Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Орыс тілінде

Рудный қаласы әкімдігінің <<№ 10 мектеп-гимназиясы>> КММ

Мастер класс

<<Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясының элементтерін қолдану>>

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кистаубаева Райхан Нургужевна.

2014-2015 оқу жылы

Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
1. ойын туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы
2) Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері
3) Құрылымы
4) Сапалылығы және бағыттары
5) Түрлері және қолданылуы, теориясы
6) Практикалық тапсырмаларды мұғалімдермен өткізу
7) Бала ойынында педагогтың рөлі
ІІІ. Қорытынды бөлім
Дидактикалық ойынның маңызы
IV Әдебиеттер тізімі

Эпиграф:

<<Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды>>


В.А. Сухомлинский

І.Кіріспе бөлім
Ойын технологиясы оқу үрдісін қызықты және тартымды болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әдіс, сабақ формасы болып табылады.
Ойын - бала үшін дағдылы және оқытудың тиімді формасы. Ойын арқылы оқыта отырып, біз оқу материалын ересектерге түсіндіргендей емес, бала жанына жақын дағдылы жағдайда қабылдауына ықпал етеміз.
Ойын кездейсоқ бір жағдайдан екінші жағдайға көшу үшін емес, оқу әрекетіне құрылған, балаға таныс түрінде жүйелі жасалған үздіксіз үрдіс деп қарау керек. Ойын бала үшін алғашқы ойлау мектебі болып табылады.
Ойын технологиясын қолданудың мақсаты оқушылардың сабақта танымдық әрекеттерін дамыту. Ойын бұл іс жүзінде даму. Бала ойнайды,себебі дамиды. М.Әуезов: << Жақсы ойын жақсы жұмыс сияқты, жаман ойын жаман жұмыс сияқты>>-дейді.
Ойын әдісін қолдану мақсаты, жолы-лексиканы меңгеруге деген қызығушылықтарын ояту тілдік қатынас жасауға деген талабын ашу.
Тиімділігі - ойындар ойнау кезінде тілдік қарым-қатынастар ерекше маңызға ие болады. Кәсіби сөздерді естерінде сақтауға мүмкіндік береді. Сауатты, мәдениетті түрде сөйлей білуге жаттығады.
Нәтижесі-сөздік қорын молайтады. Өз бетінше тілді үйренуге септігін тигізеді, тілін дамытады.
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі.
Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: <<Адам ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе. Дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Ойын технологиясы оқушылардың белсенділігін арттырады, ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, ізденіске жетелейді.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
ІІ. Негізгі бөлім
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты:
1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.
2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті:
1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына
байланысты болады.
Дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт бағытта жүргізген дұрыс:
Бірінші бағыт - дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интелликтуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;
Екінші бағыт - оқушыларға ізгілікті тәрбие беру - оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайдалана отырып, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;
Үшінші бағыт - түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу;
Төртінші бағыт - оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу;
Ұлттық ойын
Оқу үрдісіне ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады монда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта иүседі. Сонымен қатар ұлттық ойындары оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен <<ханталапай>> ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
<<Ханталапай>> ойыны.
Ойының шарты: қоржынға 1-ден 7-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып,оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді.
№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?
№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?
№ 3 Сен қай күні демаласың?
№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?
№ 5 Бүгін аптаның қай күні?
№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?
№ 7 Ертең қай күн болады?
<<Ақсүйек>> ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.Мен <<ақсүйекті>> 2-сыныпта сан есім тақырыбын өткенде сан есімі бар мақал-мәтелдерді айтқызу үшін қолдандым. 3- сыныпта негізгі және туынды зат есім тақырыбында негізгі зат есіммен туынды зат есімді табу үшін ойнаттым. Бұл ойында кез-келген қималарды таңдап алып, тапсырманы орындау керек.
Грамматикалық ойын
Бұл әдістемелік құралдағы грамматикалық ойындар оқушының тілін, ой-ұшқырлығын дамытады, тапқырлыққа жетелейді, өзіндік пікір айтуға жағдай жасады және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Фонетикалық ойындар оқушылардың сауаттылығын арттырады, дыбыстарды терең меңгеруге көмектеседі.
Ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Олардың білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді, ізденімпаздығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады.
Қазақ тілінің грамматикасын, орфографиясын, пунктуациясын тереңірек меңгеруге баулиды. Мен бұл ойын түрін балалардың сауаттылығын дамыту үшін пайдаланамын. Сонымен қатар <<Жаңылтпашты жаңылмай айт>>, <<Мақалды дұрыс оқы>>, <<Мақалды жалғастыр>> ойындарды өткіземін. Сол ойынның бір түрі
<<Полиглот>>.
Сөздерді ағылшын тіліне,қазақ тіліне, орыс тіліне аудару.
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
Ағылшын тілінде
Көктем
Весна
spring
Мереке,
Праздник
holiday
Ойындар
Игры
games
Отан
Родина
motherland
Мектеп
Школа
school
Логикалық ойын.
"Сұрақ - жауап" ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
"Жоғалған әріптер" ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран
к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.
Қимыл-қозғалыс ойыны Мен бұл ойын түрін оқушылар жаңа сабақты жақсы меңгеру және бекіту үшін қолданамын.
<<Ұшты-ұшты>> ойыны. Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.
1-топқа
2- топқа
Ұшты-ұшты - тарақ ұшты
Ұшты-ұшты - жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты - үкі ұшты
Ұшты-ұшты - түлкі ұшты
Ұшты-ұшты - бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты - үйрек ұшты
Ұшты-ұшты - қызғыш ұшты
Ұшты-ұшты - сызғыш ұшты
Ұшты-ұшты - кекілік ұшты
Ұшты-ұшты - кекілің ұшты
Ұшты-ұшты - іркіт ұшты
Ұшты-ұшты - бүркіт ұшты
Ұшты-ұшты - ебелек ұшты
Ұшты-ұшты - көбелек ұшты
Ұшты-ұшты - тырна ұшты
Ұшты-ұшты - тырма ұшты
Практикалық тапсырмаларды мұғалімдермен өткізу
Бұл - оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
"Ой - ойыннан басталады" десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын - ойын.
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын ойын түрлерін қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.
Қазақ тілі апталығында өзімнің күнделікті қолданып жүрген : <<Алтын күз>>, <<Тақия>> <<Бақытты сәт>> ойындарын өткізіп, мұғалімдермен тәжірибеммен бөлістім.
"Алтын күз" ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға картоннан жасалған ағаштың бейнесі ілінеді. Жапырақтардың сыртына бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы жапырақты алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, жапырақты ағашқа іледі. Осы жапырақтағы сұрақтарға жауап бере отыра,күзгі ағаш бейнесі шығады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды.
Педагогтың бала ойынындағы рөлі
Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы.
ІІІ.Қорытынды
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. <<Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам>>, -дейді. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады>>, -дейді.
Қорыта келгенде, ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж. (барлық пәндер бойынша)
2. Бастауыш мектеп Алматы, 2003 №9
3. Бастауыш мектеп Алматы, 2001 №3
4. Қазақстан мектебі Алматы, 2002№5
5. Бастауыш сыныпта оқыту Алматы,2011№1
6. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) Алматы кітап 2010ж
Авторы: Ж.Қ.Балтабаева.

Ұқсас жұмыстар
Балаларды орыс тіліне, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту
Абайды оқы, таңырқа... әдеби-сазды кеш
Тіл дамыту
Архимед күші тақырыбына есептер шығару. 7 сынып
"тіл шебері" сайысының сценарийі. 9 сыныптар
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы
Орыс тілі
Сөздік жұмысы
Пәндер