Оксидтердің химиялық формуласы, аталуы

Химия кабинетiндегi қауiпсiздiк техникасынын негiзгi ережелерi:

  1. Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.
  2. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен танысып, әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
  3. Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: алғашқы көмек көрсететін қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салғыш ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т. б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
  4. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқкиімінің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
  5. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
  6. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.
  7. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көруің керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім мен лаборант көрсетіп береді.
  8. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
  9. Артық алынған реактивтің қалғанын таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыстарды қолданатынын үнемі есте ұстаған жөн.
  10. Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алыңдар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек.
  11. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
  12. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылап шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
  13. Лабораторияда немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
  14. Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес затты алып пайдалануға болмайды.
  15. Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықтарды, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен немесе лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
  16. Химиялық лабораториядан немесе кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды және электр қыздырғыш торды өшіргендігіңе, т. т. көз жеткізу қажет.
  17. Газ жанарғысын, спиртшамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек. Олармен жұмыс істеуді мұғалімнің немесе лаборанттың көмегімен игерген дұрыс.
  18. Ең бастысы өзің білмесең не күмәндансаң, мұғалімнен сұрап алу қажет

№1 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу

Мақсаты: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен мұқият танысу.

Құрал-жабдықтар: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері жазылған

плакаттар, слайдтар

Практикалық жұмысты орындау барысы:

  1. Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін зер салып оқыңдар және әрдайым есте сақтаңдар.
  2. Практикалық жұмысқа қорытынды жасаңдар.
  3. Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін естеріңде ұстап, алдағы уақытта лабораториялық, практикалық жұмыстар кезінде қатаң сақтаңдар.

Химия кабинетiндегi қауiпсiздiк техникасынын негiзгi ережелерi:

(Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңдар :)

1. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс . . . киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқкиімінің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.

2. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс . . . үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.

3. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың . . . кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.

4. Реактивтерді . . . ұстауға, дәмін татып көруге . . . Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап . . . көруің керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім мен лаборант көрсетіп береді.

5. Реактиві бар ыдыстың . . . үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.

6. Артық алынған реактивтің қалғанын таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза . . . қолданатынын үнемі есте ұстаған жөн.

7. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден . . . көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.

8. Лабораторияда немесе кабинетте . . . жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.

9. Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес . . . алып пайдалануға болмайды.

10. Химиялық лабораториядан немесе . . . шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды және электр қыздырғыш торды . . . , . . . т. т. көз жеткізу қажет.

Қорытынды:

Бағасы:

№1 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу

Зертханалық құралдармен жұмыс істеп үйрену

Мақсаты: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен мұқият танысу. Химиялық тәжірибелер кезінде қолданылатын әр түрлі ыдыстар мен құралдардың

аттарын есте сақтау, олармен жұмыс істеуді меңгеру.

Құрал-жабдықтар: Химиялық ыдыстар мен құралдардың суреттері бар плакаттар, слайдтар.

Кәрлен ыдыстар, шыны ыдыстар, шыны түтіктер, қасықтар, құйғы, құтылар, стакандар,

таразы, цилиндр, тығындар, қысқыштар, бюретка, мұздатқыштар, сүзгі қағазы, қысқыш,

тамшуыр, сынауық, сынауық салатын штатив, су, саз, құм, күкірт.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Химия кабинетiндегi қауiпсiздiк техникасынын негiзгi ережелерi:

  1. Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.
  2. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен танысып, әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
  3. Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: алғашқы көмек көрсететін қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салғыш ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т. б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
  4. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқкиімінің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
  5. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
  6. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.
  7. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көруің керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім мен лаборант көрсетіп береді.
  8. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
  9. Артық алынған реактивтің қалғанын таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыстарды қолданатынын үнемі есте ұстаған жөн.
  10. Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алыңдар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек.
  11. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
  12. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылап шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
  13. Лабораторияда немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
  14. Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес затты алып пайдалануға болмайды.
  15. Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықтарды, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен немесе лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
  16. Химиялық лабораториядан немесе кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды және электр қыздырғыш торды өшіргендігіңе, т. т. көз жеткізу қажет.
  17. Газ жанарғысын, спиртшамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек. Олармен жұмыс істеуді мұғалімнің немесе лаборанттың көмегімен игерген дұрыс.
  18. Ең бастысы өзің білмесең не күмәндансаң, мұғалімнен сұрап алу қажет

Төменде көрсетілген химиялық ыдыстардың аттарын жаз.

Қорытынды:

№3 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Лабораториялық штативтермен және қыздыру құралдарымен

(спирт шамы және электрқыздырғыштар) жұмыс істеу тәсілдері

Мақсаты: Лабораториялық штативтермен және қыздыру құралдары: спирт шамы және

жұмыс істеуді меңгеру

Құрал-жабдықтар: Лабораториялық штатив, қол штативі, кәрлен табақша, сынауық, спиртшам,

сіріңке, суы бар стакан.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Жұмысқа нұсқау
Тәжірибенің орындалуы
№: 1
Жұмысқа нұсқау: Лабораториялық тұрғыны құрастырып, сынауықты тұрғыға бекітіңдер.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 2
Жұмысқа нұсқау: (сынауықты электроқыздырғыш, электроплитка) танысып, оларды токқа қосып, ажыратыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 3
Жұмысқа нұсқау: Спиртшаммен танысып, оны жағып, өшіруді үйреніңдер.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 4
Жұмысқа нұсқау: Сынауыққа су құйып, оны спиртшамға қыздырыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 5
Жұмысқа нұсқау: Жалынның құрылысымен танысыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:

Төмендегі суреттерді түсіндіріп жаз.

Қорытынды:

Бағасы:

Күн жады

№4 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Ластанған ас тұзын тазарту

Мақсаты: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан

әрі жалғастыру, қоспаны бөлу әдістерін меңгеру.

Құрал-жабдықтар: Лабораториялық штатив, қол штативі, кәрлен табақша, 1-2 сынауық, шыны

түтікше, спиртшам, сіріңке, суы бар стакан, ластанған тұз, сүзгі қағаз, құйғы, құты,

стакан, сынауық қоятын тұрғы.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Жұмысқа нұсқау
Тәжірибенің орындалуы
№: 1
Жұмысқа нұсқау: Сүзгі қағазды даярлап, оны құйғышқа орналастырыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 2
Жұмысқа нұсқау: Стақанға лас тұзды салып, су құйып шыны таяқшамен араластырыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 3
Жұмысқа нұсқау: Қоспаны 15-20 сек қойып, тұндырыңдар да тұнбаған бөлігін сүзіңдер.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 4
Жұмысқа нұсқау: Сүзіндіні кәрлен табақшаға құйып, оны тұрғыға орналастырып, спиртшаммен қыздырыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 5
Жұмысқа нұсқау: Алынған кристалдың түсіне назар аударыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:

Қорытынды:

Бағасы:

Күн жады

№5 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстарды зерттеу

Мақсаты: Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату,

заттардың өзгерістерін сипаттай білу.

Құрал-жабдықтар: 1-2 сынауық, сынауық қоятын тұрғы, парафин, таттанған темір шеге, мыс сым,

таттанбаған темір шеге, спиртшам, сіріңке, кішкене алма, кішкене ағаш шиі, мұз, суы

бар стакан, қысқыш.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Жұмысқа нұсқау
Тәжірибенің орындалуы
№: 1
Жұмысқа нұсқау: Мұзды, суды, су буын салыстырыңдар. Су буын алу үшін суды сынауыққа құйып, спиртшаммен қыздырып, буландырыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 2
Жұмысқа нұсқау: Парафинді жағып, аз уақыттан соң сөндіріңдер.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 3
Жұмысқа нұсқау: Таттанған темір шеге мен таттанбаған темір шегені салыстырыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 4
Жұмысқа нұсқау: Ағаш шиін қысқышпен ұстап, спиртшамның жалынында қыздырыңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 5
Жұмысқа нұсқау: Мыс сымды төске балғамен ұрып жапырыңдар. Дәл сондай мыс сымды жалынға ұстаңдар. Құбылыстарды салыстырыңдар
Тәжірибенің орындалуы:
№: 6
Жұмысқа нұсқау: Алманы кесіп, аз уақытқа қоя тұрыңдар. Не байқалды? Бұл қандай құбылыс?
Тәжірибенің орындалуы:

Қорытынды:

Бағасы:

№7 практикалық жұмыс Күн жады

Тақырыбы: «Судың электролизі арқылы оттек пен сутекті алу»

Мақсаты: Суды тұрақты электр тогының көмегімен айырып, оттек пен сутекті алу

Құрал-жабдықтар: Шыны стакан, электродтар, тұрақты ток көзі, ток өткізгіш сымдар, токты қосып-ажырататын кілт, дистилденген су, күшті электролиттер(NaOH, H 2 SO 4 , Na 2 SO 4 )

Жұмысқа нұсқау
Тәжірибенің орындалуы
№: 1
Жұмысқа нұсқау: Электролиз жүргізетін приборды (электролизер) құрастырыңдар: екі электродты токтың екі полюсіне жалғап, ток көзіне өткізгіш сымдар арқылы жалғаңдар.
Тәжірибенің орындалуы:
№: 2
Жұмысқа нұсқау:

Стаканға су құйып, оған судың электр өткізгіштігін арттыру үшін күшті электролит қосыңдар, мәселен (NaOH, H 2 SO 4 , Na 2 SO 4 )

Енді оған электродтарды батырып, кілтті қосыңдар. Катодта сутегінің 2 көлемі, анодта оттегінің 1 көлемі түзілетінін бақылаңдар.

Тәжірибенің орындалуы:

Қорытынды:

Бағасы:

№6 практикалық жұмыс Күн жады

Тақырыбы: «Сутекті зертханада алу және оның қасиеттерін зерттеу»

Мақсаты: Зертханада Кипп аппараты арқылы сутекті мырыш пен қышқылдарды әрекеттестіру арқылы алу және белсенді металлды сумен әрекеттестіру арқылы алу, сутектің мыс диоксидімен әрекеттесуін бақылау.

Құрал-жабдықтар: Мырыш түйірлері, натрий металы, тұз қышқылы, су, Кипп аппараты, сынауықтар, тұрғы, шырпы, т. б.

Жұмысқа нұсқау
Тәжірибенің орындалуы
№: 1
Жұмысқа нұсқау:

Кипп аппаратын құру, кеуекке мырыш түйірлерін салып, үстіңгі шарға тұз қышқылын құямыз астыңғы шар толғанша. Ортаңғы шардағы тетікті ашқанда реакция жүреді де сутегі бөліне бастайды. Сутекті сынауыққа жинап алып, жанған спиртшамды жақындатсақ «пах» деген дыбыс шығарып жанады.

Реакция теңдеуін және байқалған құбылыстарды жаз.

Кипп аппаратының суретін салу.

Тәжірибенің орындалуы:
№: 2
Жұмысқа нұсқау:

Сынауықты тұрғыда орналастырып, ішіне аздап су құйып, үстіне кішкене металл натрий саламыз. Бөлінген сутекті келесі сынауыққа жинап алып, жанған спиртшамды жақындатамыз.

Реакция теңдеуін және байқалған құбылыстарды жаз.

Суретін сал.

Тәжірибенің орындалуы:
№: 3
Жұмысқа нұсқау:

Ішінде мыс (II) оксиді салынған сынауықты аузын төмен қаратып, көлденеңінен металл тұрғыда орналастырып, қыздырамыз. Газ алатын қондырғыдан сутек газын жібереміз.

Реакция теңдеуін және байқалған құбылыстарды жаз.

Суретін сал.

Тәжірибенің орындалуы:

Қорытынды:

Бағасы:

№7 практикалық жұмыс

Тақырыбы: «Судың электролизі арқылы оттек пен сутекті алу»

Мақсаты: Суды тұрақты электр тогының көмегімен айырып, оттек пен сутекті алу

Құрал-жабдықтар: Электролизер, сіріңке, ток көзі, қосып-ажырататын кілт, дистилденген су.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Жұмысқа нұсқау
Тәжірибенің орындалуы
№: 1
Жұмысқа нұсқау:

Арнайы суды айыратын құралдың екі металл пластинкасына тұрақты ток тізбегін қосқанда, біртіндеп су молекуласы ыдырап, екі түрлі газ-сутек пен оттек түзеді. Олар шеткі екі түтіктегі суды ығыстырып, оның үстіңгі жағына жинала бастайды. Зер салып қарасаңдар, түтіктің бір бөлігіндегі бөлінген газдың көлемі екінші бөлігіндегіден екі есе үлкен екенін байқайсыңдар. Катодта сутегінің 2 көлемі, анодта оттегінің 1 көлемі түзілетінін бақылаңдар.

Көлемі аз газ түзілген түтіктің кранын ашып, аузына шоқтанған шыра апарса ол лап ете түседі. Бұл қандай газ?

Көлемі көп газ түзілген түтіктің кранын ашып, шыраны жақындатса, газдың өзі жана бастайды. Бұл қандай газ?

Тәжірибенің орындалуы: 2 О → 2Н 2 + О 2
№:
Жұмысқа нұсқау: Қорытынды
Тәжірибенің орындалуы:

№8 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Массалық үлесі белгілі зат ерітінділерін даярлау

Мақсаты: Оқу процесінде алған тірек білімді ерітінділер даярлау кезінде іске асыру.

Берілген заттарды рет-ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын құрып,

оның мазмұнын айта білу. Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын ережесін қатаң сақтау.

Реактивтер мен құралдар : Қатты тұздар, дистилденген су, таразы, өлшемдік ыдыстар, шыны

таяқша, колбалар, стақандар, сынауықтар, сүзгі қағаздар.

Жұмыс барысы:

1) Массалық үлесі көрсетілген ерітіндіні даярлау үшін қажетті тұз бен судың массасын есептеңдер

І нұсқа 10г массалық үлесі 1%-дық ерітінді даярлаңдар.

ІІ нұсқа 10г массалық үлесі 2%-дық ерітінді даярлаңдар.

ІІІ нұсқа 20г массалық үлесі 1%-дық ерітінді даярлаңдар.

ІV нұсқа 20г массалық үлесі 2%-дық ерітінді даярлаңдар.

V нұсқа 30г массалық үлесі 1%-дық ерітінді даярлаңдар.

VІ нұсқа 30г массалық үлесі 2%-дық ерітінді даярлаңдар.

Тәжірибенің орындалуы
Байқалған құбылыстар
Тәжірибенің орындалуы:

2) Таразыға тұзды өлшеңдер (физикадан өлшеу дәлдігін еске түсіріңдер) және құтыға салыңдар.

3) Дистилденген судың қажетті көлемін құйып алыңдар (сұйықтықтың көлемін өлшеу ережесін еске түсіріңдер) және оны құтыдағы тұздың үстіне құйыңдар.

4) Құтының ішіндегісін тұзы ерігенше араластырыңдар.

Байқалған құбылыстар:
Тәжірибенің орындалуы: Қорытынды:
Байқалған құбылыстар:

№9 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Судың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу

Мақсаты: Оқу процесінде алған тірек білімді практикалық жұмыс кезінде іске асыру.

Берілген заттарды рет-ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын құру,

судың қасиеттерімен танысу. Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын ережесін сақтау.

Реактивтер мен құралдар : Стакандағы су, өлшемдік ыдыстар, штативтегі сынауықтар шыны

таяқша, қасық, индикаторлар, сілті, қышқыл ерітінділері, сүзгі қағаздар. СаО, Zn, Nа. Практикалық жұмысты орындау барысы:

Тәжірибенің орындалуы
Байқалған құбылыстар
Тәжірибенің орындалуы:

1) Судың физикалық қасиеттерін оқулықты пайдаланып сипаттап жазыңдар.

(түсі, иісі, дәмі, қату, қайнау температуралары, жылу мен электр тогын өткізгіштігі, құрамы, тығыздығы, молекуласының пішіні)

2) Индикатор арқылы судың рН ортасын анықтаңдар.

Үш сынауық алып біреуіне NаОН, екіншісіне НСІ, үшіншісіне су құйып, бұл ерітінділерді индикаторлардың түсі қалай өзгеретінін анықтаңдар.

3) Судың белсенді металдармен әрекеттесуі

Сынауыққа су құйып, оған натрий салыңдар. Не байқалады, қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазып, заттарды атаңдар.

4) Судың оксидтермен әрекеттесуі

Сынауыққа кальций оксидін салып, үстіне су құйыңдар. Не байқадыңдар? Реакцияның теңдеуін жазып, типін анықтаңдар.

Байқалған құбылыстар:

NаОН -сілтілік орта

НСІ- қышқылдық орта

Н 2 О- бейтарап орта

Н 2 О + Nа →

СаО + Н 2 О →

Тәжірибенің орындалуы: Қорытынды:
Байқалған құбылыстар:

№10 практикалық жұмыс

Тақырыбы: «Судың ластануын тәжірибе жүзінде анықтау»

Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың

жоспарын құру, ластанған суды тазарту. Жұмыс кезінде

қауіпсіздік техникасын ережесін сақтау.

Реактивтер мен құралдар : Ластанған су, өлшемдік ыдыстар, штативтегі

сынауықтар, шыны таяқша, қасық, индикаторлар, сілті, сүзгі

қағаздар.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Тәжірибенің орындалуы
Байқалған құбылыстар
Тәжірибенің орындалуы:

1) Индикатор арқылы берілген сулардың рН ортасын анықтаңдар.

а) Дистильденген су

ә) Кран суы

б) Ішінде еріген тұзы бар су

в) Ішінде ерімеген қатты заттары бар су

Байқалған құбылыстар:
Тәжірибенің орындалуы: 2) Ішінде ерімеген қатты заттары бар суды өздеріңе белгілі әдістермен тазартыңдар.
Байқалған құбылыстар:
Тәжірибенің орындалуы: 3) Ішінде еріген тұздары бар суды тазартудың жоспарын құрып, сипаттап жазыңдар.
Байқалған құбылыстар:
Тәжірибенің орындалуы: 4) Кран суы мен дистилденген судың айырмашылығы бар екендігін тәжірибе арқылы дәлелдеңдер.
Байқалған құбылыстар:

Қорытынды:

№11 практикалық жұмыс

Тақырыбы: «Эксперименттік есептер шығару»

Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың

жоспарын құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс

кезінде қауіпсіздік техникасын ережесін сақтау.

Реактивтер мен құралдар : Бор ұнтағы, тұз қышқылы, күкірт қышқылы,

натрий гидроксиді, мыс(ІІ) сульфаты, тамшуыр, индикаторлар,

стакандағы су.

Практикалық жұмысты орындау барысы:


Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакция бағыты
ОКСИДТЕРДІҢ АТАЛУЫ
Оксидтер түз түзбейтіндер
Оксидтердің жіктелуі
Қышкылдық оксидтер
Оксидтердің қолданылуы
Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Негіздердің қасиеттерін түсіндіру
Химиялық элементтің периодтық
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz