Ана тілі сабағының рефлексивтік есебі: Блум таксономиясын қолдану

Ана тілінен өткен сабаққа

рефлексивтік есеп.

«Болашаққа - кемел біліммен» атты бастауыш кафедрасының он күндік пән апталығында ана тілі пәнінен ашық сабақ бердім. Тәлімгерім Майра Даукенқызына сабақты «Блум таксономиясы» бойынша құрғым келетінін айттым. Блум таксономиясы туралы тереңірек оқып-үйренуім керек екенін түсіндім. Тәлімгерім МД «Блум таксономиясы» туралы жан-жақты мәліметтер бере отырып түсіндірді. Бірлесе отырып ана тілінен «Шыбық» тақырыбына сабақ жоспарын құрдық. Сабақта оқушылар түстер бойынша 5 топқа бөлініп, әр топ 5, 6 оқушыдан топтасты. Топ мүшелері «Алтын ереже» құрып, топ басшыларын сайлады. Үй тапсырмасын тексеру үшін әр түсте мәтін бойынша тізбектелген сұрақтар жазылды. Тиімділігі үй тапсырмасын сыныптың басым бөлігінен сұрауға мүмкіндік туды. Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға бүгінгі сабаққа қандай мақсатпен, не үйренуге келдің деген сұрақтар сәтті қойылды деп ойлаймын. Себебі, сабақ соңында өздері қойған мақсаттарына жеткені қуантты. «Блум таксономиясы» бойынша сұрақтарға топтар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап берді. Ең алдымен, білу категорясы бойынша Шыбық туралы және автор туралы қаншалықты білетіндерін сұрадым. Түсіну категорясы бойынша оқушылар мәтінді оқып, оқығанын түсініп және сол туралы топта қысқаша мазмұнын айтты. Бұл оқушылар үшін сәтті, себебі бірін-бірі толықтыруға көмектеседі. Қолдану категорясында қойылған сұрақтар арқылы оқушылар түсіну деңгейіне қарағанда мәтінді тереңірек игеруіне көмектесті. Талдау категориясында салыстыруға берілген тапсырмалар сәтті болды деп ойлаймын. Өйткені, оқушылар мәтіннен ауа райының өзгерістерін дәл тауып, қорытынды шығара білді. Бұл категория мәтіннің мазмұнын білумен қатар оның ішкі құрылысына да көңіл бөлгендіктерін аңғартады. Жинақтау категориясында 1, 2 топқа Темірге хат жаздыру, 3, 4, 5 топқа мәтін бойынша суреттеуге тапсырмалар берілді. Олар топта мәтін бойынша алған бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, ойларын жинақтай алды. Бағалау категориясында осы мәтіннің қаншалықты маңызы бар? неге? неліктен? деген сұрақтар қойдым. Олар кейіпкерлердің істеріне баға бере отырып, орнында өздері болған жағдайда не істейтіндерін айта білді. Оқушылардың жауабы көңілімнен шықты. Кері байланыс кезінде сабақтың басында қойған мақсаттарының орындалғаны көрінді. Бағалау кезінде Мирас деген оқушымның мәтінді түсіндім, бірақ ойымды ашып жеткізе алмадым деген сөзі маған ой қалдырды. Алдағы сабақтарда жекелей жұмыс түрлерін ұйымдастыру керектігін түсіндім. Жалпы, сабағым мақсатына жетті.

Бұл сабақтан түйгенім:

  1. Нақты, жүйелі түрде жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушының тіл байлығын арттыруға болатынын түсіндім.
  2. Әр оқушының ойлануына уақыт бере отырып, оқушы жауабын тыңдау керектігін ұқтым.
  3. Әр сабақтан кейінгі рефлексия жасаудың тиімділігін байқадым.

Имадилова А. Б.


Ұқсас жұмыстар
Физика сабағында Блум таксономиясын қолдану: сыни тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесі
Информатика пәнінде инновациялық оқыту технологиялары мен Блум таксономиясын қолдану тәжірибесі
Сабақта Блум таксономиясын қолданудың оқушылардың сыни ойлау дағдылары мен танымдық қабілеттерін дамытуға әсері
Коучинг сабағының жоспары мен рефлексивтік есебі: Коуч - өз мақсатыңа жету жолындағы демеуші
Математика сабағында жаңартылған оқу жүйесі мен Блум таксономиясын қолдану: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сабақ жоспары
Блум таксономиясын қолдана отырып өткізілетін математика сабағы: Айналу денелері (цилиндр, конус, шар)
9-сынып рефлексивтік есебі: Радиоактивті изотоптар, қолданылуы және сәуледен қорғану
Бастауыш сыныпта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің рефлексивтік есебі
9-сыныптың рефлексивтік есебі: Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
9-сынып рефлексивтік есебі: Дене импульсі және импульстің сақталу заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz