Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Цифр қай елдің сөзі

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Математика және физика пәнінен
<<Озық ойлы-оқушы>> атты сайыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Жылдамдылыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жоспар:
1 <<Кім көп біледі?>>
2 <<Шебер қолдар>>
3 <<Ойлан, тап!>>
4 <<Сен білесің бе?>>
5 <<Біліміңді сынап көр!>>
6 <<Кім жылдам?>>

Сәлемдесу.
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын.
2-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар
Шаршамайтын қыс - жаздар.
2-жүргізуші: Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып.
1-2-жүргізуші: Бәріңізге бір сәлем!
1-жүргізуші: Енді кешті бастайық.
Екеуміз асып саспайық.
2-жүргізуші: Ду қол шапалақтап,
Қарсалайық топтарды.
1-жүргізуші: Сайысатын <<Алғырлар>> мен <<Тапқырлар>>
2-жүргізуші: Сайыс шарттарымен таныстыра кетейік.
1- бөлім <<Кім көп біледі?>>
2- бөлім <<Шебер қолдар>>
3- бөлім <<Ойлан, тап!>>
4- бөлім <<Сен білесің бе?>>
5- бөлім <<Біліміңді сынап көр!>>
6- бөлім <<Кім жылдам?>>

Сәлемдесу. <<Алғырлар>> тобы:
Шарықтап жарыстарды сан-салалы,
Алғырлар жарғалы зер салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар тобын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туын желбіретіп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

<<Тапқырлар>> тобы
Осындай алғыр достар кез-келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда женгенге- не?
Қарсылас болғанымменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметпен алғырларда ой- саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.

1-бөлім
1-жүргізуші: <<Кім көп біледі?>>- бұл бөлімде сұрақтар беріледі, сұрақтар 10-20-30-40 ұпай болып беріледі. Қай топ бірінші жетон көтерсе, сол топ жауап береді.

1.Бір жылда неше тәулік бар? Жауабы: 365
2.Жолдың жылдамдыққа қатынасы? Жауабы: уақыт
3.Алгебра қай сөзден шыққан?
Жауабы: "Әл жебр"- деген араб сөзі.
4."Физика" сөзін ғылым ретінде енгізген ғалым?
Жауабы: Аристотель
5. 7-ге қарама-қарсы сан?
Жауабы: -7
6.Бүкіләлемдік тартылыс деп нені айтамыз? Мысал келтір.
Жауабы:Бейнетаспада.
7.Ноль қай елдің сөзі, қандай мағынаны білдіреді?
Жауабы: Үндістанда шықты. "Жоқ" деген мағынаны білдіреді.
8.Барометр ішіндегі сұйық?
Жауабы: сынап
9.Бұрышты өлшейтін құрал?
Жауабы: транспортир.
10.Алғашқы Нобель сыйлығын алған физик ғалымы кім?
Жауабы: Рентген.
11.Қай санды бөлуге болмайды?
Жауабы: 0
12.F, M, A қандай физикалық шамалар?
Жауабы:F(күш) M-(күш моменті) A-(жұмыс)
13.Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?
Жауабы: аксиома.
14.Жылу беру кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы?
Жауабы: жылу мөлшері.
15.Тік бұрышты координаттар жүйесін кім енгізді?
Жауабы: француз математигі Рене Декарт.
16.Электр шамының сымы неден жасалған?
Жауабы: Вольфрам.
17.Шамасы 180˚С тең бұрыш қалай аталады?
Жауабы: жазыңқы бұрыш.
18.Тізбектегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы байланысты тағайындаған кім?
Жауабы: Ом.
19.Үш бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
Жауабы: 180˚С
20.Атом құрылысын зерттеген кім?
Жауабы: Эрнест Резерфорд.
21."Дәреже" таңбасын кім ұсынды?
Жауабы: Р. Декарт.
22. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы не деп аталады?
Жауабы: ішкі энергия.
23.Катет қандай үшбұрышта болады?
Жауабы: тік бұрышты үшбұрыш.
24.Будың сұйыққа айналу құбылысы?
Жауабы: конвенция.

2-бөлім
2-жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі <<Тәжірибе>> мұнда әр топ тапсырма бойынша физикалық тәжірибелер жасайды. Ұпай саны 50
1-топқа.
Екі жұмыртқа алынады бірііншісі піскен, екіншісі шикі.
Сұрақ. Осы екі жұмыртқанын піскен, піспегенін қалай анықтаймыз?
Себебін түсіндіреміз.
Жауабы: Тығыздыққа байланысты қатты және сұйық денелердің тығыздығына байланысты. Піскен жұмыртқаның тығыздығы реттеліп қозғалады.Сондықтан айналуы жылдам.
Ал шикі жұмыртқаның көлемін малекулалар толық алып тұрады, ретсіз қозғалысқа түседі. Бір бағытта қозғала алмайды.

2-топқа.
Көлемдері әртүрлі екі шеге және тақтай балға аламыз. Осы шегенің
қайсысын жылдам тақтайға қағуға болады?
Жауабы: Ауданы шегенің қаншалықты жіңішке, кішкене болса ол тез қағылады. Бұл қысымға байланысты. Яғни ауданына мән береміз. Ауданы қаншалықты үлкен болса соншалықты үлкен күш жұмсалады.

3-бөлім
1-жүргізуші: <<Ойлан, топ>> бөлімінде логикалық сұрақтар беріледі.
Әр сұрққа 30 секунд, дұрыс жауап 20 ұпай.

1-топқа.
1. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз
бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе?
Жауабы: естиміз
2. Бұлақ 12 минутта бір бөшке су берсе, тәулігіне қанша су береді?
Жауабы: 120 бөшке өйткені 24 минут 24 сағаттан 60 есе кем
болғандықтан, 12 минут 24 сағаттан 20 есе кем.

2-топқа.
1. Бір бөлмеде үш шам, ал оларды жағатын үш қосып-ажыратқыш басқа бөлмеде. Шамы бар бөлмеге бір-ақ рет кіріп , қай қосқыш қай шамдыкі екеннін қалай анықтауға болады?
Жауабы: Бірінші қосқышты қосып, бір минуттай тұру керек.
Сосын екінші қосқышты қосып, жанып тұрған бөлмеге кіру керек.
Бірінші қосқышқа сәйкес шам жылы болады, салқыны үшіншісі
болады.

2. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде жеті ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде
жеті күшік. Барлығы неше күшік бар?
Жауабы: 49 күшік

4-бөлім
2-жүргізуші: <<Сен білесің бе?>> Ғалымды суреті арқылы табу.
Ашқан жаңалығы туралы мәлімет. Әр жауапқа 20 ұпай.

1-топқа.
Ұлы ғалым Пифагор б.з.д. 570 жылы Самос аралында туған. Пифагор теогремасы Пифагорға дейін де белгілі болған, бірақ оны жалпы түрде дәлелдеген Пифагор.

Атақты француз ғалымы Андре Мари Ампер 1775 ж. Лион қаласында дүниеге келген. 1814 ж. өз бетiнше Авогадро заңын ашқан. Ток күшiнiң анықтамасын ұсынды.

2-топқа.
Декарт Рене (1596-1650), француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Координаттық жүйесін енгізген.

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. Бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан.

5-бөлім
1-жүргізуші: <<Біліміңді сынап көр!>> бөлімінде берілген формулаларға, дұрыс атын бағытпен көрсету. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
1-топқа.
P = UI - Токтың қуаты
U = IR - Электр кернеуі
I = q / t -Ток күші
V=(1/3) Sh -Перамиданың көлемі
Д=в²-4ас -Квадрат теңдеу
(хⁿ)′=n x ⁿ־¹-Дәрежелік функцияның туындысы
P=(а+в+с)/2 -Периметр үшбұрыш
2-топқа.
У=Iogах - Логарифмдік функция
S=ab - Аудан
У=f(х) - Функцияның берілуі
Sinx, Сosx, tgx, Ctgx- триогонометриялық функция.
P=F/S -Қысым
t=S/U- Уақыт
Fa=mg- Ауырлық күші

6-бөлім
2-жүргізуші: <<Кім жылдам?>> бөлімінде берілген сұрақтардың жауабын, әріптерді құрастырып, жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

1-топқа.
1. Атом неше бөліктен тұрады? (екі)
2. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)
3. (3,5)- таяқтың неше ұшы бар? (сегіз)
4. Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ,
қыста жер бетін басады,
жазда сайға қашады. (қар)
5. Цилиндр деген қандай мағананы білдіреді? (оқтау)
6. Бар жоғын білмейсің,
онсыз өмір сұрмейсің? (ауа)
7. Кемпір қосақтың неше түсі бар? (жеті)
8. Бір жазықта жатпайтын түзулер? (айқас)
9. Бір жаудың екі күзетшісі екі тыңшысы,
32 бөрісі бар. Бұл не? (бас)
10. Күн жүйесінің құрамында,
қанша планета бар? (тоғыз)

2-топқа.
1. S=V*t формула? (жол)
2. 1кг мақта ауыр ма,
1кг темір ауыр ма? (тең)
3. Ньютонның 1876ж бүкіл әлемдік тартылыс
заңын ашуына себеп болған не? (алма)
4. Қос құлақты жүз түсті,
Жүзінен бірақ із түсті. (ара)
5. Әр аттас зарядтар
бір-бірімен тебілеме? (жоқ)
6. Цифр қай елдің сөзі? (араб)
7. Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ)
8. Молекулалар түзетін кішкене
бөлшектер? (атом)
9.Табиғи жарық көзі? (күн)
10. Аса қажет өмірге халық үшін,
пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

Қорытынды:
1-жүргізуші: Білім алып, биік шыңға самғаймыз!
Бар білімді болашаққа арнаймыз.
Желбіретіп, татулық пен достықтың
Жеңіс туын биік ұстап әрқашан- дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Сөз кезегін сарапшыға береміз,сол арқылы қорытындысын шығарып топтарды марапаттаймыз.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

№12 Колледж
Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны

Тақырыбы: Математика және физика пәнінен
<<Озық ойлы-оқушы>> атты сайыс.

Мұғалімдер: Алдабергенова А.
Насирова Ф.

Сарыағаш қаласы.
2013- жыл

Ұқсас жұмыстар
"эрудит" математикалық танымдық интеллектуалдық ойыны
Математикалық сөзжұмбақ
Сәлеметсіздерме ұстаздар
Кімнің сөзі
Сандар сыры
"химия және денсаулық" сыныптан тыс іс-шара
Екілік жүйе Сегіздік жүйе
Экономика әлемінде
Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта
Болашақ - білімді ұрпақта
Пәндер