Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отбасылық бизнес

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Петропавл құрылыс - экономикалық колледжі

Ақпараттық - аналитикалық сағат

Тақырып: "Бизнес-қиын сұрақтарға жеңіл жауаптар таба білу"

Дайындаған:
оқытушысы Базарбаева С. О.

Петропавл қ. 2016ж.
Мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінігін қалыптастырып, бизнессті жүргізу жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беру.
Мақсаты: Білімділік - оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт - бағдар беру.
Дамытушылық - оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой - өрісін арттыру.
Тәрбиелік - кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: Ақпараттық - аналитикалық сағат
Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейне материалдар, <<бизнестің жол картасы - 2020>> бағдарламасы.
Барысы:
Қайырлы күн құрметті қонақтар. Бүгінгі біздің "Бизнес-қиын сұрақтарға жеңіл жауаптар таба білу" атты ақпараттық - аналитикалық сағатымызға келгендеріңізге қуаныштымыз.

Бизнес-бұл жеке дара тұлғаның өзіне ғана сеніп барлық болуы мүмкін ықтималдықтарға бекініп, капитал деңгейін көтеру үшін ақша арқылы табыс табу мақсатында қызмет жасайтын жүйедегі экономикалық құрылу.
Н.А. Назарбаев.
Бизнес - белгілі бір іске қатысушылар арасындағы іскерліктер қатынастар, кәсіпкерлік, яғни бизнес - нарықтық қатынас. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да өзінің негізін әлдеқашан құрып алған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады.
Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттелген адамдар шығып жатыр. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демократиялануы болып табылады.
Видео1

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікке өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында өркендейді.
Балалар, сендерге бүгінгі сынып сағатын түсіну соншалықты ауыр болмас деп ойлаймын.
Бизнес, жай сауда емес, ең бірінші ол -- үлкен білім!
Бизнес (англ. business -- <<іс>>, <<кіріскен іс>>) кіріске (пайда, түсім) бағытталған кәсіптің түрі. Пайда алып келетін кез-келген іс бизнес болады. Салыстырмалы түрде бизнесменнің табысты болуы келіп түскен пайданың ғана мөлшерінен емес, сонымен қатар кәсіптілігінің бағасымен де салыстырылады. Бизнестің түрлері:
:: Жеке меншік
:: Жеке кәсіпкер
:: Жеке кәсіпорын
:: Ұжымдық
:: Кооператив
:: Кәсіпорын
:: Толық бірлестік
:: Сенім ұжымдары
:: Жауапкершілігі шектеулі серіптестік
:: Қосымша жауапкершілікті серіптестік
:: Шаруашылық серіптестік
:: Инвестициялық бірлестік
:: Жабық акционерлік қоғам
:: Ашық акционерлік қоғам
:: Отбасылық бизнес
:: Мемлекеттік бизнес
Соның ішіндегі отбасылық бизнесті қарастырайық. Себебі отбасылық бизнес ол ең алдымен отбасылық қарым-қатынастарға негізделеді.
Видео 2
Сонымен қатар, бизнестің ішінде алғашқы қомақты қаржыны керек етпейтін түрлері де болады. Осындай бизнес түрін студенттерге жақын деп ойлаймын.
Финляндиядағы студенттердің кәсіпкерлік тәжірибесі негізінде студенттік бизнестің басқа елдердегі даму жолдарын және осы тәжірибені Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Соңғы жылдары еліміз студенттік кәсіпкерлікке үлкен назар аударады. Осыған байланысты көптеген іс-шаралар өткізілуде. Олардың ішінде Қызылорда қаласында өткен республикалық<> байқауы өткен болатын. 300 000, 100 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені <<Назарбаев интеллектуалды мектебінің химия-биология бағытының >> топтары иеленді.
<> республикалық байқауы Қазақстанның 20 қаласында өтті, оған 500 бизнес-ойлары бар 5 мыңнан астам адам қатысты. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар арқылы еліміздің кәсіпкерлік және инновациялық белсенділігінің дамуындағы мықты қадам екендігін айтып өтті.
Одан басқа, Назарбаев Университетінде бизнес мектептер ашылып, студенттер кәсіпкерліктің қыр сырын танып біледі.
СҚО-да ең үздік студенттік жобалар тандалды.
Кәсіпкерлерді оқыту <<Бизнестің жол картасы - 2020>> бағдарламасы бойынша көзделген. Міндетті шарты - экономикалық басым салалардағы қызмет. Өңірлердің шағын және орта бизнесіндегі белсенді субъектілердің санын ескеріп квота белгіленеді, оқыту бағдарламасы кәсіпорынның нақты қажетіне іс жүзіндегі дағдыларды қалыптастыра отырып, бизнес курстар мен семинарлар өткізуді қамтиды.
Видео 3
Біз <<Несие>> тақырыбына кішігірім <<Тойға несие алуға келген отбасы>> қойылымын көрсеткіміз келеді.
Бүгінгі күнгі Солтүстік Қазақстан облысындағы бизнес.
Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік дамуының көрсеткіштерін қарастырайық. 2015 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 25181 - ге жетті, ол тіркелеген кәсіпкерліктердің 61% құрады. Бірақ та СҚО субъектер саны облыстар бойынша 16 орында яғни ең соңғы орында және республикалық көлемде (871 497 бірлікті.) 2,9%.-ды құрады.
СҚО пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің қоры басқа облыстарға қарағанда аз кездеседі, сондықтан да пайдалы қазбаларды өндіруден облыстар бойынша соңғы орында, бірақ та оларды өндіруге бірқатар мүмкіндіктер бар.
Облыс және республика жұртшылығына кеңінен танымал жерлесіміз - <<Зенченко и К>> коммандиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуіне , тіпті ел экономикасының жаңа белестерден көрінуіне сүбелі үлесін қосып келе жатыр. Бүгінгіде серіктестіктің өнімі облыстағы ең танымал бренд. Қазақстанның еңбек ері басқаратын шаруашылықта 7000-ға жуық <<голоштина>>, <<сементал>> секілді асыл тұқымды сиырлар өсіріледі, өз шаруашылықтарының өнімі өз зауыттарында өнделеді. Сүт зауыты қондырғыларын толықтай жаңғартып, жаңа цехқа ауысты. Заманауи технологияның арқасында қазір 40-тан астам тарта өнім түрі шығарылады. Зауыттың өнімдері серіктестікке қарасты дүкендерде саудаланады. Сапалы, әрі бағасы қолжетімді болғандықтан сұраныс та жоғары.
Видео 4
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері ЕуроАзиялықЭкономикалықОдақ аясында нарықты ұлғайту олардың табыстарын ұлғайтудың жолы екендігін айтып өтті. <<Кәсіпкер ретінде ЕАЭО бизнеске барынша көп пайда табуға мүмкіндік береді деп айта аламын.>>-депСҚО бизнесмені Сайран Хамзин айтқан болатын. Кәсіпкердің сөзінше оның компаниясы 15жыл қазақстандық
нарығында жұмыс атқаруда. <<Петропавлда жасалған>>деген жазуы бар өнімдер көршілес РФаудандмарында да танымал, әрі сапасы бойынша шетел аналогтардан кем емес.
Бизнес - бұл жеке дара тұлғаның өзіне ғана сеніп, барлық болуы мүмкін ықтималдылықтарға бекініп, капитал деңгейін көтеру үшін ақша арқылы табыс табу мақсатында қызмет жасайтын жүйедегі экономикалық құрылым.
Қандай да мамандық болса да, ең бастысы осы мамандық сізді қанағаттандырып, сізге табыс әкелсін!
Назарлаңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Окрошка дайындау
Талапкерге таңдау
Бизнес ұйымдастыру түрлері
Еркетайдың байқауы
Оқушыларды бағалау. Сабақ барысы
Шикізатқа және тұтынушыға
Темір банкі
Жаға сызбасының құрылымы
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Сабақтың тақырыбы. Сабақ тақырыбы
Пәндер