Рахмет сендерге балалар

Май ауданының білім беру бөлімі
Әдістемелік құрал Май ауданының білім беру бөлімімен ұсынылған
Құрастырушы: З. Д. Мухамедова , Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері.
Тәрбиешінің әдістемелік қоржыны
Бұл әдістемелік жинақта әдіскерлер мен тәрбиешілер өз жұмыстарында қолдана алатындай Май ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің әдіскерлері мен тәрбиешілері әзірлеген сабақтар жоспарлары, ертеңгіліктер сценарийлері, санамақтар, ойын-сауықтар, сергітулер, 2012 жылы аудан көлемінде өткізілген семинарлар құжаттары жинақталған.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуі мектепке дейінгі білім деңгейі мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына байланысты.
Шебер педагог - не ойды, не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын - оларға қатыстыны өздігінен анықтайтын және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман. Тәжірибелі маман сабақты өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің «білім жиынтығын» қалыптастырады, оны кәсіби мәселелерді шешуге жұмсайды. Отандық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу құралдарының бірі - әдістемелік жұмыс.
Берілген жинақта Май ауданы әдіскерлері мен тәрбиешілерінің әдістемелік қоржындарындағы жұмыстары жинақталған. Сабақтарды өткізуде түрлі технологиларды қолдану ұсынылған, мысалы - «Тәй-тәй» технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Мурашковский технологиясы, Дьенеш блогы және т. б. Бұл сабақ жоспарларын қолдану тәрбиешілерді келешекте осы технологияларды ұстануға итермелейді деген ойдамыз. Келешекте өз технологияларын да ойлап шығаруы әбден мүмкін. Осы жинақты тәрбиешілер күнделікті жұмыстарында қолданып, өздерінің әдістемелік қоржындарын толықтырады деген үміттеміз. Осылайша, біртіндеп, мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына ат салысамыз.
І. САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Естаева Сара Қапанқызы, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Топ: Ортаңғы топ
Оқыту білім беру саласы: Таным
Оқыту пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Заттардың көлімі
Мақсаты: Салыстыру негізінде заттардың ұзындығын анықтауға үйрету. Беттестіру тәсілін қолданып, ұзындау, қысқалау, ұзын, қысқа сөздерін қолдану.
Көрнекіліктер: Шыршаның, орманның, Аяз Атаның, аққаланың суреттері, жолақшалар, әр түрлі көлемді шелектердің суреттері.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндеру, әнгімелесу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, жұмбақ, ғажайып сәт, сиқырлы сандық.
Технология: «Дьенеш блогі»
Сөздік жұмыс: Салыстыру, беттестіру, ұзындау, қысқа, Аяз Ата, ақ қала.
Мотивациялық қоғаушы.
Ұйымдастыру.
Сергіту сәті.
Қортынды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Тәрбиеші балалармен «Поезд» болып топқа кіреді. - Балалар, қарандаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане, бәріміз қонақтармен амандасайық!
«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені».
Енді бәріміз шеңбер құрып, бір-бірлерімізге жақсы тілектер тілейік.
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Жылуыңды қос маған!
Міне, менің қолым.
Тәрбиеші: - Балалар, кім айтады, бір жылда неше мезгіл бар?
Дұрыс.
Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер қай мезгіл екенін шешіндер.
Күн жылынып
Қар еріп,
Су сайларға толады.
Күндер ысып,
Маса шағып,
Балалар суға шомылады.
Күн бұлттанып,
Жауын жауып,
Шөп, жапырақ сарғаяды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран, борап соғады.
Кім қыс туралы тақпақ біледі?
Ал қазір қай мезгіл, кім айтады?
Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
Осы кезде есік қағылып, топқа аю кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Балалар бұл не?
- Аю қайда тұрады?
- Аю, сен осы кезде ұйықтап жатпайтын ба едің?
- Иә, мен үлкен тапсырма мен келдім. Аяз Ата сендерге, сыйқырлы сандық пен хат беріп жіберді.
- Аю хатты тапсырады.
- Рахмет саған, аю.
- Сау болыңдар, мен енді орманға қайтайын.
- Балалар, Аяз ата хатта не жазды екен. Ашып көрейік пе?
Тәрбиеші хатты ашады.
Хатта былай деп жазыпты. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге тапсырмалар жібердім. Егер де тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқырлы сандық ашылып, ішіндегі сыйлықтарға ие боласынңар. Сәлеммен, Аяз ата!».
- Тапсырма:
Аяз ата балабақшадағы ертеңгілікке және ормандағы аңдардаң ертеңгілігіне баруы керек. Бірақ мына жолдардың қайсысымен қайда тез жетемін?
Жасыл түсті жалпақ ұзындау жол (орманға) .
Көк түсті жіңішке қысқа жол (балабақшаға) .
Аяз ата (қысқа жол) .
- Тапсырма.
Балалар аққалалардың бастарыңдағы шелектердің көлемдері, түстері қандай?
Онда балалар тапсырмаларды орындайық.
Ең алдымен сергіту жасап алайық.
Боран соғар сол жақтан.
Боран соғар оң жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
Ал, қане, тапсырмаларды орындайық.
Ол үшін дидактиқалық ойын ойнаймыз.
Д/ойын: «Ұзын және қысқа».
(салыстыру) .
О/шарты: Балаларға ұзын және қысқа жолақшалар тарату. Алдарыңдағы жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшардың өлшемдерін тауып, тапсырманы орындайық.
Д/ойын: «Аққала» .
О/шарты: Мен сендерге шелектердің үлгісін берем, өздерің тауып алып, аққалалардың бастарындағы шелектермен салыстырып беттестіріңдер. Көлемі, түстері бірдей болуы керек.
Тапсырмалар, орындалып аяқталысымен: - Міне ғажап, біздің сиқырлы сандығымыз ашылып кетті, балалар мұнда да хат жатыр. Мұнда не жазыпты екен.
«Құрметті балалар, сендерді жаңа жыл мерекесіне шақырамын, Аяз ата».
Балалар, бүгін біз нелерді өттік? Тағы не істедік?
Балалар өлшемдерді білуі керек.
Екі заттың көлемін, пішінін үшінші затпен салыстырып беттестері айыра білуі қажет.
Балалар тәрбиешімен қимыл-қозғалыс жасай «поезд» болып топқа кірді.
Сәлеметсіздер ме!
Балалар бір-бірлерінің қолдарын үстеріне қоя тілектер тілейді.
Төрт мезгіл.
Көктем мезгілі.
Жаз мезгілі.
Күз мезгілі.
Қыс мезгілі.
Бойымызға шақ ғана,
Көзі көмір қап-қара.
Мұрны сәбіз сап-сары,
Тұрғыздық біз Аққала.
Қыс мезгілі.
Қар жауады. Адамдар жылы киімдер киеді. Балалар шана тебеді. Аққала жасаймыз. Жаңа жыл мерекесі болады. Аяз ата сыйлық әкеледі.
Аю.
Орманда.
Иә, иә!
Балалар ойын арқылы тапсырмаларды орындай бастайды.
өлшемдерді, ұзындықтарды,
көлемдерді,
түстерін
салыстырады.
Ойындар ойнадық.
Ұзындау, қысқалау, дәл дегендерді білдік.
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Естаева Сара Қапанқызы, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Топ: Ортаңғы топ
Оқыту білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Оқыту түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, экология
Тақырыбы: Судың қасиеттері.
Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : Су, құм, сүт, мұз, жалпақ табақ.
Технология: «Дьенеш блогі»
Сөздік жұмыс: Сұйық сусымалы.
Мотивациялық қозғаушы.
Ұйымдастыру.
Жұмбақтар.
Тақпақ.
Мақал-мәтел.
Тәжірибе жасау.
Сергіту сәті.
Қортынды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Меңгеруі керек:
Жасай білуі:
Шаттық шеңберге тұрғызу.
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күндік бастайық.
Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат қандай болады?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Ал өлі табиғатқа ше?
Қане, балалар, барлығымыз мына жұмбақты шешейік.
Жалт-жұлт еткен,
Жылғадан өткен.
Бұл не?
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бұл не?
Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетеріміз су туралы.
Су туралы кім не біледі?
Дұрыс.
Ал кім тақпақ біледі?
Ал кім мақал-мәтел біледі?
Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
I. Судың түсін ажырату,
Судын түсі қандай болады?
1. - тәжірибе.
1 - стаканда су - қасық салу. Көріне ме?
2 - стаканда сүт - қасық салу. Көріне ме?
II. Судың түсін өзгерту.
Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады.
Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма?
III. Тәжірибе.
2 стакан, пішіндері әр түрлі.
Бұлардың ішінде су бар.
Судың пішіні қандай?
Тәрбиеші: Суды қандай ыдысқа құйсаң ыдыстың пішіні сондай болады.
Су - сұйық зат екен.
IV. Тәжірибе.
Енді стаканға құм салам. Ол да стаканың пішініндей. Сондай құм сұйық зат болғаны ма?
Осыны тексеріп көз жеткізейік.
Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті.
Яғни су - сұйық зат.
Ал құмды төгейін, ол үйіліп қалды.
Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен.
Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен.
Құм - сусымалы зат.
Су - сұйық зат.
V. Тәжірибе.
Мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.
Мұзды алақанға салып ерту.
Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ бу шығады.
Су қайнағанда бу тамшыларына айналады.
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз сая бақ.
Біз бүгін не істедік?
Нелерге?
Судың сұйық зат екенін білу.
Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын менгерту.
Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Бізді қоршаған орта.
Тірі және өлі.
Жануарлар, гүлдер, ағаштар.
Қар, су, тас, жаңбыр, күн.
Су.
Жаңбыр.
Сумен жуынады,
Гүл суарады, малдар су ішеді.
Сылдыр, сылдр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Судың да сұрауы бар.
Су - тіршілік көзі.
Сусыз өмір жоқ.
Су - тазалықтың досы.
Суға түкірме.
Суды ластама.
Көрінеді.
Көрінбейді.
Болады.
Стаканның пішіндей.
Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі.
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Естаева Сара Қапанқызы, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Топ: Ортаңғы топ
Білім беру саласы: Қатынас
Оқыту түрі: Көркем әдебиет
Апталық тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған.
Күн тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Сахналау.
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахнауларды үйрету. Балалардың ойлау қаблеттерін, қимылдарын дамыту. Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Технология: «Дьенеш блогі»
Көрнекіліктер: Ертегілер кейіпкерлері: аю, қасқыр, түлкі, ата, әже, қыз, мысық, күшік, бауырсақ, қоян, ешкі, лақтар т. б.
Ұйымдастыру
Сиқыршы
Сергіту
Қортынды
Күтілетін
нәтиже:
Білу керек:
Үйрену
Меңгеру:
Музыка ойнап тұрады.
- Балалар, мына сиқырлы кілімге отырайықшы.
- Біз қайда келдік?
- Дұрыс.
- Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, сендер не көріп тұрсыңдар?
- Балалар, біз алдымен күнмен амандасып, одан жылу алып, жылы тілектер қаратайық.
Армысың, ару күн!
Армысың, балалар!
Аспанымыз ашық болсын!
Денеміз сау болсын!
- Енді ертегілер елін аралайық.
- Кейіпкерлердің арасынан Ерден ата шығады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, сендер мені танисыңдар ма, мен ертегі айтатын Ерден аталарыңмын.
- Менің еліме қош келдіңдер!
- Менің елімде не істеп жүрсіндер?
- Жақсы.
- Онда мен сендерді сынап көрейін. Қандай ертегілерді біледі екенсіндер.
- Баяғыда шал мен кемпір өмір сүріпті.
- Шал көмекке кемпірін, қызын, итің, мысығын, тышқанды шақырыпты.
- Бұл қай ертегі?
- Ол орманда адасып қалыпты, бір үйге келеді, үйде ешкім жоқ. Үстелдің үстінде үш кеседе ботқа, және қасында үш орындық, үш төсек болады.
- Бұл қай ертегі?
- Сендер ертегіні жақсы біледі екенсіндер.
- Ал, мына ертегіні әндетіп айтам, қане тауып көріңдерші?
- Лақтарым, лақтарым мен сендердің аналарым. Есікті ешкімге ашпандар.
- Кіріп келіп өнерін көрсетеді.
- Тәрбиеші: Қане, балалар, біз де сиқыршымен бірге, бойымызды сергітіп, сергіту жасап алайық.
- Ерден атай, рахмет балалар, өркендерің өсін!
- Балалар енді біз Ерден атайға, балаларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап берейік.
Ерден ата, сиқыршы балаларға рахмет айтады.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар ертегі кейіпкерлерін, ертегіні ажырата білу.
Сахнада ертегі кейіпкерлерін сондауды үйрену.
Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Балалар музыкалық әуенмен залға кіріп, кілемге отырады.
Ертегілер әлеміне.
Аю, қасқыр, түлкі, қыз, мысық, қоян, ешкі, лақтар т. б.
Сәлеметсіз бе, атай!
Иә, иә танимыз.
Біз ертегіні жақсы көреміз, саяхат жасап жүрміз.
«Шалқан» ертегісі балалар барлығы жауап берді.
«Маша мен үш аю» ертегісі.
«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
Балалар ертегіні сахналайды.
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Топ: 2-кіші топ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Біздің ыдыстарымыз
Мақсаты: Балалардың қарапайым ыдыстар туралы түсініктерін толықтыру. Ермексаздан өзінше мүсіндеу арқылы еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Қажетті құралдар: 1) суреттер (ыдыс түрлері) ;
2) Ойыншықтар (ыдыс түрлері)
3) сиқырлы сандық
Ынталандыру
Ұйымдастыру кезеңі
Қорытындылау
Рефлексия
Тәрбиеші балаларға қарап: «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, амандасайық»
Шаттық шеңбер ұйымдастыру.
Балаларға жұмбақ жасыру
Кесе - шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Біздің ыдыстарымыз».
- Біз қандай ыдыстарды білеміз?
- Мына суреттерге қарап ыдыстарды атайық.
- Дұрыс, балалар, енді мынаған назар аударыңдар.
Тәрбиеші сиқырлы сандықты ашады. Сиқырлы сандықтың ішінен ыдыс ойыншықтарды алып шығады, аттарын атайтады, сипаттама бергізеді.
- Балалар сендер ыдыс түрлерін біледі екенсіңдер. Енді оларды ермексаздан жасап көрейік. Ең бірінші тәрбиеші жасап көрсетеді.
Сергіту сәті
Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіреді, бағалайды.
Балалар, сендер бүгін не үйрендіңдер?
- Балалар, сендер бүгін жақсы еңбектендіңдер.
Білгір қазақ анасы
Сәлем сөздің анасы
Алдымен сіздермен
Сәлемдесіп алайық
Сәлеметсіңдер ме, апайлар.
- Сабаққа жақсы қатыс.
- Әдепті бол.
- Ауырма.
- Досың көп болсын.
Балалар шеңберге тұрып бір-бірінің атын атап кезекпе-кезек (біріншісі-екіншісіне, екіншісі-үшіншісіне, солай жалғаса береді) тілек білдіреді.
Шешуін табады.
Ыдыс-аяқ
Кесе, тегеш, тарелка, қазан.
Балалар ыдыс түрлерін атайды. Сипаттама бергенде қатты, қақпағы, құлағы бар, үлкен, кіші деп жауап береді.
Балалар қолдарына жаттығу жасайды.
Кесе, қасық, тарелка бір композиция.
Мен - қазан,
Мен - кесе,
Мен - қасық,
Мен тарелка жасауды үйрендім.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Ермексаздан ыдыстарды бейнелей алу керек.
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен » балабақшасы
Топ: ІІ кіші топ
Оқыту білім саласы: Таным
Оқыту түрі: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: «Батады-батпайды»
Мақсаты: Балаларды заттарды меңгеруге үйрету (сурет салуға, қарындаш немесе бояу, жіптердің көмегімен заттарды тартып салу, т. б. ) . Зерттеу тәжірибе жасау арқылы балалардың танымдық қасиетін қалыптастыру. Ойлау, көру, сезу қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы бақылауға үйрету. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: су, тас, қағаздан кеме, ойыншық машинка, балық, доп.
Көрнекілік: су, тастың, машина, қайық, құм, доп суреттері, шар.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдер: Ұйымдастыру, амандасу кезеңдері, таңғажайып сәт, әдістерді түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс, мадақтау, бағалау, қорытындылау.
Сабақ барысы: Балалар шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті. Қонақтарға «Сәлем - тәрбиенің басы» демекші, сәлемдесейік.
Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар.
Балалар: Қайырлы таң, апайлар.
Тәрбиеші:
Жақсы, балалар, бәріміз қол ұстасып алақанымыздың жылуын бір-бірімізге беріп, шеңбер құрып тұрайық.
Балалар, біз қандай жақсы, сиқырлы сөздер білеміз? Отанымызға, елімізге, ата-анамызға, балабақшамызға арналған жақсы сөздерімізді айтайық.
Еліміз тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын!
Суымыз мөлдір, таза болсын!
Балабақшамыз көркейе берсін!
Бәріміз тату дос болайық!
Тәрбиеші:
Өте жақсы, балалар, енді орындарыңызға жайғасып отырыңыздар. Бүгін бізде айналамен танысу сабағы болады.
Тақырыбымыз: «батады-батпайды»
Қазір біз, балалар, табиғат орталығына барып, суға бататын және батпайтын заттарды зерттеп көрейікші.
Балалар, бұл жерден нелерді көріп тұрсыңдар?
Балалар: су, тас, құм, қайық, балық, машина.
Қане, балалар, бір-бірден осы заттарды суға батырып көрейікші.
Сонымен, тас бата ма?
-Иә, батады.
Неге батады?
-Тас ауыр.
Қайық ше?
-Батпайды, жеңіл.
Машина ше?
-Батады, ауыр.
Балық ше?
-Батпайды, ол өйткені суда жүзе алады.
Балалар су туралы мақал - мәтелдер айтады.
Жұмбақ жасыру.
Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді (Су)
Сергіту сәті . «Ұзын құлақ сұр қоян»
Таңғажайып сәт. Топқа сиқырлы шар ұшып кіреді. Шарға хат жабыстырылған. Ол хатта сұрақтар берілген. Сұраққа дидактикалық ойын арқылы жауап аламыз.
Дидактикалық ойын. «Кім тапқыр?»
Мен сендерге заттардың атын айтамын, сендер ол зат батса, қолдарыңды төмен түсіресіңдер, батпаса қолдарыңды көкке көтеріңдер.
Заттардың аттары: Балық, қайық, машина, доп, құм, тас.
Қорытынды: Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Біз бүгін қандай ойын ойнадық? Бүгін сабақта біз нені зерттедік?
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен » балабақшасы
Топ: 2-кіші топ
Оқыту білім саласы: «Таным»
Оқыту түрі : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сиқырлы сандық
Мақсаты: Балаларды 1-ден 5-ке дейін ауызша санап есептей білуге, сандар қатарын, сандарды тура санауға, өз бетінше ойлауға, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, олардың ойлау қабілеттерін, білімдерін математикалық санамақтар, түрлі ойындар арқылы дамыту.
Әдіс-тәсілдер : Жеке жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, дидактикалық ойын, таңғажайып сәт, мадақтау.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Көрнекі құралдар : пішіндер, сандар, асық, сиқырлы сандық.
Көрнекілік: сандар, пішіндер.
Сабақтың барысы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz