Рәміздер мен тәуелсіздік: тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі
Сабақтың мақсаты:
- Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу;
- Ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу;
- Тәуелсіздікті аңсаған ата - баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт - дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге, рәміздерді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Н. Назарбаевтың портреті, еліміздің рәміздерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Топқа бөлу
І топ - «Елтаңба»
ІІ топ - «Ту»
ІІІ топ - «Әнұран»
Мұғалім:
Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін - деп бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі».
Ойын: « Шаңырақ»
Мақсаты: Шаңырақ құрып, уық арқылы оқушылар Отанға деген өз тілектерін білдіреді.
- Отанымыздың шаңырағы биік болсын;
- Қазақстан көгінде бейбітшілік жалауы желбіресін;
І-топ. «Елтаңба елі»
- 1991жылы 2-қазанда - Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады
- 1991 жылы 1 - желтоқсанда - қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика деп жарияланды.
ІІ-топ. «Ту елі»
- 1992 жылы 2-наурызда - Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.
- 1993 жылы 15-қарашада - Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
- 1994 жылы - Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
ІІІ-топ. «Әнұран елі»
- 1995 жылы 30-тамызда - Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.
- 1998 жылы 6-мамырда - Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы - Астана деп аталатын болды.
- 1999 жылы - Білім заңы қабылданды.
- Мақал сөздің мәйегі:
(Отан туралы мақал-мәтел айту) .
- «Менің Отаным» эссе жазу.
Әр топ сауатты етіп шығарма жазу.
Қорытынды:
Оқушылар!Бүгін біздер Отанымыз Қазақстан, оның Әнұраны, Туы, Елтаңбасы туралы әңгімеледік.
Қазақстан - бүгін еліне достық туын тіккен жер. Ендеше Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызды мақтан тұтайық. Үлкен азамат болыңдар!
Хор: «Менің Қазақстаным».