тәрбиесіне , жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы.
Ата салтым - асыл мұрам, ардағым.
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінгімен жалғадым.
Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ер намысын қорғамақ.
Топтар шықсын ортаға. Ортаға топтарды шақырамыз.
Енді сайыс барысымен таныстырайын.
1. Сәлемдесу, Өз командаларын таныстыру, ұрандарымен бірге
2. <<Салт-дәстүрді білесің бе>>
Сиқырлы сандықша сұрақтары
3. <<Атамнан қалған сан мұра ......>> сандар сөйлейді.
4. <<Ақылдың кені-асыл сөз>>
5. <<Ойлан,тап!>> сөзжұмбақ.
6. <<Салт-дәстүрім-қазынам>> көрініс көрсету.
7. <<Көкпар>> ойыны. Тыйым сөздер айту арқылы жарысу.
Топтарды ортаға шақыра отырып, әділ-қазылармен таныстырайын.
1. ................................................
2. ................................................
3. ................................................
Ал, енді екі топқа сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Топтар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Жігерленіп сахнаға келіп жетті,
Әдеппенен, ізетпенен табысуға. Әр топ өз командаларын таныстырады.
Келесі сайысымыз. <<Салт-дәстүрді білесің бе>>
Сиқырлы сандықша сұрақтарына жауап беру керек. Әр сұрақ 5 ұпай.
Салт - әр ұлттың , халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылымы ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Салт бойынша-
1-сұрақ. Ерулік дегеніміз не? Жауабы: Ерулік (салт)
Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге <<ерулік>> деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл-жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәніде бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйді отын, су бакишеді. Оны әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, терең ойлайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.
2-сұрақ. Тоқымқағар/салт/
Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнулы мал сойылып немесе сыйлы мүшелер асылып,кең дастархан жасалады.Ойын-сайық құрып, өлең-жыр айтылады.
Ғұрып бойынша.
Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
1-сұрақ. <<Кекіл>> /ғұрып/
<<Кекіл>>- Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып , оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны кекіл дейді.
2-сұрақ <<Айдар>>-/ғұрып/- Балалардың төбешашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жарасады.
Дәстүр- халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдение, кәсіптік, салт-сана, әдіп-ғұрып, мінез-құлық, тәлім тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.
1-сұрақ. << Сүйінші>>, <<көрімдік>> пен байғазының айырмашылықтары.
<<Байғазы>> - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер тоқым т.б) берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.
<<Көрімдік>> - жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
<<Сүйінші>> -қуанышты хабар жеткізуші. Мұндай қуаныш иесі <<қалағаныңды ал>> дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.Бұл-қуанудың, ризалықтың белгісі.
2- сұрақ. <<Асату>>/дәстүр/ мен тыштырма/дәстүр/ айырмашылығы?
Асату- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалармен жігіттерге асатады.
Тыштырма- сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп <<тыштыма, тыштыма>> деп атайды.
Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлесітіріп береді.

Үш қуат / Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат./
Үш дауасыз/Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал.
Үш бақытсыздық/ 1.Жаман ат. 2. Жаман қатын. 3. Жаман көрші./
Үш қасиет/1. Өліде - аруақ. 2. Малда - кие. 3. Аста - кепиет./
Төрт тұлға /1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер./
Төрт құбыла/1. Шығыс. 2. Оңтүстік. 3. Батыс. 4. Солтүстік./
Төрт мұрат
1. Дау мұраты - біту.
2. Саудагер мұраты - ұту.
3. Қыз мұраты - кету.
4. Жол мұраты - жету. (Сырым батыр).
Төрт қорлық
1. Шақырылмаған жерге бару. 2. Бейбастық сөйлеу. 3. Дұшпаннан жәрдем күту. 4. Сараңнан қажет сұрау.
Бес парыз
1. Құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2. Намаз оқу. 3. Ораза тұту. 4. Садақа беру. 5. Қажылыққа бару.
Бес қару
1. Садақ. 2. Мылтық. 3. Найза. 4. Қылыш. 5. Айбалта.
Бес өсиет
1. Топасқа сенбе. 2. Жауға иілме. 3. Әрқашан сақ жүр. 4. Аш үйге қонба. 5. Жарлыдан сый алма.
Бес қатер
1.От. 2. Жау. 3. Борыш. 4. Ауру. 5. Сөз.
Алты игілік
1.Денсаулық. 2. Қазына. 3. Дос. 4. Әйел (жар). 5. Білім. 6. Бала (ұрпақ)
Алты парыз
Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар. Олар:
1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып).
2. Шақырса - бару.
3. Кеңес сұраса - ақыл қосу.
4. Сұрағына - жауап беру.
5. Ауырып қалса - көңілін сұрау.
6. Қайтыс болса - жерлеуге қатысу. (Мұхамбет пайғамбар)
Алты асқар
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл
Жеті жетекші
1. Адамның басшысы - ақыл.
2. Жетекшісі - талап.
3. Жолаушысы - ой.
4. Жолдасы - кәсіп.
5. Қорғаны - сабыр.
6. Қорғаушысы - мінез.
7. Сынаушысы - халық. (Саққұлақ би)
Жеті қазына
1. Ержігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы (ит).
Жеті жұт
1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ
1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
4. <<Ақылдың кені-асыл сөз>>
Қазақ- сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған. Тұла бойдың тылсым сырын жаяр лып еткен сезім, терең ой, арман-мұрат, мұң мен сыр- бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін.Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ.
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз - дария
Көп өнеге сөзі бар Сөзі - соқпақ, өзі нәр.
Салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң Тістерсің бір күн бармақты.
<<Аталы өсиет>>
Арман деген не?-депті жігіт.
-Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді,, бала өссем ,қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді, дейді.
Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды, Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді. - депті қарт.
Бақытты болу оңай ма?-депті қарт.
-Ата , жары жақсы болса, бақыт жанында ,-депті жігіт.
- жоқ балам, ақыл басында болса, жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен,-депті қария.
Дүниеде ең жақының кім?
Тату болсаң- ағайың жақын
Ақылшы болса-апайың жақын
Бауырмал болса-інің жақын
Ибалыболса-келінің жақын
Алдына тартқан адал асың
Қимас жақын-қарындасың.
Дүниеде не қымбат?
Алтың ұяң,Отан қымбат
Құт-береке атаң қымбат
Айнамайлатйын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тайың әкең қымбат
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
5. <<Ойлан,тап!>> сөзжұмбақ.
Ш
Е
Б
Е
Р
Л
7
І
8
К
Сөз жұмбақ
1. Сүт тағамы ?/ірімшік/
2. Киіз төсеніш/текмет/
3. Шаңырақ көтеретін құрал/бақан/
4. Киіз үйдің қабырғасы /кереге/
5. Киіз үйдің төбесі/ шаңырақ/
6. Уыққа жабылатын киіз./ туырлық/
7. Ұлттық кіим/ ішік/
8. Қыз баланың ұлттық бас киімі/ сәукеле/

Қазағымның салт-дәстүрлері жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске алады.
Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру - жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.
Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды. Бұл қылықтардың бәрі де әдепсіздік болып саналады.
Құран оқығанда күлуге болмайды. Құранды жерге тастауға болмайды. Өйткені, ол - киелі нәрсе.
Кісіге қарап бейберекет күлуге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ған бейберекет күле береді.
Адамға қарап керілмейді. Әдепсіздік болып саналады. Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.
Екі езуді керуге болмайды. Себебі бұл әдепсіздік болып саналады.
Ішекті тартуға болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.
Құдайға тіл тигізуге болмайды.
Тырнақты тістесе ырыс-несібе кетеді.
Түнде айнаға қарамайды. Адам түнде айнаға қарағанда қатты шошынуы мүмкін.
1. Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Себебі, ер азамат - әр отбасының тірегі. Сол себепті, ол ұстап отырған шаңырақтың төрі де, бас та, бәрі-бәрі тек үй иесінің құзырында болуы тиіс. Ал әкесі тірі адам ол отыратын төрге шығып, отағасы кесуі тиіс басты ұстаса, оған қиянат жасалды деген ұғымды білдіреді екен. Сондықтан да, әкесі жоқ адамдар ғана бұлай істеуге болады.
2. Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып, шығарып жібереді. Себебі, кей кездерде періштелер жылан бейнесіне еніп, жер бетін шарлайды екен. Сондықтан жылан кейпінде келгендердің кейбірі періште болуы да мүмкін деген түсінік бар.
3. Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған тұз. Сол үшін тұз төгілсе, ырыс төгіледі, дәм шамданады, үйден ас кетеді. Сонымен қатар жерге төгілген тұз еріп, жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген де ырым бар екен.
4. Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртеніп, соның салдарынан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай жасайды. Сол үшін мұндай жамандық шақырмас үшін бос бесікті тербетуге болмайды деп ырымдайды.
Бас киімді кез-келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе, аяқ астына тастамау керек. Мұның себебі, бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады. Басы айналып, тілі байланып, иманы қашады. Адам баласынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ.
Ойлы сөздер
Ойлағаныңыз тек оң болсын,
өйткені ойлағандарыңыз - сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын,
өйткені сөздеріңіз - әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын,
өйткені әрекетіңіз - әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын,
өйткені әдетіңіз - құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын,
өйткені құндылығыңыз - тағдырыңыз болады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz