Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Электр шамы

ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ

БЕКІТЕМІН
Оқу ісі бойынша директордың орынбасары
__________Гордиенко И.А.
<<____>> _______ 2015 ж.

Физика пәнінен ашық сабақ
Ж О С П А Р Ы
Электр тогының жұмысы мен қуаты
тақырыбы:

Құрастырушы
физика пәнінің оқытушысы
Байтасова Г.А.

Келісілді
ӘБ жетекшісі
_______Мухамедрахимова А.С.
___________2015ж.

Қарағанды-2015 ж

Сабақ жоспары
Курс: 1
Топ: П9-14-4
Мамандығы: Шаштараз өнері және сәндік косметика
Пән: физика
Өткізілетін күні: 30.03.2015 ж
Бағдарлама тақырыбы: Тұрақты электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты: оқушыларға электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру. Жұмыстың, қуаттың өлшем бірліктерін атауды үйрету. Күнделікті тұрмыспен байланыстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Зарядтар орын ауыстырғанда электр күші атқаратын жұмыс пен уақыт бірлігі
ішінде атқарылған токтың жұмысын көрсететін шама қуат және өткізгіштер қызған кезде бөлінетін жылу мөлшері жайлы мағлұматтар беру.
Тәрбиелік: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтай қабілеттерін дамыту, электр сұлбаларын талдай отырып, электр энергиясын үнемдеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өзіндік көзқарастары мен логикалық ойлау қабілеттерінің қалыптасуына, ойлау және ой жетілдігі дағдылары мен біліктіліктердің дамуына, топтық жұмыстар кезінде өзгеің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау, электр тогы жайлы білімдерін дамыта отырып, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстырып, практикада қолдана білуін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру түрі: жеке, топтық,фронтальді
Құзырлық/Компетенции:
түсінуі тиіс: электр өрісі атқаратын жұмыс - тоқтың жұмысы екендігін
ток тың жұмысы мен қуатын анықтауды
құндылық бағдары болуы: Электр өрісі- материяның бір түрі, кез келген электр аспабы уақыт бірлігінде энергия тұтынады.
жасай біледі: негізгі формулаларды пайдалана отырып,есептер шығару арқылы, күнделікті
тұрмыста токтың қуаты мен маңыздылығын түсіну.
Материалды-техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:
* Компьютер, мультимедиялық проектор, экран;
* Демонстрациялық презентация;
* Бейнероликтер, студенттердің презентациясы
* Жеке карточкалар, тест, топтық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс:
1.Электротехника негіздері-<<Тұрақты токтың заңдары>>
3. Математика-есеп шығару
4. Информатика-электронды презентация құрастыру
5. Сызу- сұлбалармен жұмыс
6. Қазақ тілі-және әдебиеті-мәтінмен жұмыс
7.Орыс тілі - терминдер
8. Ағылшын тілі- терминдер
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н.Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2006
2.Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. Физика /Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2001
3.Физика.Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы <<Шың>>-2007
4. Физика. Жұмыс дәптері 10 сынып,2008 ж

Сабақтың құрылымы

Сабақ
кезеңдері

Сабақ кезеңінің білімділік шарттарын орындау
Уақыты
Оқытушының іс-әрекеті
Студенттердің іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру
1.1. 1.1. Аудиторияның даярлығын бақылау
1.2 Студенттерге жағымды ахуал туғызу
2мин.
Сабаққа даярлық
Топ журналы.
2.Тіреулі білімді жаңғыртып түзеу.
2.1.Үй тапсырмасына теориялық сұраныс жасау.
2.2. Ширату.
2.3.Топпен жұмыс (презентация)
2.4. Электронды оқулық бойынша есеп шығару
2.5.Сергіту сәті
2.6. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы)
15мин
1.Студенттерді 4 топқа бөлу.
2.Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар тарту
3. Есеп шығару шартымен таныстыру
4. <<Өз жұлдызыңды тап>> тренинг өткізу
5. <<Нұрлы жол>> туралы түсінік беру
6. Сұрақ қою техникасы
1. Теориялық сұрақтарға толық жауап беру
2. Конверттер-
дегі тапсырмаларды орындау
3.Есеп шығару.
4.Психологиялық тренинг
5. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтарға жауап беру.

3.Жаңа сабақты меңгерту
3.1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын жариялау
3.2. Жаңа сабақты түсіндіру
- эдектр тогының жұмысы
- электр тогының қуаты

1 10мин.

1.Оқытушының кіріспе сөзі
2.Жаңа сабақ бойынша презентация көрсету
Мұқият тыңдау, тәжірибиелерге назар аудару, есте сақтау, негізгі анықтамалар мен заңдылықтарды дәптерге жазу.
4.Бекіту
4.1. <<Менің пәтерім>> кесте бойынша жұмыс
4.2.Физикалық диктант
4.3.Тесттік тапсырмалар
1 13 мин

Деңгейлік тапсырмаларды
орындау үшін нұсқаулар беру
Деңгейлік тапсырмаларды
орындау , талдау, қателіктерін түзеу
5.Сабақты қорытындылау

5.1. Білімді жүйелендіру, қорытындылау
5.2. Білімді бағалау.
5.3.Үйге тапсырма
5.4. Кері байланыс (рефлекция)
3.
5мин
1.Әр оқушы- ның білімін бағалап түсініктеме беру
2. Үй тапсырмасы бойынша нұсқаулар беру
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақ жөнінде жазып,тақтаға іледі

Сабақ барысы

Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
1.1. Аудиторияның даярлығын бақылау.
1.2 Студенттерге жағымды ахуал туғызу

Эпиграф: Ғылымды терең ұғынуға тырыссың,
Таныммен мәңгілік шөліңді қандырарсың.
Ең алғашқы танымың нұр болып жарқыраса,
Білімнің шексіз екенін сонда ғана білерсің.
Фирдауси

2. . Тіреулі білімді жаңғыртып түзеу.
2.1. Үй тапсырмасына теориялық сұраныс жасау.
1.Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогының пайда болу шарттарын ата ?
3. Тұрақты электр тогы дегеніміз не?
4.Тұрақты токтың қандай заңдарын білесіздер?
5.Электр тогын сипаттайтын қандай физикалық шамаларды білесіздер?

2.2. Ширату.

Өлшеуіш құралдарының (электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат) суреттерін әр түрлі фигураларға (мысалы электроскопты үшбұрышқып беске бөлеміз) қию арқылы аудиториядағы студенттерді 4 топқа бөлеміз. (ұшбұрыштар бір топ, квадраттар екінші топ, тіктөртбұрыштар үшінші топ, қисық көп бұрыштар төртінші топ)
Топтарға конверт таратылады.Берілген уақытта тапсырмалар орындалғаннан кейін, әр топ қарсылас топтардың жұмыстарын тексереді. (Өзара тексеріс)
1.конверт: Кроссворд
2.конверт: Тізбек
3.конверт: Есептер
4.конверт: Формулалар колейдоскобы

3. Есептер
1. Электр тізбегі ЭҚК-і 6 В, ішкі кедергісі 2 Ом ток көзінен және кедергісі 1 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?
2. Мыс сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 . Сымның кедергісі неге тең? ρ =0,017 Ом*мм2 /м (Жауабы 0,85 Ом)

4.<<Формулалар колейдоскобы>> Таблицаны толтырыңдар:
Физикалық шама
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Ток күші

Кернеу

Кедергі

Электр заряды

Электр сыйымдылығы

2.3 Топпен жұмыс (презентация) (әр топ үйден дайындап келген презентациясын көрсетеді)
1. Ток күші
2. Электр кернеуі
3.Кедергі. Ом заңы
4. Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау

2.4 Электронды оқулық бойынша есеп шығару
2.4.Сергіту сәті: Психологиялық тренинг. <<Өз жұлдызыңды тап>> (Күй ойнайды. А.Еңсепов) 5 мин
(Көздеріңізді жұмыңыз). Жұлдызды аспанды көз алдыңызға ойша елестетіңіз. Оған зер сала қарап, өзіңе ұнаған жұлдызды таңдаңыз. Қолыңызды созып, мақсатқа жету үшін бар қуатыңызбен, бар күшіңізбен жұмыстанып, өз жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан жұлдызды мұқият түсіріп алыңыз, алдыңызға ептеп қойыңыз. (Көзіңізді ашыңыз). Енді қолымыздағы жұлдызымызды <<Нұрлы Жол>> Жаңа Экономикалық Саясат кезеңіндегі Қазақстанның мүмкіндіктеріне арнайық. <<Жоғары білім сапасы ең жоғары талаптарға жауап беруі тиіс>> деп Елбасы айтқандай бар күш қуатымызды, қолымыздағы жұлдызды сәтімізді осы мақсатқа пайдаланайық.
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі
<<Нұрлы жол>> - жастар жолы!
Жолдауда ел жастарының алдына айқын мақсат-міндеттер қойылып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, себебі Отанымыздың бет-бейнесі және оны келесі ұрпаққа қалай тапсыра алатынымыз жас ұрпақтың белсенділігіне байланысты.
2.5. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (5 минут)
1. Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
2. Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)
3. Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)
4. Қуат неге байланысты? (жұмыс)
(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)

3.Жаңа сабақты меңгерту
3.1 Сабақтың мақсаты мен тақырыбын жариялау
3.2. Жаңа сабақты түсіндіру
Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс
өндіреді. Оны ток жұмысы деп атаймыз. Қыздыру шамының қылы, электр двигательдерінің
орамалары және т.б. арқылы t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q заряд өтті делік.
Сонда электр өрісі А=qU жұмыс өндіреді. q=It болғандықтан А= I U t . Тізбектің
бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа
көбейтіндісіне тең.
Кез келген электр аспабы - электр шамы, электр двигателі т.б., уақыт бірлігінде белгілі бір
энергия тұтынуға негізделген. Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы зор.
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:

4.Бекіту кезеңі

1.Әр айдың соңында әрбір отбасы электр энергиясын төлеу үшін түбіртек алады.Парталарыңда электр энергиясын төлеу түбіртегінің үлгісі жатыр. Әрине электр энергиясының шығынын электр санауыштың көрсеткіші бойынша есептедік.Ал формулаларды пайдаланып электр энергиясының құнын қалай есептеуге болады?

Мекен жайы:________________________________________

Аты-жөні:__________________________________________

Есептеу түрі
Есеп көрсеткіші
Шығын
(кВт*сағ)

Тариф,
тг
Төлемі
(тг)

Есеп көрсеткіші бойынша

01.03.2015
01.04.2015

94 кВт*сағ
8,38
787,72 тг

1234

1328

Барлық студенттердің алдында таратпалар жатыр.Әр электр аспаптарының 2 сағат ішіндегі тұтынған электр энергиясының құнын есептей керек.

Аты-жөні___________________________________
Аспап
Қуат, Вт
Кернеу, В
Ток күші, А
Уақыт, сағат
Жұмыс,
кВт*сағ
Құны, тенге
Электр шамы
60
220

2

Кір жуғыш машинасы
1800
220

2

Электр шәйнегі
2400
220

2

Шаңсорғыш
1200
220

2

Тариф= 8,38 тенге
Электр энергиясын үнемдеңдер!

Физикалық диктант
1. Зарядталған б..........ң реттелген бағытталған қозғалысы э....р тогы деп аталады.
2. Уақыт бойынша өзгермейтін т... тұ....ы ток деп аталады.
3. Өт...гіштің кед..гісі- берілген өткізгіштің б...мен өтетін токқа жасайтын кедер..сін к..сететін шама
4. Ті..ек бөлігі а..ылы өтетін ток к.ші кернеуге тура про..ционал, кедергіге к..і пропорционал.
5. Ток күші А....рмен өлшенеді.
6. Қ.ат деп жұ..сты атқару шап.аңдығын си...тайтын шаманы атайды.
7. Эле..тр тог.ның жұм.сы - ток кү.і, кер..у және жұмысты іст.уге кеткен уақ..тың көбейтінді..не тең.
4.3 Тестік тапсырмалар
1. Электр тізбегіндегі кернеудің токқа қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?
А. Ток күші.
В. Кернеу.
С. Кедергі.
Д. Жұмыс.
Е. Қуат.
2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?
А. 2 Ом
В.10 Ом.
С. 4 Ом.
Д. 18 Ом.
Е. 3 Ом.
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е. Тізбектей және біртіндеп
4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е. Параллель және біртіндеп
5. 7 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?
А. 0,7 А.
В. 700 А.
С. 7000 А.
Д. 0,007 А.
Е. 0,07 А.
6. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
А. R=U/I.
В. R=UI.
C. R=I/U.
Д. R=ρS/L.
Е. m=kIt.
7. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш қалай аталады?
А. психрометр.
В. термометр.
С. амперметр.
Д. конденсатор.
Е. трансформатор.
8. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?
А. Греция.
В. Англия.
С.Ресей.
Д. Франция.
Е.Италия.
9. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А. Амперметр, тізбектей
В. Амперметр, параллель
С. Вольтметр, тізбектей.
Д. Вольтметр, параллель
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
10. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?
А. 120 В.
В. 220 В.
С.360 В.
Д. 380 В.
Е. 36 В.

2 нұсқа.
1. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
2. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
А. 6 Ом.
В. 5 Ом.
С. 1,5 Ом.
Д.2 Ом.
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
3. Электр тоғының өлшем бірлігі қандай?
А. Ампер.
В. Вольт.
С. Кулон.
Д. Фарадей.
Е.Ом.
4. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
А. Ом/ метр.
В. Ом*метр.
С. Ом.
Д. В/Ом.
Е. А*Ом.
5. Толық тізбек үшін Ом заңы бойынша қалай өрнектеледі?
А. I=ε/R+r .
В. Q=I2 RT.
С. R=I/U.
Д. I=U/R.
Е. R=ρS/L.
6. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
А. В
В. А.
С. Вт.
Д. Дж.
Е.Ом.
7. Ішкі кедергінің өлшем бірлігі қандай?
А. Ом*м. В. А. С. Ом. Д. Вт/с. Е. Дж
8. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 Ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
А. 150 В
В.15 В.
С. 6 В.
Д. 10 В.
Е.25 В.
9. 10 кВ кернеуді вольтпен өрнекте?
А. 0,10 В.
В. 10000 В.
С. 100 В.
Д. 1000 В.
Е. 0,1 В.
10. Зарядталған бөлшектердің электр өрісінің әсерінен реттелген қозғалысы қалай аталады?
А. Аккумулятор.
В. Электр өрісі.
С. Электр шамы.
Д. Электр тогы.
Е. Генератор.
Жауаптары:
I нұсқа
II нұсқа
1. С
1.С
2. А
2. В
3. А
3. А
4.С
4. В
5.С
5. А
6.А
6. А
7.Д
7. С
8.А
8. А
9.А
9. В
10.В
10.Д

5. Сабақтың қорытындылау кезеңі
5.1. Білімді жүйелендіру, қорытындылау
5.2. Білімді бағалау.
Жұмыс түрлері
Топтар

Электроскоп
Вольтметр
Амперметр
Реостат
Ширату

<<Менің пәтерім>> кесте

Физикалық диктант

Тестік тапсрымалар

Барлығы

5.3.Үйге тапсырма: §9.8
(<<Менің пәтерім>> кесте)

Менің пәтерім
Аты-жөні___________________________________
Аспап
Қуат, Вт
Кернеу, В
Ток күші, А
Уақыт, сағат
Жұмыс,
кВт*сағ
Құны, тенге

220

220

220

220

220

220

220

220

220

5.4. Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.)
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі .

Ұқсас жұмыстар
Электр кедергісі деп нені түсінесіндер
Электр кернеуін өлшейтін құрал
Электротехникалық жұмыстар
Генераторлар. трансформаторлар. 8-сынып
Қыздыру шамдары
Электр тогының жұмысы мен қуаты формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Электрқыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
Электр тогының әрекеттері
Электр материалдары
Тұрмыстық электр құралдарды өңдеу
Пәндер