Қозы Көрпеш - Баян сұлу жыры

Қызылсая орта мектебі
Тақырыбы:
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” - махаббаттың қос шынары
Ғылыми бағыты:
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының
көркемдік ерекшелігі
Орындаған: Қадырова Римма Ерболқызы
Жетекшісі: Бегалина Райхан Тоқсанбайқызы
Жоспар
І. Кіріспе бөлім:
Лиро-эпостық жырлардың көркемдік ерекшелігі
ІІ. Негізгі бөлім:
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының көркемдік ерекшелігі.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
І. Негізгі бөлім:
Ғашықтық жырлардың көркемдік ерекшелігі
- Ғашықтық жырлардың өзекті тақырыбы екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет - зары, махаббаты.
- Батырлық дастандарда шешуші роль атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт, әдет- ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады. Оларда махаббаттың мәңгілік тақырыбы ерекше түрде жырланады. Бұл ерекшелік рулық қоғамда басым болған әдет-ғұрып пен көшпелі тұрмыс жағдайларына байланысты.
- Ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады. Егер батырлық жырларда батыр бес жасқа келгенде - ақ ерлік жасап жатса, оның образы шындықтан шалғай, шартты түрде алынса, ал ғашықтық жырларда кейіпкерлер өздеріне хас қасиеттерімен көрінеді. Ғашықтық жырларда дастанның оқиғалары мен кейіпкерлердің іс-әрекеттері психологиялық жағынан нанымды да терең мотивировка табады.
- Ғашықтық жырларда кейіпкерлердің мінез-құлқы соншалықты айқын да нанымды суреттеледі.
Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Бірақ эпикалық баяндау сарынында тұрмыс-салт жырларының үлгілері жиі араласып отырады. Қазақ фольклорының шағын формаларын өз бойына дәл осы дастандай мол жинаған көне шығарма жоқ шығар. Онда үйлену- салт жырларына жататын “жар-жар”да, “қоштасу” да, “естірту” де, “жоқтау” да бар. Бұлардың бәрі-бәрі дастанның сюжеттік желісіне қабыса кірігумен бірге дербес көркем шығармаға тән қасиеттерді де танытады.
Бұл дастан рулық әдет ғұрып жағдайында, соның қатал салты нәтижесінде құрбан болған, сүйіскен жастардың трагедиялы тағдырын жыр етеді. Ол махаббат ештеңеге тәуелсіз, азат сезім екендігін жырлайды, қара түнек өткеннің қатыгездігін, масқара салт-ғұрпын әшкерелейді, жастарды өз бақыты жолында күресе білуге шақырады. Дастанның халықтық қасиеті де осында.
Жырдың негізгі идеясы - мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т. б. кеңінен қолданылады. Бұл жырда Аягөз, Үржар, Лепсі, Қалба тауы т. б. нақты жер-су атауларының кездесуі айқын көрінеді.
ІІ. Кіріспе бөлім:
Монолог -
Шығармада бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі.
- Екі қыздың жұртымен қоштасуы
(114-115, 620-665 бет. )
- Естірту. (105, 315 бет. )
- Қозының зары (144-146, 1720-1790 бет. )
Диалог -
Екі адамның әңгімесі, сұрағы мен жауабы.
- Сарыбай мен Қарабай(65-95, 99 бет, 105-130, 100 бет, 155-180, 101-102 беттер)
- Сарыбайдың қызметкерлері мен Қарабай арасындағы (200-215, 102-103 беттер)
- Сақау әйел мен Қарабай(225-235, 103, 245-250, 103-104 беттер)
- Ханым мен тазша(340-420, 106-108 беттер)
- Ер Танас пен Қарабай (110-111, 500-540)
- Қарабай мен әйелі (112-113, 570-585)
- Қодар мен Қарабай(117-118, 730-780)
- Айбас пен үш қыз (123-127, 965-1095)
- Айбас пен қойшы (129-130, 1195-1210)
- Шал мен Қозы (130-131, 1220-1265)
- Анасы мен Қозы (132-135, 1290-1400)
- Айбас пен Қозы (137, 1455-1460)
- Екі тазша (139-142, 1550-1695)
- Қарабай мен тазша (142-143, 1640-1690)
- Баян мен Қодар(165, 2470-2495)
Композиция-
Шығармада суреттелген оқиғалар, эпизодтар, көріністер бір-бірімен байланысып, қиюласып тұрады. Оқиғалардың баяндалу құрылысын композиция(орналасу, байланысу құрылысы) дейді.
Оқиғаның байланысы: Екі байдың достығы
Оқиғаның шарықтау шегі: Көсемсарының ажалы
Оқиғаның шешуі: Қодардың өлімі. Қуаныш.
Жанақ нұсқасы бойынша.
Синтаксистік паралелизм-
Екі жағы қатар суреттеледі. (астарлы мағына жоқ)
Орманбеттен аттанған он сан ноғай,
Әрқайсысының ақылы он сан қолдай.
Қарабай, Сарыбайдай бай өтіпті,
Екеуі заманына болған орай.
Ақ киікті бастаған деген екен,
Деген атып еттерін жеген екен.
Ертіс бас қара дөң жерге кетті,
Бейне теңіз дейтұғын жерге кетті.
Бес жүз киік соқтығып, соны қуып,
Жолы қиын Бетпақтай шөлге кетті.
Қарабай, ат мінесің бек тағалап,
Ақ қасқыр ауылыңды жүр жағалап.
Қара інген от басында шөгіп жатыр,
Жүгірген бозша тайлақ жар жағалап.
Қанша айтсаң да құлағыңа енер емес,
Қажымас қара болат майталманды.
Теңеу - затты тура мағынада емес, ауыспалы басқа мағынамен салыстырып айту.
Жұрнақтары: дай-дей, тай-тей, ша-ше, дайын-дейін.
Қодардың өзі дардай, сөзі дардай.
Қодардың атасы жел, анасы жел.
Өсіпсің, кішкене едің, Қозым дардай,
Қайратың басым еді, шығара алмай.
Ай мен күндей екеуін толықсытып,
Бұраңдатып шеткі үйге ап жүреді.
- Анық он кез өзінің бойы бар-ды.
- Жалпағы жауырынының үш жарым кез.
- Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай.
- Ұзыны жауырынының алты қарыс.
- Гүл төгілер аузынан меруерт тісті.
- Бір өзінде он кісінің қайраты бар.
- Бір өзінде тоқсан кісінің қуаты бар.
- Таудай болған Қодар.
- Күндей болып күркіреп аңырады.
- Соның нұры мың қойды қылар жарық.
11. Қозы мерген садақпен қуда атады,
Жазам болса орнында суда ағады.
Желінің құлаш-құлаш қазығы бар,
Бармағымен басып-ақ зымыратады.
12. Кәпір Қодар бір тау ғой кім таласар,
Денесін көрген жанның қаны қашар
Антитеза -
Бір нәрсені суреттегенде екі затты қатар қойып суреттеп, үшінші заттың бейнесін салыстырып көрсетеді. Мұнда салыстыра суреттеп бейнелеу тәсілдерін антитеза дейді.
Қозы мерген садақпен қуда атады,
Жазам болса орнында суда ағады.
Желінің құлаш-құлаш қазығы бар,
Бармағымен басып-ақ зымыратады.
Тоқсан мыңды неғылса қондырды тез,
Әдебі жоқ, мінез жоқ Қодардан без.
Кәпірдің денесінің бәрі де артық,
Жалпағы жауырынының үш жарым кез.
Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Мәтел - белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Мақал - құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Ой нақты айтылады. Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Мәтел - көбіне бір бөлімді болады. Ой ишара, тұспал ретінде айтылады. Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
- Өлім шықса, тіріге болады той.
- Біреуге бұйырғанды біреу жемес.
- Ебін тапқан екі асар
- Алланың ақ ісіне мойын бұрсын,
Ала-құла болғанды құдай ұрсын.
- Бұл жалғанда ақылсыз адамнан без.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz