Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Парпария батыр

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ
<<ҚҰРЫҚ СЕЛОСЫНЫҢ №6 ОРТА МЕКТЕБІ>> ММ

Оқушылар конференциясы
<<ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ>>

(<<Өлкетану>> курсы жоспары бойынша)

Жумажанова Балганым Закарьяевна-
Кембридж бағдарламасының ІІ деңгей курсы
бойынша сертификатталған мұғалім

2015 жыл

<<Өлкетану>> курсы жоспарына сәйкес "Қырымның қырық батыры" тақырыбындағы оқушылар конференциясы

Ж О С П А Р Ы

І. Баяндама: Мұрын Сеңгірбекұлы - қазақ жырауларының ең соңғысы
ІІ. "Қырымның қырық батыры"
ІІІ. Реферат: Ала тайлы Аңшыбай батыр
ІҮ. Сахналық қойылымы: Парпария батыр
Ү. Жыр: Құттықия батыр

Мақсаты:
Жас ұрпаққа Маңғыстаулық Мұрын жыраудың жырлауымен талай замана табалдырығын аттап, бүгінге жеткен, ерлігімен ел жадында сақталып, халықтың құрметіне бөленген батырлар жайлы жырлар және халқының қорғаны, жат жұрт езгісінен азат етуші қаһармандарының ерлік істері туралы мәлімет беру.

1-жүргізуші:
"Қырымның қырық батыры" туралы жыр қырық тараудан тұрады, оның əрқайсысы жеке-жеке батырларға арналған. Сонымен бірге бір батыр екінші батырдың ұрпағы болып жырланады. Сондықтан қырық батыр жайлы жырлардың жиынтығы - тегі мен композициялық құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты.

2-жүргізуші:

"Қырымның қырық батыры" туралы жыр деп аталатын жырлар жиынтығы өзінің құрылысы жағынан қырғыздың белгілі "Манасын" еске түсіретін, бірақ көлемі бойынша одан екі есе үлкен, қалыпқа түскен тұтас бір мəдени дүние... Аталған мұра көлемі жағынан Шығыстың ұлы туындысы - "Мың бір түннің" өзін кейінге қалдырады.

1-жүргізуші:
Бұл жырлардың мазмұны, сюжеті мен композициясы ерекше назар аударуға лайық. Шет жерлік басқыншылардың шабуылынан елін қорғаған батырлар ерлігі əр жырда да жырланады.

2-жүргізуші:
Батыр мұнда халқының қорғаны, жат жұрт езгісінен азат етуші қаһарманы ретінде көрсетіледі. Ержүректілік, əділдік, ақылдылық, туған халқына деген махаббат секілді қасиеттер оларға тəн болып келеді...

1-жүргізуші:
...Жырда мына батырлар негізгі қаһармандар ретінде көрінеді:

2-жүргізуші:

1. Ала тайлы Аңшыбай батыр;
2. Оның ұлы Баба түкті Шашты Əзиз бен Ер Көкше жəне Ер Қосай;
3. Парпария батыр;
4. Оның ұлы Құттықия батыр;
5. Оның ұлы Едіге батыр;
6. Оның ұлы Нұрадын батыр;
7. Оның ұлы Мұса батыр;
8. Оның ұлы Матай батыр;
9. Оның ұлы Орақ батыр;
10. Орақ батырдың ұлы Қарасай;

1-жүргізуші:
11. Оның ұлы Қази батыр;
12. Оның ұлы Қарадөң батыр;
13. Оның ұлы Жұбаныш батыр;
14. Оның ұлы Сүйініш батыр;
15. Оның ұлы Ертегіс батыр;
16. Оның ұлы Ер Көгіс батыр;
17. Оның ұлы Тама батыр;
18. Оның ұлы Тана батыр;
19. Оның ұлы Нəрік батыр;
20. Оның ұлы Шора батыр;

2-жүргізуші:
21. Ақжонас батыр;
22. Оның ұлы Кеңес батыр;
23. Оның ұлы Жанбай батыр;
24. Жаңбыршы батыр;
25. Оның ұлы Телағыс батыр;
26. Шынтас батыр;
27. Оның ұлы Төрехан батыр;
28. Қарғабойлы батыр;
29. Бозтуған батыр;
30. Оның ұлы Манаш батыр;

1-жүргізуші:
31. Оның ұлы Тұяқбай батыр;
32. Айса батыр;
33. Оның ұлы Ахмет батыр;
34. Алау батыр;
35. Тоған батыр;
36. Темір хан батыр;
37. Əділ батыр;
38. Сұлтан керім батыр;
39. Оның ұлы Шырман батыр;
40. Қобыланды батыр.

2-жүргізуші:

Бүкіл <<Қырымның қырық батырының>> арғы атасы болып табылатын <<ала тайлы>> Аңшыбай батыр туралы рефератқа кезек берейік

1-жүргізуші:
Аңшыбай батырдың немересі, Баба түкті шашты Әзиздің ұрпағы Парпария батыр.

2-жүргізуші:
5 сынып оқушыларының қатысуымен дайындалған <<Парпария батыр>> сахналық қойылымды тамашалауға шақырамыз

1-жүргізуші:

Парпарияның ұрпағы Құттықия
7 сынып оқушысы Бейім Бақдәулеттің орындауында <<Құттықия>> жырын тыңдауға шақырамыз.

С О Ң Ы

Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау батырлары
Сүйінбай жырау
Жамбыл жабаев «өтеген батыр» дастаны
Абылай бейнесі
Азат ел
Қыс мезгілін ұнатпайтын
Батырлар елінде. 3-сынып
Хан батыры
Райымбек батырдың секерханға жекпе-жегі
Дарабоз тақырыбында сабақ жоспары
Пәндер