4-сыныпқа арналған Сәбит Мұқановтың Жылқы әңгімесі бойынша сабақ жоспары

/4-сынып/

Өткізген: бастауыш класс мұғалімі А. А. Ажибаева

Тақырыбы : "Жылқы" . Сәбит Мұқанов .
Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыру ; мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру ; мәтін бойынша танымдық тапсырмалар беру, өз ойларын тұжырымдап жеке, топта жұмыс жасау . Көп ізденуге, бірін - бірі тыңдап, өз. ойын, ірікпей айтуға дағдыландыру . Төрт түлікті күтіп баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
: Ой қозғау, топпен жұмыс, эссе жазу .
Пәнаралық байланыс
: Музыка, Математика, қазақ тілі.
Көрнекіліктері : С. Мұқановтың суреті, кітап көрмелері, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жылқымен түскен суреті, Батырлардың серігі аттарымен, қостың суреті. «Жылқышы» күйі. Презентация.
Күтілетін нәтиже : 1. Оқушылар жылқы малының ерекше қасиеттерімен жан - жақты танысуы.
2. Тебін, қос мағынасын түсінуі.

3. Жылқы шаруашылығы жөнінде мәлімет алуы.

I - Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз

Сәлем бердік баршаға Құрметпенен Біз!

II - Үй тапсырмасын тексеру:1. «Шоңайна»ойыны арқылы

Көзі, көзім, көзім

Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді,

Көзінді жұм абайла.

«Алтын» балық таратылады.

-Қандай балық? (Алтын, тілек орындайды)

- Олай болса, көздерімізді жұмып, бір-бірімізге, өзімізге тілек, сәттілік тілейік.

2. »Алтын» балықтың тапсырмаларын орындау

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Қызығушылықты ояту . «Жылқышы « Күй әуені

Жылқышы кім?
2. - Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз төрт түліктің бірі «Жылқы» яғни бұл мәтінді кім жазған екен? С. Мұқанов.
С. Мұқановпен 3-ші сыныптан бері таныспыз. Бұл кісі кім? кәне еске түсіріп өтейікші.
С. Мұқанов туралы не білеміз? (Слайд) сұрқ-жауап
- С. Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. 14-15 жасынан бастап өлең жазып бастаған. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.
- Ия, дұрыс айтасың. Бұл кісінің 3-ші сыныпта қандай әңгімелерімен таныстық?
- «Көкшенің көрінісі» және «Шыбынсыз жаз»
- дұрыс айтасыңдар. Олай болса жоғарғы сыныпта ана тілі пәнінің орнына әдебиет пәні болады. Сонда С. Мұқановтың мынадай шығармаларымен танысасыңдар «Өмір мектебі», «Ботагөз » романы, «Сұлушаш»- поэмасы, «Ақ аю», «Балуан шолақ» повесі шығармаларымен толығырақ танысасыңдар. Өмір мектебі шығармасынан «Жылқы» әңгімесінен үзінді беріп отыр екен. Жылқының ерекше қасиеттерімен, жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз, және жылқы шаруашылығы жөнінде түсінік аламыз.

3. Тосын сый . Кенеттен дыбыс. (слайд)

4. Құтқару керек . 1. Жылқы туралы не білесіңдер?(төрт түлік мал, малдың -патшасы)
2. Жасына қарай атауын:
1 . Құлын.
2. Жабағы.
3. Тай.
4. Дөнен.
5. Құнан.
6. Бесті.
7. Ат.
3. Жылқыда не жоқ? (өт)

4. Жылқы пірі? (Қамбар ата)

5. Ұлттық ойындар. (көкпар, аударыспақ, бәйге, теңге ілу, жарыс, қыз қуу)

6. Қандай Мемлекет рәмізінде жылқы бейнесі бар? (Елтаңба)

7 . Жеті қазынаның бірі.

8. Қалай шақырамыз? (құрау-құрау) Қазақ тілінде қандай сөз табына жатады? (Одағай?)

5. Мағынаны ашу. Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер Сары, қызыл, көк гүлдер

Жайнар кезім келді»- деп Т. Молдағалиев жырлағандай . (Гүл жинау)

Топқа бөліну: «Ой қозғау ойыны» Жасырылған топтың атын табуы тиіс. Қазақ тілі пәні-байланыс.

Тапсырма:1-топ. «Өнерпаздар». Мәтін мазмұның мұқият түсініп оқып шығу. Табиғат көрінісін беретін жолдарды оқу және суреттеу.

2-топ. »Тапқырлар». Мәтінді оқып шығып, жылқының аналық мейірімі айтылатын тұсты табу. Жылқы туралы мақал-мәтелдер жазу.

3-топ. »Ойшылдар». Мәтінді түсініп оқу. Мақан жылқышының сөзін табу.

Және жылқы қасиеттерімен Салауатты өмір салты негіздерін салыстырып көру.

Венн диаграммасын құрастыру.

6. Сөздік жұмыс : Қос көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.

Қоста кім тұрған?(жылқышы)

Жылқышының еңбегі қандай?(ауыр)

Жылқышының ең ауыр кезеңі қашан?(кыс кезеңі) Қыста олар қоста өткізеді.

Жылқышы қосы күнде көшіп жүретін баспана.

ІҮ. «Сергіту» сәті «Жылқышы» әні

Жаттығулар: «Ат жүрісі», «Жылқышының шабысы»

Ү. «Қоржын» -тосын сый

Екінші рет топқа бөліну. (қымыз, ет, тері)

  1. Әр топ кесте толтыру.
  2. «Егер мен жылқы шаруашылығын дамытытын кәсіпкер болсам», не істер едім? Қалай дамытар едім. ?

3. Презентация қорғау. Постер.

4. . (математика ) Болжамды есептеулер


Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқановтың Жылқы әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Сәбит Мұқановтың Лашын әңгімесі бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған С. Мұқановтың Жылқы әңгімесі бойынша сабақ аннотациясы
Сабақ жоспары: Сәбит Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау
7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары: Сәбит Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау
4-сыныпта С. Мұқановтың Жылқы әңгімесіне арналған әдебиеттік оқу сабағының жоспары
Сәбит Мұқановтың Сұлушаш поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу пәні: Жылқы туралы сабақ жоспары
Сәбит Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау: 7-сынып әдебиеті сабағы
7-сынып: Сәбит Мұқановтың Есіл бойында әңгімесін талдау - Мырзатай бейнесі мен пейзаждық ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz