Шағын қала

Тақырыбы: СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
Мақсаты: Солтүстік Қазақстан туралы мәлімет беру және алған білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы тексеру.
Оқыту әдістері: СТО- топтастыру, талдау; проблемалық сұрақтар туғызу, ізденушілік, ақпараттық алмасу, көрнекіліктер.
Ұйымдастыру: топтық
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалдарды меңгеру.
Стратегиялар:
- «Миға шабуыл».
- Картамен топқа бөлу.
- «Мен, сен, біз».
- «Ойлан, жұптас, бөліс».
- Карусел
- «Буреме».
- Рефлексия
Оқу құралдары: Солтүстік Қазақстанның экономикалық, физикалық картасы, электрондық оқулық.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ барысы:

СҚ-ның ЭГЖ және табиғат жағдайы. «Ойлан, жұптас, бөліс».
Солтүстік Қазақстан аумағына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары кіреді. Аумағы 566мың км 2 ; Халқы 3720 мың адам. Шаруашылығының маманданған салалары: агроөнеркәсіп кешені ( жаздық бидай, етті-сүтті мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі), теміррудасы, көмір өндіру. Табиғат жағдайының қолайлылығы аумағының барлық жерінде егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіншілік береді.
Табиғат ресурстары: Солтүстік Қазақстан минералды ресурстарға бай. Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар. Жалпы жер ресурсының 90% -ы ауыл шаруашылығына қолайлы болса, оның 61% -ы жайылым, 37% -ы% -ы егіншілікке пайдаланылады. Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі - тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз, әктас т. б.
Ауыл шаруашылығы: Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қара топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығының дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) жазықтық бидай. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық жне шалғындық жерлер де мол.
Қалалар. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда 23 қала мен 12 кент бар. Мұнда еліміздің маңызы бар және еліміздің астанасы - Астана қаласы орналасқан. Ақмола облысының құрамында облыстық дәрежедегі екі қала бар, олар-Көкшетау мен Степногорск.
География тобы:
1-тапсырма:
Солтүстік және Батыс Қазақстанның экономикалық -географиялық жағдайын салыстыр .
Жоспар бойынша.
А) Қазақстанның экономикалық аудандарына байланысты аумағының орналасуы.
Ә) Ірі су қоймаларымен өзендеріне байланысты орналасуы.
Б) Пайдалы қазбалардың кен орындарына байланысты орналасуы.
Химиктер тобы:
2-тапсырма: Солтүстік Қазақстан қандай табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген? Мәтінді, атласты пайдаланып, кестені толтыр.
Батыс Қазақстан - Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі өлке. Портты облыс. Батыс аймақ Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары және экономикасы дамыған Орал мен Еділ маңы (Ресей) аудандарымен шектеседі. Теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан. Теңіз арқылы Иран, Әзірбайжан және Ресейғе шығады.
Солтүстік Қазақстан - Ресейдің Орал және Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектеседі. Ірі теміржолы магистралі өтеді. Торғай үстірті, Қазақтың ұсақ шоқысы және Солтүстік Қазақстан жазығы орналасқан.
ә) БҚ- ең суы мол және кеме қатынасына жарайтын жалғыз өзен -Жайық. Су қоймасы-Бітік, Қарғалы, Киров, Дөңгелек. Каспий теңізі.
С Қ- ірі СҚ-Сергеев су қоймасы. (Есіл өзені, ауданы-117км 2 ), Қостанайдағы-Тобыл су қоймасы(Тобыл өз. -87, 4км 2 ) .
б) БҚ - Мұнай, газ, хром, никель. Жер қойнауында - темір, марганец, т. б; Құрылыс мат. -әктас, гипс т. б Орал, Ембі(Доссор, Мақат, Құлсары) -мұнай-газ.
СҚ- минералдарға бай. Көмір-Екібаст. б; темір кені-Қостанай. Құрылыс мат. -тас, саз, әктас, т. б . . .
Биологтар тобы:
3-тапсырма : Мәтінді, атлас карталарын пайдаланып, егістік жер үлкен болған сайын, жалпы астық жинау мөлшері де жоғары болады деген заңдылықты дәлелде. Егістік жер аумағын ұлғайтпай - ақ, астық жинаудың мөлшерін көтеруге бола ма? Жауаптарыңды негізде.
Этногрофтар тобы:
4-тапсырма :Бұл қай қала? Неге олай ойлайсың? Қаланы сипатта.
1. Шағын қала. Мұнда Васиьков кен -байыту комбинаты жұмыс істейді.
2. Қала есіл өзенінің жағасында орналасқан, ауыл шаруашылығы машиналарын шығару дамыған.
3. Қаланың экономикалық дамуына қолайлы ЭГЖ, көмірдің, мыстың, алтынның мол қоры ықпал етеді. Алюминий зауыты бар.
4. Қала темір мен асбесттің кен орындарын игерудің нәтижесінде дамыды.
3. Кластер
1. Көкшетау; 2. Астана; 3. Павлодар; 4. Қостанай.
(толық сипаттама бере алуы тиіс)
«Буреме».
. . . барамын
. . . бағамын.
. . . қазамын
. . . көремін.
Бағалау шкаласы:
«5» - 17 - 20 балл (100%-89%)
«4» - 14 - 16 балл (75%-88%)
«3» - 10 - 13 балл (50%-74%)
«2» - 0 - 9 балл (50%-дан төмен )
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz