Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шартты оператор. Сабақты бекіту

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

Паскаль программалау тілінің
шартты операторы .
(9сынып)

Пән мұғалімі: Ж. И. Ильясова

Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінің шартты операторы .
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Паскаль тіліндегі тармақталу процестері бар алгоритмдерді
ұйымдастыру үшін қолданылатын шартты операторлармен
таныстыру, соның ішінде IF шартты операторының көмегімен
есептер шығаруға және оқушыларды өз бетімен шартты операторға
алгоритм, программа құруға үйрету, оқушылардың ойлау
қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру.

ә) Тәрбиелігі: Ұйымшыл болуға, тәртіптілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: Жылдам ой қорыту, тапқырлық , тиянақтылық қасиеттерін
одан әрі дамыту және оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін дамыту
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқу құралдары: оқулықтар, жұмыс дәптері, компьютер, интерактивтік (белсенділік)
тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең.
2.Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесінен қысқа нұсқау.
3. Жаңа сабақ.
4.Сабақты бекіту.
5.Сабақты қорытындылау .
6.Үй тапсырмасын беру.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Жұмыс журналын толтыру, оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
ІІ.Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесі.
oo Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді өшіріп айыруға болмайды.
oo Компьютердің артқы жағына және проводтарды қолмен тартқылап ұстауға болмайды.
oo Дымқыл қолмен және киіммен жұмыс істеуге болмайды.
oo Пернетақтаның пернелерін қаламмен басуға, үстіне шынтақпен жатуға болмайды.
oo Өз орныңнан тұрып сынып ішіне жүгіруге болмайды.
oo Өзге дыбыс немесе иіс шығып тұрса лезде мұғалімге немесе зертханашыға хабарлау керек.

ІII. Жаңа сабақ.
Жаңа операторларды бастай отырып оқытушы оқушылардың назарын бұрын қарастырылған алгоритмдердің бәрі сызықтық алгоритмдер екенін, яғни қарапайым командалардан тұратынын түсіндіреді.
Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдалынылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты атқарылады. Паскальда екі шартты оператор бар олар IF және case.
IF шартты операторы - программадағы іс - әрекеттердің орындалу реттіліген өзгертетін мүм кіндіктің ең кең тараған тәсілі. Оның синтаксистик диаграммасы мына турде болады.
2-оператор
1-оператор
THEN
IF
Өрнек
ELSE

Диаграммада көрсетілгендей бұл операторлар мына түрде жазылады:
IF <шартты өрнек>
THEN <1 - оператор>
ELSE <2 - оператор> ;
немесе қысқартылған түрде
IF <шартты өрнек>
THEN <1 - оператор> ;

IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, THEN (онда) сөзінен кейін жазылған 1 - оператор атқарылады, онда ELSE <2 - оператор> атқарылмайды. Екінші жағдайда, шарт мәні FALSE (жалған) болса яғни теріс болып шықса, ELSE <2 - оператор> атқарылып, 1 - оператор атқарылмайды.
IF операторлары бірінің ішіне бірі кіріп, қабаттасып орындала береді. Әдетте шарт өрнегін жазу үшін салыстыру, яғни қатынас белгілері =, >, >=, <, <=, <> жиі пайдаланылады.

Тармақталудың орындалу түрлері:

Блок - схема
Алгоритмдік тіл
Pascal
Тармақталудың толық формасы

1-оператор;шарт2-оператор;ияжоқ

Толық түрі:
Егер шарт
Онда 1серия
Әйтпесе 2 серия

Қысқартылған түрі:

Егер шарт
Онда серия
Әйтпесе
Шартты оператор:

If шарт then
1 серия
else begin 2 серия
еnd.

Қысқартылған түрде else қызметші сөзі және сәйкес командалар сериясы болмайды. Егер серия бір командадан тұрса, онда
begin ... еnd; операторлық жақшаларын жазбауға болады.

Енді мысалдар қарастырайық.
1 мысал: Екі А және В саны берілсін. Екі санның үлкенін табу алгоритмін және программасын құрайық.
Алгоритм
программа

Алг ЕСУ (арг нақ А,В, нәт нақ У)
Басы
Енгізу А,В
Егер А>В
Онда У:=А
Әйтпесе У:=В
Бітті
Шығару У
Соңы.

Program ESY;
Var a, b, y: real;
Begin
Readln (a, b);
If a>b then y:=a else y:= b;
Writeln (`y=', y);
End.

Х+2, х<0;
2 мысал: у=
2х2, х>=0.

Program esep2;
Var x, y : real;
Begin
Write(`x-ті енгізіндер:');
Readln (x);
If x<0
Then y:= x+2
Else y:= 2*x*x*x;
Writeln(`y=',y);
Write (`есептеу бітті');
End.

IV. Сабақты бекіту :
1. Қандай жағдайларда шартты операторлар пайдаланылады?
2. Шартты оператордың жазылуының қандай түрлері бар?
3. Шартты оператордың жазылу пішімі қандай?
4. шартты операторға мысал келтіріңдер.
5. Тақтаға тармақталу командасының блок - схемасын кескіндеңдер.
Практикалық кезеңде оқушылар екеуден жұптасып бөлініп біреуі алгоритмін құраса, екінші оқушы программасын жазып есептер шығарады және келесі есепте орын алмасады.
1есеп:
2х-5, х>=0,
У=
4x[2]+9, x<0 функциясын есептеудің алгоритімі мен программасын құру керек.

Алгоритм
программа

Алг Есеп1(арг нақ Х, нәт нақ У)
Басы
Енгізу Х
Егер Х > В
Онда У:=2Х-5
Әйтпесе У:=4Х2+5
Бітті
Шығару У
Соңы.

Program ESEP1;
Var x, y: real;
Begin
Readln (x);
If x>0 then y:=2*x-5 else y:= 4*sqr(x)+9;
Writeln (`y=', y);
End.

2 есеп: Үш сан берілген. Олардың ішінде мәні теріс санды квадраттаңдар.
Алгоритм
программа

Алг Есеп1(арг нақ Х,Y,Z нәт нақ X,У,Z)
Басы
Енгізу Х,Y,Z
Егер Х<0
Онда X:=Х*X
Егер Y<0
Онда Y:=Y*Y
Егер Z<0
Онда Z:=Z*Z
Бітті
Шығару X,У,Z
Соңы.

Program ESEP2;
Var x, y,z: real;
Begin
Write (`x,y,z сандарын енгізу');
Readln (x,y,z);
If x<0 then x:=sqr(x) ;
If y<0 then y:=sqr(y) ;
If z<0 then z:=sqr(z) ;
Writeln (x:6:2);
Writeln (y:6:2);
Writeln (z:6:2);
End.

V. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың шығарған есептерін тексеріп және сабақ барысында қатысуларына байланысты бағалау.
VI. Үй тапсырмасын беру: 3.5 тақырып шартты оператор. №2, №7 жаттығулар 86бет.

Ұқсас жұмыстар
Қайталау операторы
Шартты көшу операторы
Паскаль тіліндегі тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
"Таңдау операторы."
Паскаль бағдарламалау тіліндегі шартты оператор және таңдау операторы
Шартты оператор
Visual basic ортасында программа құру поцесінде шартты операторды пайдалану
Таңдау операторының жазылуы пішімі
Тармақталу алгоритмі. Шартты көшу операторы
Пәндер