Не? Қандай? Қалай? - математикалық сауаттылық пен шығармашылық ойлауды дамытуға арналған практикалық сабақ

Тақырыбы: «Не? Қандай? Қалай?»

Мақсаты: оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, шығармашылық ойлауын дамыту, практикалық тапсырмаларды тапсырмаларды орындауда жүйелілік, нақтылық, логикалық қабілеттерін қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайд, проектор, сыр сандық.

Шарты: командалар саны - 3, әр сұрақ оқылғаннан кейін ойлануға 1 минут, практикалық тапсырмаларға - 3 минут, барлық командалар бір уақытта жауапты жауап параққа жазу арқылы жауап береді, сарапшылар тексереді, қызықты, ерекше, дұрыс жауаптар оқылады.

І. Ұйымдастыру

ІІ. Негізгі бөлім.

Сұрақтар:

Сұрақ №1

0-ден 9-ға дейінгі цифрларды жазып көрсетіңдер.

Сұрақ №2

Грек философы Зенон қызықты парадокстардың қатарында А нүктесінен В нүктесіне дейінгі қатықты жүріп өтуге болмайды деп көрсеткен. «А-дан В-ға дейінгі қашықтықтың алдымен жартысын жүру керек, содан кейін қалған жолдың жартысын, содан кейін одан қалған жолдың жартысын жүру керек. Осылай шексіздікке дейін жалғаса береді. » деген. ½+1/4+1/8+1/16 . . . математикалық білімдеріңді қолданып, А нүктесінен В нүктесіне дейінгі қашықтықты толық жүруге болатынын дәлелдеңдер.

Жауап: Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысының формуласымен есептеу арқылы «1» деген жауап алынады, яғни толық жол жүрілді.

Сұрақ №3

Практикалық тапсырма. Құралдар: Үш бірдей кубик, сызғыш. Ешбір есептеулерсіз кубиктің диагоналін есептеңдер.

Сұрақ №4

Практикалық тапсырма. Құралдар: карта, қол сағат, сызғыш. Жайық өзенінің Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығын табыңдар.

Сұрақ №5

Бір бөлмеде үш лампочка және олармен жалғанған үш қосқыш бар. Әр лампочканың қосқышын қалай анықтауға болады. Бөлмеге тек бір рет кіруге болады.

Сұрақ №6

Блиц.

  1. 0 мен 1 санының арасына қандай таңба қойғанда 0-ден үлкен, 1-ден кіші сан шығады? Жауап: 0, 1 /үтір/
  2. Ребусты шеш. ?2?^{2}жауап: «Екінші дәрежелі сұрақ»
  3. Барлық нүктелері бір нүктеден бірдей қашықтықта жататын фигураны ата. Жауап: сфера

Сұрақ №7

Екі оқушы альбом алу үшін дүкенге келді. Біреуіне 10 теңге жетпеді, ал екіншісіне 70 теңге жетпеді. Екеуі ақшаларын қосса да, альбом алуға жетпеді. Альбом неше теңге тұрады?

Жауап: альбом 70 теңге тұрады

Сұрақ №8

Жазықтықта екі қиылыспайтын параллелограмм берілген. Екеуін бірдей бөліктерге бөлетіндей түзу жүргізіңдер.

Сұрақ №9

Бұл қандай фигура?

Шарждар. Бұл фигураларды құрайтын бөліктерді біріктірсе қандай фигура шығады? Бұл қытай шытырманы қалай аталады?

Жауап: квадрат

Сұрақ №10

Жылдың соңғы айы декабрь деп аталады. «дека» - гректің он деген сөзіне шыққан. Сол сияқты «декалитр, «декада», т. б. сөздер шыққан. Бұл сәйкессіздікті қалай түсіндіресіңдер?

Жауап: жыл басы - наурыз деп есептегенде, желтоқсан айы 10-шы.

Сұрақ №11

Сыр сандық.

Бұл зат Ежелгі Грекияда ойлап табылған. Оны қолдана білу шеберліктің белгісі деп саналған, ал қолданып есеп шығара алу - нағыз жоғары ақыл иесі деп есептелген. Осы уақытқа дейін оның құрылымы еш өзгерген жоқ. Бұл қандай зат?

Жауап: циркуль

Сұрақ №12

Рим нумерациясы. М - 1000, D - 500, C - 100. L - 50. X - 10, V - 5, I - 1. Тарихи ғимараттың маңдайшасынан MDCCLXXXIX деген жазуға қарап, бұл ғимараттың қай жыл тұрғызылғанын айтыңдар.

Жауап: 1789 жыл

ІІІ. Қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған математикалық сауаттылық таңдау курсының бағдарламасы
Деңгейлік бағдарлама негізінде функционалдық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту әдісі
4-сынып: Қожанасыр әңгімелері - мінез тәрбиесі мен шығармашылық ойлауды дамытуға арналған сабақ жоспары
Көңілді көктем: әлеуметтік-танымдық, математикалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған оқу іс-әрекеті
Бастауыш сыныпта заманауи педагогикалық технологиялар арқылы шығармашылық пен сыни ойлауды дамыту
Ө. Тұрманжановтың Жыртық кітап жылады өлеңі: кітапқа құрмет пен шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған сабақ
Не қалай дыбыстайды? Төрт түлік малды таныстыру арқылы тіл дамыту
6-сыныпқа арналған Ақшаны қалай табуға болады тақырыбындағы экономика негіздері және қаржылық сауаттылық сабақ жоспары
Математикалық сауаттылықты дамытуға арналған бақылау жұмысы (5 нұсқа)
Геометриялық денелер мен логикалық ойлауды дамытуға арналған сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz