Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұқыпты оқушы

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: <<Қайырымдылық>> Мағзұм Сүндетов
Сабақтың мақсаты: М.Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, қайырымдылық жасай білуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
1. Мәтіннің <<Қайырымдылық>> деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;
2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;
3. Қайырымдылыққа тағы не жататынын білу;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Негізгі идеялар: Қайырымдылық -- адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі -- рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі -- іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, СТО стратегиясы, ЖИГСО, акварюм, кезбе тілші. топпен жұмыс ,рефлексия, өзін-өзі бағалау.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: жазушы М.Сүндетовтың портреті,суреттер,мақал-мәтелдер, бейнефильм, актиф студио.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Топ ережесін құру;
Үй тапсырмасын тексеру:
Кезбе тілші стратегиясы .
Жетелеуші сұрақтар:
1. Жерге түскен торғайдың хәлі қандай еді?
2. Сұр жылан қандай күш көрсетті?
3. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?
4. Ақбілек деген кім?
5. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?
<<Ой қозғау>>
Бейнефильм көрсету.
<<Қайырымдылық>>- сөзіне ассоциация құру
-Оқушылардың оз пікірлерін тыңдау. Қосымша түсіндіру. Қайырымдылық -- адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі -- рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі -- іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Сабақтың мақсатымен таныстыру: Балалар, бүгін біз (179бет)
М. Сүндетовтың <<Қайырымдылық>> мәтінімен танысамыз.
Ортаға автор жайлы мәлімет жинап келген оқушыларды шақырайық.
Авторы туралы мәлімет.
Мағзұм Сүндетов 1936 жылы Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкісіне дүниеге келген.
Еңбектері: <<Жол айрығы>>, <<Күтем сені Дидар>>, <<Еліктің лағы>>, <<Қызыл ай>> т.б

ІІ. Мағынаны ажырату:
Оқулықпен жұмыс. <<ДЖИКСО>> әдісі.
1,2,3,1,2,3 бес топқа бөлінеді
Басқа топта талдау
Өз тобында талдау сұрақ дайындау
Акварюм
Мәтінді оқыту, ат қою, бөлімдерге бөлу.
1/Ұқыпты оқушы
2/Мұхтардың күшікке көмегі
3/Мейрімді ана
Сөздік жұмысы.
Бәкене - аласа;
Қақ - іркіліп қалған жауын суы.
ІІІ. Ой толғаныс:
Мәтінді талқылау
1-топ: Кейіпкерлерге хат жазу.
2- топ: Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу.
Мақал - мәтелдің мазмұнын ашу, мәтінмен байланысын табу:
1)Ақылды ісіне сенеді
Ақымақ күшіне сенеді
2 ) Жақсыдан үйрен
Жаманнан жирен
3 )Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді
4)Жақсыға жасаған жақсылық өмір бойы тозбайды.
5) Мейрімділік жүректен
Мейрімсіздік білектен
6) Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында
3- топ: Мұхтарға мінездеме беру.
4,5- топ: Айналмалы сұрақ.
Қорғауға
Сарапшы топқа
Бағалау:

Оқушының аты-жөні: №

Балл
(1-3)
1. Үй тапсырмасын толық орындадым

2. Мен талқыланған тақырыпты талдау жасай алдым.

3. Мен мәселені жан-жақты қарастырып, жалпылама, қорытынды жасадым, өз ойымды және болжамдарымды ортаға салып айтып отырдым.

4. Мен барлық ұсыныстарымды нанымды түрде дәлелдей алдым.

5. Талқылау барысында мен басқалардың пікірлерін мұқият тыңдадым, олардың сөздерін бөлмей, олармен санасып отырдым.

Барлығы :

Рефлексия: (1 мин)
Бүгінгі сабақта сен үшін не қызықты болды?

Не үйрендік?

Не білдік?

Үйге тапсырма. Эссе жазу <<Қайырымдылық>>

<<Көпбейінді №3 мектеп- гимназиясы>> КММ
2014-2015 оқу жылы

Ашық сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу

Мағзұм Сүндетов

Сыныбы: 3 <<а>>
Мұғалімі: Кенжина М.К.

Өскемен қаласы, 2015ж
Сабақ туралы рефлексиялық есеп.
Әдебиеттік оқу сабағы.
Өтілген сыныбы: 3 <<а>>
Сабақтың тақырыбы: С. Сүндетовтың <<Қайырымдылық>> мәтіні . Сабақтың мақсаты: М.Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, қайырымдылық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, СТО стратегиясы, ЖИКСО, акварюм, кезбе тілші. топпен жұмыс ,рефлексия, өзін-өзі бағалау.
Кембридж оқыту тәсілдерін қолдану жолдары жайлы біз коучин сабақтар кезеңінде біраз ақпарат алып, білімімізді толықтырып жатырмыз. Енді сол теорияны сабағымда іс-тәжірибемде қолдануға тырыстым. Әрине, қандай да бір істі бастамас бұрын кез-келген адам нақты бір дүниеге сүйенері сөзсіз. Мен де осы сабағымды бастамас бұрын мұғалімдерге арналған нұсқаулықты негізге алдым. Өзімнің бұл сабағымда жеті модулді негізге ала отырып сабақ жоспарын құрып алдым.
1. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқытудағы ақпараттық- коммуникациялық технологиялрды пайдалану;
5. Талапты және дарында балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;
7. Оқытудағы басқары мен көшбасшылық;
Осы модулдерді сабақ барысында қалай және қай жерлерде пайдалануға болатындығын ойладым. Сабақ бастамас бұрын сыныпты оқушылардың ерекшеліктерін ескре отырып топқа бөліп отырғыздым. Сабақ барысында белсенді, тиянақты қатысулары үшін ең алдымен ұйымдастыру кезеңінде әдетімізше топ ережесін топта өздеріне құрдырдым. Осы жұмысты қолдану барысында байқағаным оқушылар топ ережесін өздері құрғандықтан, оны бұзбауға тырысады, сақтайды. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрауда оқушылар үшін жаңа әдіс кезбе тілші әдісін ұйымдастырдым. Әрине бірінші көшбасшылығы басым оқушы Аружан өзі сұранып ортаға шықты.
Aлдыңғы caбaқтaн aлғaн білімдерін, бүгінгі caбaқтa қолдaну мaқcaтындa cұрaқтaр қойғызып, жaуaп aлдым. Окушылардың білімін жан - жақты тексеріп алған соң, топтaрғa бaғaлaу критериялaры жaзылғaн пaрaқ тaрaттым. Caбaқ cоңындa әр оқушы оcы критериялaр бойыншa өздерінді-өздерін бaғaлaйcындaр деп түcіндірдім. Сондай-ақ бір топты <<сарапшы топ>> етіп тағайындадым.
Қызығушылықты ояту : Жaңa caбaқтың тaқырыбын aшу үшін интербелcенді тaқтa aрқылы cыни тұрғыдa ойлaту мaқcaтындa <<Қайырымдылық- ең жақсы байланыс!>> тақырыбында бейне фильмді көрсеттім, cыни тұрғыдa ойлaнaтын cұрaқ қойдым. Бұл бейне фильмнен қандай ой түйдіңдер, кейіпкерлердің іс әрекеті туралы не айта аласыңдар?
Оқушылар ойларын жеткізуде нақты жауапқа келуі үшін біраз жетелеуші сұрақтар қойылды. Бұл жұмыста сабақтың тақырыбына кіру мен үшін өте сәтті болды. Мәтін авторымен таныстыруда уақытты тиімді пайдалану үшін, сондай- ақ оқушылардың өз бетімен іздену жұмыстарын жетілдіру үшін автор жайлы біліп келу үйге берілді.
Мәтінмен таныстыруда Жигсо әдісін қоланып топта 1,2,3 сандарына бөлініп , мәтінді бөліктерге бөліп оқып, оқушылар екінші рет топтарға бөлініп бір- біріне түсіндірді, сөздік жұмыс жүргізілді. Оқушлар топтарда жұмыс істеу барысында бірін- бірі оқыту арқылы бір- бірі оқу үшін жетеледі, яғни орыс тілді оқушылар түсінбеген сөздерін басқа топ мүшелерінен сұрай отырып мәтінді түсінді.
Сабақтың негізгі идеясын ашу үшін оқушыларды тапсырмаларға бағыттай отырып, нәтижеге жетуге тырыстым, тапсырмаларды орындауда акварюм әдісі бойынша жүзеге асты. Оқушылар 3 топтың жанына жиналды. Бұл топтағы балар 1,2,3 бөлім бойынша мәтіннің мазмұнын айтып берді. Ал қалған топтар оларға кезекпен сұрақтар қойды. Бұл жерде түсіндіруші топта толық айтылман ойды басқа тыңдаушы топ мүшелері жалғап толықтырып отырды.
Ой толғаныс кезінде алған білімдерін <<айналмалы сұрақ>>, <<хат жазу>>, <<ассоциация, кластер>> әдістері арқылы қорытындылады. Бұл жерде оқушылар топта жұмыс істегенде түрлі мүмкіндіктерге ие болды. Айналмалы сұрақ қою арқылы оқушылар мәтіннің ең маңызды бөліктеріне тоқталды. Хат жазу арқылы оқушылар мәтін кейіпкерлерінің іс- әрекеттеріне сыни көзбер қарай отырып баға берді. Оларға үндеу жасады, мадақтады. Өздерімен салыстырды. Ал басты кейіпкерге мінездеме беруде оқушылар тек сипаттап қана қоймай мәтіннее нақты дәлелдерді келтірді.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйретуде оқушылар алған білімдерінне сыни көз қараспен қарай отырып кері байланыста <<Бүгінгі сабақта сен үшін не қызықты болды? Не үйрендік? Не білдік? >> анықтады. Сарапшы топ сабақ барысында белсенді қатысқан оқушыларды, немесе ойын толық жеткізе алмаған оқушыларды, топтарды бағалап өтті. Өз кемшіліктерін өздері айтып, оны түзету жолдарында айта білді.
Сабақ барысында оқушылар жақсы нәтиже көрсетуге тырысты, сабаққа белсен қатысты. Сондай- ақ сабақ барысында сыныптағы көшбасшы оқушылардың басқа оқушыларға көмек көрсетулері маған қатты ұнады. Бұрын сабаққа селқос қарайтын оқушылар топтық жұмыста белсенділік танытты.

Ұқсас жұмыстар
Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім
Сынып жетекші портфолиосы
Кітаптар ауруханасында
Есімдіктің мағыналық түрлері
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Мұхтар қандай оқушы
Кітап ғажап дос
Еңбекке баулу пәнінен қайталау сабағы
Сыйласаң, сыйлы боласың
Ұқыпты бала - әдепті бала. 3 сынып
Пәндер