Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивті есеп

С есебі

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивті есеп

Бүгінгі таңда бар әлемде болып жатқан өзгерістер адам өмірі мен қоғамға, тіпті білім беруде де өз септігін тигізуде. Олай болса, егеменді еліміз 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын, елбасының үш тұғырлы тілдік саясатын, білім мен ғылымдағы мемлекеттік бағдарламаларын негіз ете отырып, білім беру саласында күрделі мәселелерді алға қойып, енгізілген тың өзгерістерді заман талабына лайықты болуын қажет етеді. Шет тілі адамға өзінің ана тілімен пара пар болатын заман да келді. Осы негізде шет тілін үйрену, оны дұрыс қолдана білу, білімде, ғылымда орынды пайдалану, заман дамуына байланысты күнделікті өмірде қолдану әрі іске асыру қажеттілік болып отыр. Ағылшын тілін оқыту мен үйретуде оқушылардың білім - біліктілігін, танымдық жағын және олардың коммуникативтік дағдысын қалыптастыру үшін, оқу бағдарламасында жаңа оқыту технологияларын тиімді қолдануды үйрену үшін педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында деңгейлік курстан өту - оңтайлы іс деп есептеймін. Ағылшын тілін тереңдетіп, жүйелеп әрі жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт, заман қажет етіп отыр. Жас ұрпаққа жаңаша білім беру - әр ұстаздың міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында білім беру саласында көптеген өзгерістер өрістеуде. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақстаныда ұйымдастырылған деңгейлік курс ссы өзгерістердің бірі десем де болады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Бізде экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез дамып отырған мына заманда педагог қызметкерлеріне түсер салмақтың ауыр екені анық. Осыны өзіме міндет тұтқан мен өз біліктілігімді арттыру үшін Көкшетау қаласына 3 деңгейлік курсына келдім. А есімді тренер бастаған 3-ші топқа түстім. Осы топтағы Ақмола облысының түкпір - түкпірінен жиналған әр пән мұғалімдерді танымайтынмын. Кейін тренеріміздің түрлі тренингтері арқылы бір - бірімізді жақсы танып, бауыр басып кеттік. Бірақ мені «Курстан не аламын?», «Бұл курстың маңыздылығы не?», «Қалай оқимын?» сияқты сұрақтар мазалап, бойымда қорқыныш үрей болды. Себебі мен топта жасы жағынан да, еңбек өтілі, тәжірибесі жағынан да ең кішкентай едім. Тренеріміз алғашқы күннен бастап бірден өзінің асқан шеберлігімен біздің әр күнімізді сыни ойлауға, білімнің жаңа тәсілдері оқуды және оқу нәтижелерін сыни бағалауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға, дарынды және талантты балалармен жұмыс жасауға, топпен жұмыс істеудің тәсілдерін меңгертті. Тренеріміз күнде жаңа ресурстар ұсынып, қызықты сергіту сәттерін ұйымдастырып, заманауи технологияларды оқытқан кезде өзімді оқушы сезіндім. Жаңадан «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», «Бағдарламалар», «Тапсырмалар» оқулықтар таратты. Аталған оқулықтардағы түрлі тақырыптарды түсінуге көмектесті. Шет ел зерттеушілерінің теориялық негіздерімен таныстым. Идеяларын топта курс әріптестерімен талқылап, топтық жұмыстарға бейімделдім. Флипчартқа тақырыптық сурет салу арқылы, оны топ алдында қорғап көшбасшылыққа да үйрендім. Себебі, мен өзімнен жасы жағынан да, еңбек өтілі, тәжірибесі жағынан да үлкен курс әріптестерімнің алдында сөйлеу алғышында мен үшін қиын болды. Осы курсқа дейін мен үнемі қорқыныш үреймен жүретінмін. Тренеріміздің тиімді тренингтері арқылы бойымда өзіме деген сенімділік қалыптасты. Өз білімімді жетілдіру үшін деңгейлік курсқа келгеніме қатты қуанамын. Мен үшін бұл үлкен жаңалық. Заманауи технологияларды, жаңаша оқыту тәсілдерін оқып, меңгеру - менің ойымша қазіргі заманның қажет етіп тұрған азығы. Осы азығымнан нәр алу үшін мен бойымда жиналған жаңа жүкпен мектепке іс тәжірибеден өтуде бардым.

Төртінші тоқсанның алғашқы педкеңесінде оқу ісінің меңгерушісі маған курстан алған әсерлерім бойынша әріптестермен кеңес жүргізуді ұсынған болатын. Мен осы жиында «Деңгейлік курстан алған әсерлерім» атты баяндама оқып, тренинг өткіздім. Тренинг өткізудегі мақсатым - деңгейлік курстан алған әсерлеріммен, оқыту мен оқуда жүзеге асыратын іс-әрекеттермен бөлісу, мұғалімнің біліктілігін арттыруға арналған деңгейлік курс бағдарламасымен, сындарлы оқытудың модульдерімен, заманауи технологиялармен, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерімен таныстыру. Тәжірибесі мол әріптестерімнің алдында топ жарып сөйлеу бұрын мен үшін аз қиыншылық тудыратын. Енді сындарлы оқытудың модульдерін меңгеріп, тренердің қажырлы еңбегінен кейін мен бойымдағы асқан сенімділікпен көшбасшылық танытып, бар жиған біліміммен, тәжірибеммен бөлістім. Әріптестермінің мұқият көңіл бөліп тыңдағандарына қарағанда курсқа деген қызығушылықтары оянғанын байқадым. Бұрын деңгейлік курстан қорқып, қашатын әріптестерім мен тренинг өткізгеннен кейін көзқарастарын өзгертіп, осы курқа келеміз деп ұсыныстарын білдірді. Бұл менің мақсатымның орындалғанының айғағы. Келесі міндет - алдымда отырған шәкірттеріме сындарлы оқытудың жеті модульдерін ықпалдастыру арқылы, заман талабына сай білім беру. Осы міндетімді іске асыру үшін мен «бірінші бетпе бет» кезеңінен алған теориялық білімімді ұштастырып, мектептегі тәжірибе жинақтау кезеңінде 7 сыныпқа арналған ағылшын тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасынан орта мерзімдік жоспарды құрдым. Осы негізде әр сабаққа қысқа мерзімді сабақ жоспарлары құрылды. Күнделікті сабақ жоспары құру кезінде де өзімде үлкен өзгеріс байқалды. Себебі, жоспар құрған кезде мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, жеті модульдерді тақырыптың әр тапсырмасына сай жүйелеуге үйрендім. Ең бірінші сабағымда сынып парталарының әрқилы орналасуы, оқушыларымның топқа бөлініп отыруы, сабақта күнде интербелсенді тақта қолдану, әр сабақта ғаламтор желісі қосулы тұрған ноутбук, тақырыпқа сай слайд, аудио видео материал қолдану тәжірибемнің алғашқы өзгерісі болатын. Алғашқы сабақта дәстүрлі сабақтағыдай жаңа тақырыпты өзім түсіндіріп, сөйлемеу үшін жеті модульдерді тапсырма барысында ықпалдастырып, жүйелі түрде қолдану аз қиыншылық тудырды. Бірақ, мен тренердің курс барысында берген қосымша ресурстарын пайдалану арқылы, «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» түсіне қайтадан оқып, біліп, ондағы теориялық ілімдерді өз тәжірибемде қолдану арқылы кедергіден шықтым. Балаларды топқа бөлуге үйрету үшін түрлі тәсілдер пайдаландым. Нақтырақ айтсам, алғашқы сабақта шашылған ағылшын әріптерін жинау арқылы дұрыс мағыналы сөз шығаруды қолдансам, кейінгі сабақтарда «Спорт» тақырыбына сай футбол, волейбол, пионербол баскетбол деп 4 топқа бөлсем, «Музыка» тақырыбында классика, джаз, рок н ролл, поп музыка деп бөлдім. Оқушылар топқ бөлінуге үйренгеннен кейін, келесі сабақтарда «өзіміз топқа бөлейікші» деп ұсыныстар білдірді. Бұл оқушы бойындағы үлкен өзгеріс. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің «Миға шабуыл» стратегиясы қолдандым. Бұл стратегия арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашты. Әр сабақта флипчартпен жұмыс жасағанда балалар өор қызығушылық танытты. Себебі, дәстүрлі сабақта оқушылар тек жұмыс дәптері мен сөздік дәптерге жазу арқылы шектеліп қоятын. Флипчартпен жұмыс барысында топ ішінде ұйымшылдық орнап, пікір алмасып, енжар оқушыларымның белсенділігі байқала бастады. Бірақ, алғашқыда жаңа модуль арқылы өтілген сабаққа ену, бірден бейімделу оқушыларға қиылышық тудырғандай кей тапсырмаларды баяу орындап, уақыт жетіспеушілігі кедергісіне ұшыраған болатынмын. Келесі сабақтарда әр тапсырманы уақытқа бөліп, кедергіні жеңдім. Алғашқы сабағыма қызығушылық танытқан әріптестер қатысты. Оларға бақылау парақтарын бердім. Онда «оқушы іс әрекеті», мұғалім іс әрекеті», «сабақ бойынша айтар пікіріңіз бен ұсынысыңыз» сынды бағандар болды. Сол бағандарға әріптестерім өз ойларын жазды. Әріптестерімнің пікірлеріне қарағанда тек мен, оқушылар ғана емес, сабақта 45 минут бақылап отырған әріптестерімнің де аз да болса өзгергендігін байқадым. «Дәстүрлі сабаққа қарағанда бүгінгідей сабақта енжар оқушыларды ашу үшін жаңа әдістерді, модульдерді қолдану өте тиімді» деп пікірлерін ауызша да айтты. Әр сабақта тақырыпқа сай слайд, аудио видео материалды интербелсенді тақтаның көмегімен қолдандым. Түрлі презентациялар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі артты, өз беттерінше жаңа сөздерді оқи алды. Бұл менің сабақта АКТ модулін қолданғанымның айғағы. Ж атты енжар оқушым топтық жұмысқа бейімделіп, жоба қорғау кезінде жаңа тақырып сөздерін ауызекі сөйлеуде қолдана алды, флипчартпен жұмыста шығармашылық қабілеті артты. Оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін қолдану арқылы өткізілген сабағымда оқушылардың пәнге деген көзқарастары өзгерді, қызығушылықтары одан әрі артты, жаңа ақпараттық технологияларды қолданған кезде балалардың тыңдалым, айтылым, оқылым дағдылары қалыптаса бастады. Алғашқы сабақтарда топтың басшыларын орындық артына стикер жапсыру арқылы өзім сайласам, кейінгі сабақтарда оқушылар топпен бірлесіп, өз еріктерімен басшыларын сайлады. Бұл жерде мен авторитарлық түрдегідей бұйрық бермей, жаңаша түрде бақылап, басқарып жүрдім. Сабақ процесінде оқушылардың қабылдаған шешімдерін шектемей, таңдауға мүмкіндік бердім. Тапсырмаларды зордың күшімен істеткен жоқпын, керісінше ұғындырып отырдым. Мәтінмен жұмыс кезінде джиксо стратегиясын қолданым. Топаралық талқыда әр оқушы әр топқа мәтінді түсіндіру кезінде зерттеуге алған оқушыларымды бақылап жүрдім. Басқа топта өзін өзі ұстауы, қарым - қатынасы өзгеріп, өз ойларын ашық еркін жеткізе білді. Өздеріне деген сенім пайда болды. Алдыңғы дәстүрлі сабақтардағыдай жаңа тақырыпты тек өзім түсіндіргеннен гөрі, оқушылардың өздері жаңа тақырып мазмұнын ашқан әлдеқайда тиімді. Ағылшын әліпбиінің алғашқы үш А, В, С әріптері арқылы үш топқа бөлу арқылы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, зейіні мен қабілеттеріне сай деңгейлік тапсырмалар бердім. Бұл модульдің тиімділігі, сабақта тек дарынды балалар қатысып қоймай, енжар оқущылардың да баға алуға мүмкіндіктері артты. Курсалды сабақтарымда тапсырманы дұрыс орындаған балаларға «Өте жақсы», «Керемет» деп мақтап жүрсем де, оның «формативті бағалау» деген атауы бар екенін курс барысында ғана үйрендім, тіпті оқушылар өзін-өзі, өзгелерді де бағалай алатын мүмкіндіктері бар екенін де түсіндім. Топ басшылары сабақ процесінде «мұғалім» рөліне еніп, топтарындағы сыныптастарының іс - әрекеттерін бақылап, тиісті бағаларын қоя білді. Сабақ соңында оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жиынтық баға қойдым. Бұл тек мен үшін ғана емес, оқушылар үшін де үлкен өзгеріс болды. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып қоймай, сабаққа деген ынтасын, оқушылар арасында түсінушілік қалыптастырып, топта ұйымшылдық орната білдім. Талантты жіне дарынды балалар алғашқы сабақта шектен тыс көшбасшылық танытса, кейінгі сабақтарда жанында отырған сыныптастарына көмектесіп, жоба қорғауға соларды шығарды. Өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындап қана қоймай, серіктестеріне қамқор бола алды. Дарынды балаларға мен көбіне қол қуыршақтарын сөйлету арқылы жаңа сөздерді қолданып, диалог құру тарпсырасын бердім. Біріншіден, қол қуыршақтары оқушылардың тапсырмаға аса зор қызығушылықтарын танытса, екіншіден сабақ барысында аз ғана уақыттың ішінде ағылшын тілінде сөйлесіп, диалог құру жаңалық, әрі қиын тапсырманы дер кезінде орындау олар үшін үлкен өзгеріс. Дәстүрлі сабақтарда үй жұмысына диалог құрып, жаттау тапсырмасын берген кезде, кей оқушылар немқұрайлы қарап, үй жұмысын орындамайтын. Жоғарыдағы тәсілді қолданған кезде, тіпті сабақ үстінде диалог құрғандары мені де, оқушылардың өздерін де таң қалдырды. Сыныпта дарынды оқушылармен қатар, жаңа сабақты тез ұғына қоймайтын, бір айтқанда түсіне алмайтын, өз - өзіне сенімсіз, белсенділік таныта алмайтын оқушылар да бар. Осы балалардың қабілеттері мен зейінін есекере отырып, деңгейлік тапсырмалар бердім. 1 топқа берілген сөйлемдерді мәтін ішінен тауып, «жалған» және «ақиқат» екенін дәлелдеу; 2 топқа мәтін ішіндегі болымды сөйлемдерден болымсыз және сұраулы сөйлем құрау; 3 топқа мәтіннің мазмұнын сурет арқылы сипаттау. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулінің тиімділігі, енжар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, дарынды балалардың қатарына қосу. С деңгейдегі оқушыларымның ашылғанын байқап, олар да үлкен өзгеріске түскенін көрдім.


Ұқсас жұмыстар
Оқушылар бағалану үшін талпынбайтын
Өзгеріс енгізілгені туралы рефлексивті есеп
Тізбектелген сабақтар
Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері
Орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігі
Орта мерзімді жоспар физика 8 сынып
"бірмүше және көпмүше" тарауына арналынған орташа мерзімді жоспарлау. 7-сынып
Оқытудағы жаңа тәсілдер
Тақырып Үндестік заңы. Буын үндестігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz