Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Баяндама

Тақырыбы: Психология ғылымының жетістіктерін қолдану арқылы оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Дайындаған: Сатжанова А.

Атырау 2013 ж.
Тақырыбы: Психология ғылымының жетістіктерін қолдану арқылы
оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Мақсаты: Психологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала
отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-
жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуына ықпал ету.

Психология ғылымы бүгінгі таңда тәжірибелік қажеттілік деңгейінде қарастырылып отыр. Біздің бағытымыз тәжірибелік психологияда зерттеу нәтижесі тест тапсырма , сұрақнама арқылы өзіндік танымды бақылауға мүмкіндік беру.
Ғылыми әдебиетте <<психодиагностика>> түсінігін 1924 жылы швейцар психологі Герман Роршах енгізген. Қазіргі психодиагностиканың тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл кезде эмпирикалық психологиялық білімге талдау жасауда шешуші ролді дәрігерлер алған. Дәрігер психиатр қауымы ауруға жүйелі бақылау жасап, оның нәтижесін талдай бастады.
Сол кезде психодиагностика бақылау, сұрақтама, құжаттарды талдау сияқты әдістер шыға бастады. Психодиагностиканың сандық әдістері ХІХ ғасырдың екінші жартысында шыққан деп есептеуге болады. Сол кезде алғаш рет неміс психологы В.Вундттың басшылығымен бірінші рет эксперименталды психологиялық лабаратория ашылды. Онда техникалық құрал қолданылуы арқылы тәжірибеге енгізілген.
Алғаш психологиялық экспериментсіз арнайы психометрикалық мекеме Англияда Гальтонның басшылығымен ашылды. 1874 жылы ол антрометрикалық лабараторияның негізін салды. Ондағы негізгі мақсаттың бірі адамның іскерлігімен статистикалық мәлімет алу болды. Гальтон 1877 жылы психологияда психокоррекция әдісін ұсынды. Бұл пікірмен ол математик Пирсон және Фишердің назарын өзіне аударды. Фишер дисперсоналдық талдау жасап шығарды. Бұл еңбектің нәтижесі 1904 жылы спирменнің еңбегінде жарық көрді.
Кейіннен Айзенк және Кеттел психодиагностикада жеке тұлғаның ерекшелігі үшін факторлық талдауды қолданды. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А.Бине ең алғаш рет интелектінің статистикалық қалыптасқан тестін жасап шығарды. Симон бұл тестті жетілдіріп, психодиагностикаға Бине - Симон тесті ретінде енгізді.
Білім беру оқыту әрекетіндегі міндеттеріне сәйкес диагностикалау. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой , білім, білік, жалпы даму деңгейін диагностикалау және дамыту, түзету Замбицявичен, Керн - Иерасек, Мюнстенберг, Прохоров. Икем дағдысы, ептілігі, қисынды ойлауы жоғары оқушыларды қабілеттеріне қарай анықтау, саралау ШТУР-ОДМТ Амтхауэр. 9-11 сынып оқушыларының мамындық таңдау бағытандағы қызығушылығын диагностикалау Голомшток, Голланд. Жеке тұлғаның басты өлшемдері Айзенк зерттеуі. Тұлғааралық қатынасты анықтайтын әдістерді Ф. Гудифактың тестіне негізделіп, 1946 ж. К.Маховер жасаған. Әдістеменің мақсаты: баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері. Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі.Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажетгілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы - қажеттілік десек, қажеттілік - адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажеттілікке байланысты қозады.К. Левин зерттеулерінде адамның қажеттілігін қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі - адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бірсарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады. Бұл тәсілдер адамның жеке басының қасиеттерін зерттеуге арналған.Әлеуметтік қүбылыстарды зерттеу тәсілін "социометрия" - әлеуметтік өлшеу - деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы психолог Дж. Морено. Бұл әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге бөлінеді: біреуі - сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі - өзге адамның жеке басының қасиеттерін қалайды.
I тапсырмада социометриялық тәсілдің сәтті болуы -зерттеліп отырған адамдардың шынын айтуға байланысты. Сыналушы анкета ұсынарда зерттеуші біздің сырымызды біліп алғысы келеді - деп қаймығуы мүмкін. Бұл іске бөгет жасайды. Төменгі сыныптағыларда қаймығу деген болмайды, сондықтан зерттеу көбінесе солармен өткізілгенде сәтті болмақ. (5-7 сыныптарда).
Социометрия тәсілін қолдану мынадай кезеңдерден тұрады:
1) әдейі мақсат қойып, тәжірибеде қамтылған адамдардың өзара қатынасын зерттеу;
2) мақсатқа сәйкес анкета жасап, оларды сыналушыларға тарату;
3) зерттеуге катысушылардың шынын айттыру үшін олардың жауабын өзгелерге жария етпеуді ескерту;
4) тапсырма орындалғаннан кейін әркімнің қалағандары мен қалаудан тыс қалғандарды анық көрсететін кестемен диаграмма жасау;
5) диаграммада көрсетілген мәліметтер бойынша тәжірибеге қатысушылардың өзгелерді қалауы мен қаламауы туралы тиісті дәлелдер мен себептерін білу.
Үлгі ретінде кесте мен диаграмма құрастыру үшін мынадай анкета ұсынылады:
1 . Сыналушының аты
2. Құрбыларыңның қайсысын туған күніне шақырар едің?
3. Саяхатқа өз тобыңнан кіммен бірге барғын келеді?
Сұрақтардың саны оннан кем болмауы тиіс.
Социометрия арқылы жинақталған мағлұматтарды қорытып диаграма жасау жалпы психология оқулығында көрсетілген.Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын: 1) жеке тұлғаның бақыты; 2) темперамент; 3) мінез; 4) қабілет. Әр адамның өзгешелігі көптеген себептерге байланысты - ең алдымен айналысқан іс-әрекетке, от басындағы тәрбиеге мектептегі тәрбиеге және басқа да өмірлік жағдайларға.Ал психикалық процестерге жататын - түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін.Эмоциялық қасиеттер - сезімдер.Жігерлік қасиеттер - ерік.Нақты іс-әрекетте психикалық процестер тығыз байланысып жатады да оларға адамның психикалық қасиеттері нақты әсер етеді. Сол байланыстардың ішінде жеке тұлғаның бағыты ерекше маңызды орын алады.Жеке тұлғаның бағыты - көзқарас, пікір, қажеттіліктер,қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады. Қазіргі кезде біздің республикада өзекті психологиялық мәселелерді анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер шыға бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті, бірнеше ғылыми-теоретикалық конференциялар өтті (1990, 1994, 1996, 1998 жж.) монографиялар, оқу пособиялары, оқулықтар басылымдары шыға бастады. Әдістемелік өңдеулер биографиялық көрсеткіштер терминологиялық сөздіктер пайда болды. <<Ұлттық білім беру мен тәрбиелеу>> атты Алматы облыстық ассоциациясына кірісті психологтардың іс-әрекеттері белсенді болу да. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де этнопсихология және этнопедагогика орталығы қайтадан жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылыми және практикалық іс-әрекетпен айналысатын психологтардың саны 300-ден асты. Біздің ойымызша, Қазақстандағы психология ғылымының мәселелерінің бірі осы үлкен аймақтың экологиялық, демографиялық, этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, осы білімнің теоретикалық, методологиялық негіздірен құру. Себебі Батыста жүргізілген психологиялық зерттеулердің негіздеріне сүйенген әдістер теріс нәтижеге әкелуі мүмкін. Психология саласындағы басты бағыттардың бірі біздің ойымызша этикалық жеке адамның құрылуы мен дамуының жолдарын зерттеу, психиканың туғаннан кәрі шаққа дейінгі дамуының жоғарғы рухани адамгершілік жүйесіне тәрбиеленуінің, Қазақстандық патриотизм сезімінің құрылу механизмдерінің заңдылықтарын ашу.
Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделiктi өмiрге қарқындап енiп келедi. "Өзiңдi өзiң тани бiл" деген Сократ тұжырымының өзектiлiгi де артып барады.
Оқу- тәрбие үрдiсiне қосар үлесi мол екенiн педагогтар мойындап, психология ғылымына ден қойып, бет бұра бастады. <<Баланы жан-жақты етiп тәрбиелеу үшiн оны жан-жақты бiлу керек>> деген белгiлi педагог К.Д.Ушинский. Оның көрегендiгi педагогикалық iс-әрекеттiң психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендiгiн дәлелдегендей.
Ертеңгi күннiң бүгiнгiден гөрi нұрлырақ болуына ықпал етiп, адамзат қоғамын алға тартатын құдiреттi күш тек бiлiмге ғана тән. Ал сол бiлiм дiңгегi сапалы болу үшiн жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, үйретудi одан әрi қарай ұлттық негiзде жалғастыру керек. Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесi-ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты- жетiлген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиелеу үшiн жеке адамды толығымен танып бiлу керек, сонымен қатар, ақыл-ой тәрбиесi, имандылық, еңбек, эстетикалық, тiлдiк қатынас, дене тәрбиесi, экономикалық, экологиялық, жыныстық, патриоттық тәрбие берiлуi тиiс. Олар адамның рухани бейнесiн қалыптастыып, жан-жақты мәдениеттi болуына бағыттайды.
Өкінішке орай, оқушылардың жас ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайын, психологиялық ерекшелiктерiн /мiнез-құлқы, темпераментi, таным процесстерiнiң даму деңгейi, сол кездегi көңiл-күйi, қызығушылығы, қабiлетi/ ескермеудiң нәтижесiнде педагогикалық процесске қатынасушылардың арасында кикiлжiң жағдайлардың туындауы, оқушылардың қызығушылықтарының төмендеуi, қарым-қатынастың тиімсіз жағдайлары кездесуде,баланың ойлауы, есi, зейiнi, қабылдау заңдылықтары туралы мағұлматтармен қоса, баланың дамуындағы жас және жеке ерекшелiктері, мiнез-құлық бiтiстерi, темпераментi, шығармашылық ынтасы мен оны жан-жақты дамыту мүмкiншiлiгi туралы мағұлматтар қажет. Ал ең бастысы мұғалiм оқытудың белсендi, дамыта отырып оқыту, оқыта отырып дамыту әдiсiн меңгере бiлуi қажет.
Ал психологиялық қызмет шаралары балалар мен жасөспірімдердің, жеткіншектердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға, мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ойлампаздыққа баулып, тәрбиелеп, бағыттайтын да осы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.Сонымен бірге педагогикалық үрдіске қатынасушылар арасындағы өзара қарым-қатынас стильдерін реттеуге мүмкіндік бере алады. Мысалы: мұғалім - оқушы, оқушы -оқушы, оқушы - басшы, басшы - мұғалім арасындағы іс-әрекеттер мен байланыстар, бірлескен іс-шараларды реттеп, тиімді қарым - қатынас жасауына бағыттай алады.
Ұстаздар қауымына, ата-аналарына білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруына көмектеседі, оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту әдісін меңгере білу қажеттілігін айқындауға көмектеседі. Оқытылып жатқан білімді саналықпен миға тоқудың түрлі айла-тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік - жігер мен қажыр - қайратын шыңдай түсуге бейімдейді.Қазіргі Қазақстан қоғамында әлеуметтік-лингвистикалық жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп жатыр. Адам өз бейімділігіне лайықты жұмыс істегенде, барын сала кіріскенде ғана еңбегінің жемісін көреді. Ғалым Қ.Жарықбаевтың айтуынша: "Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен белгілі бір нәтиже шығару - оның екінші бір басты белгісі болып табылады". Сондықтан ересектердің мемлекеттік қазақ тілін үйренуге бейімділіктері мен белсенділіктерін айқындау мәселесінің зор әлеуметтік мәні бар. Өйткені қоғамымыздың болашақ даму деңгейі осы мәселенің қай дәрежеде шешілуіне тікелей байланысты.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдерісі жағдайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе - адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс. Ересек тіл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр. Адамдардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде ой-пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі орнын таба алады. <<Тұлға - өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға - дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады>>. Бұған қатысты Д.В.Ольшанский: "Тұлға дегеніміз - қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі", - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: "Тұлға - тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда, белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің нысанасы", - деген анықтама береді. Демек, ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңін басынан кешіріп отырған 120 ұлттан құралған тәуелсіз Қазақстан қоғамы да тіл үйренуші мемлекеттік қызметшілерге жан-жақты әсер етеді. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту үдерісіне тіл үйренушінің тұлғалық дербестігіне баса көңіл бөлу, оқыту мен тәрбиелеуде оның өзіндік дамуын жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл арқылы жүзеге асыру тән. Осыған байланысты қазіргі білім мен біліктілікті арттырудың дамуында жаңа тенденциялар байқалады. Негізгі күш тіл үйренушінің тілдік тұлғасын дамытуға, оның қалыптасуы мен жетілуіне жұмсалады. Қазақ тілін жеделдете оқытудың мақсаты - тілдік тұлғаның өзін дамытуы мен өзін жетілдіруіне мүмкіндік жасау. Оқытудағы бағдар материалдың құрылымы мен нақты жағдайларды логикалық тұрғыдан түсініп, талдау және өнімді қатысымдық әрекет нәтижесінде жаңа білім алудың тәсілдерін ашу, қоғам алдындағы нақты мәселелерді шеше білуге бағытталады. Қазіргі уақытта біліктілікті арттыру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуда жеке тұлғаның өмірі, құқығы мен бостандығы жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясы басшылыққа алынады, білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдары анықтайды. Ол <<білгір адам>> парадигмасын ауыстыратын <<білікті тұлға>>, <<қатысымдық тұлға>>, <<құзыретті тұлға>> парадигмасы болып табылады.Әлемдік практикада өткен ғасырдың 40-жылдарында қолданысқа ене бастаған <<үздіксіз білім беру>> термині ересек адамдарға білім беру жүйесі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі өмірлік білім беру идеясының орнына өмір бойы білім алу идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр. Жеделдете оқыту жүйесі педагогикалық жүйелердің бөлігі бола отырып, адамның белгілі бір деңгейдегі еркіндік дәрежесін жүзеге асырады, яғни оны сол мезетте қажет болатын белгілі бір іс-әрекетке бағыттайды. Өз кезегінде жеке тұлға өз қатысымдық құзыреттілігін дамытуға ұмтыла отырып, тілдік тұлға деңгейіне көтеріледі. Өз бетімен білімін жетілдіру жеке тұлғаның барлық ішкі жүйелерін біртұтастыққа жұмылдыруға мәжбүр етіп, оған жаңа қырынан танылуға, құндылықтары мен қызығушылықтарын жаңадан бағыттауға және өзін жетілдіріп, қайта құрылуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі дамыту кезінде тілдік тұлға ұйымдастырудың жаңа деңгейіне көтеріледі де, ол одан сайын дамып, күрделілене түседі. Талап, ынта, жаңашыл бастамалар, шығармашылық белсенділік, ізденушілік - тілдік тұлғаның даму үдерісінің көрсеткіштері болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесінің ұстанымдары жеке тұлғаның жан-жақты жалпы мәдени дамуы, тұлғаның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік даму және т.б. функцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына <<Бәсекеге қабілетті халық үшін>>, <<бәсекеге қабілетті экономика үшін>> - деген жолдауында: <<Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі>> -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. <<Жаңа технологиялық құзірет>> бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу>>, -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.
Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі - ұстаз. Яғни, негізгі білім қазығы - бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: <<Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру>>, - деп атадық.Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:
1. Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
3. Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:
1. Сауалнама
2. Тест: психологиялық, пәндік
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда әр сабақ мазмұнына сәйкес суреттер салу, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық.Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді оқушы есінде көбірек сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылды.Бұл ретте басты ұстаным - бастауыш сынып оқушыларына сабақты жоғарғы қызығушылықпен өткізу екендігін баса айту қажет. Әр тақырыпты өткенде, таңдау кезінде алдымен ой қозғалады.
Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын жазбаша жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы бойында инабаттылық тәрбиесінің қалыптасуына үнемі көңіл бөлініп отырады.Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.
Әр ұстаз - ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, <<Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі>>. Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

Ұқсас жұмыстар
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау және қолдау
Сынып деңгейі
Биология пәнінің мүғалімі
Басқа балаларға қатынасы
Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Пәндер