4-сыныпқа арналған септік жалғауларын қайталау сабағының жоспары

№ 2 ОМ МДШО

Сабақтың тақырыбы: Септік жалғауларын

қайталау

4- сынып

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Қалиев Д. А.

2014-2015 оқу жылы

03. 04. 15
Қазақ тілі
4-сынып
03. 04. 15: Сабақтың тақырыбы
Қазақ тілі: Септік жалғауларын қайталау
03. 04. 15: Сілтеме
Қазақ тілі: жоспар
03. 04. 15: Жалпы мақсаты
Қазақ тілі:

Септік жалғауларын еске түсіріп, тарау бойынша алған білімдерін бекіту. Оқушылардың сауатты жазу, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сөздердің дұрыс қолданысын практикада жүзеге асыру.

03. 04. 15: Оқу нәтижелері
Қазақ тілі:

Оқушылардың ой ұшқырлықтары, ойлау жылдамдықтары артады.

Балалар өздігінен сөздерді септей алады, тапсырма орындай отыра білімдерін бағалай алады.

Балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктері артады.

03. 04. 15: Негізгі идеялар
Қазақ тілі: Сабақта алған білімдерін, жаңа сөздерді оқушылар практика жүзінде қолдана алады.
03. 04. 15: Тапсырмалар
Қазақ тілі:
  1. Тақырыпты ашу ( қосымша №1слайд)
  2. Жұмбақ өлеңді шешу ( қосымша № 2-9 слайдтар)
  3. Постерге берілген сөздерді септеу (қосымша № 11слайд) топпен жұмыс
03. 04. 15:

Оқушыларды бірден үшке дейін санау арқылы үш топқа бөлемін. Оқушылар өздеріне тиген нөмір бойынша парталарға отырады. (1 минут)

1-тапсырма (5 минут)

Мақсаты: Интерактивті тақтадағыребусты және жұмбақ өлеңді шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Жұмбақ өлеңді шешкеннен кейін оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды. Жауабын кітапта126 беттегі Қ. Мырза-Әлінің өлеңімен тексереді.

(Өлеңді оқушыға оқытамын)

2 -тапсырма

Мақсаты : Төмендегі сөздерді септеу. Топпен жұмыс (2 минут)

(«Температура» әдісін қолданамын) Оқушыларды жұмыс уақытында тоқтатып, «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұраққа жауап аламын.

Топтар өзара бірін-бірі постер қорғағаннан кейін, «Бармақпен бағалау» әдісі арқылы білімдерін анықтайды. (3 минут)

03. 04. 15:

Бекіту

(4 минут)

Қазақ тілі: Сәйкестендіру танымдық ойыны. Оқушылар тақтада берілген септік тұрлері мен сөздерді жалғауларына қарай сәйкестендіреді.
03. 04. 15:

Кері байланыс

(2 минут)

Қазақ тілі:

Оқушылар сабақ соңында «Жетістік баспалдағы» арқылы өздерінің жетістіктерін көрсетіп, мұғалімге тапсырады.

03. 04. 15:

Бағалау

(3 минут)

Қазақ тілі: Топта отырып оқушылар өздерін дескрипторлар арқылы бағалайды. Дескрипторлар ортақ талданып түсіндіріледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Калиев Д. А.


Ұқсас жұмыстар
10-сыныпқа арналған кіріктірілген аралас сабақ жоспары: Біздің отбасымыз - отбасы тақырыбы мен септік жалғауларын қайталау
Уақыт. Сағат неше? - сөздік қорды кеңейту және септік жалғауларын меңгертуге арналған сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: септік жалғауларды қайталау
4-сыныпқа арналған Сын есімдерді қайталау сабағының жоспары
4-сыныпқа арналған Шығыс септік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
5-сынып қазақ тілі: көптік, септік, жіктік және тәуелдік жалғауларын пысықтауға арналған сайыс сабағы
Мамандықтар және зат есімнің жалғауларын қайталау
5-сынып: Екі дос мәтіні және септік жалғауларын үйрету бойынша сабақ жоспары
Менің Отаным: тәуелдік пен септік жалғауларын пысықтау және Отан туралы білімді бекіту
Көмектес септік: қазақ тілі сабағының жоспар-әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz