Отынның меншікті жану жылуы

№21 орта мектеп

Сабақ жоспары

Тақырыбы: §10. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.

Пән мұғалімі: Исабекова Б

Жаңаөзен 2014ж

Күні:

Сабақтың тақырыбы: §11. Отынның энергиясы. Отынның меншікті

жану жылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Отын толық жанғанда бөліп шығаратын жылу мөлшерін есептеуді үйрету.

Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуын, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушыны алғырлыққа, жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: плакат, слайд, карточкалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Топтастыру әдісі»

ТЕМПЕРАТУРА

Цельсий

Кельвин

ІШКІ ЭНЕРГИЯ

Жылу берілу

Механикалық жұмыс

ЖЫЛУ БЕРІЛУ

Жылуөткізгіштік

Конвекция

Сәуле шығару

Формула білемізбе?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ертедегі адамдар өздерінің үйлерін жылыту үшін немесе тамақ дайындау үшін немесе тамақ дайындау үшін ағаш, көмір, шымтезек энергиясын пайдаланған. Қазіргі заманда отын ретінде табиғи газ, мұнай және мұнай өнімдері қолданылады.

Денелерді қыздыру үшін энергия қажет. Энергия көбінесе отыннан алынады, ол үшін, мысалы, ағаш, тас көмір, бензин жағылады. Сонда ненің есебінен энергия бөлініп шығады?

Молекулалардың атомдардан құралатыны белгілі. Мысалы, судың молекуласы оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомынан құралады. Молекуланы атомдарға бөлуге болады. Молекулалардың осылайша бөлінуінхимиялық айрылу рекциясы деп атайды. Молекуланы атомдарға бөлу үшін атомдардың бір-біріне тартылу күшін жеңіп, жұмыс істеу керек, яғни энергия жұмсау керек. Тәжірибелер, керісінше, атомдар бірігіп молекула құрғанда (отын жанғанда), энергияның бөлініп шығатынын көрсетеді.

Отынды пайдалану осы атомдар қосылып молекула құрағанда энергия бөлініп шығатынына негізделген . Әдеткі отындардың (көмір, мұнай, бензин т. б. ) құрамында көміртегі бар. Отын жанғанда, ондағы көміртегінің атомы оттегінің екі атомымен қосылады. Осы молекула тұзілгенде энергия бөлініп шығады.

Отынның әр түрлі болады: көмір, шым тезек, ағаш отын, мұнай және табиғи газ. Отын жанған кезде оның ішкі энергиясы жұмыс атқаруға немесе жылу алмасу жолымен басқа денелерді қыздыруға жұмсалады. Отынның барлық түрлері үшін 1 кг отын толық жанғанда қандай мөлшерде жылу бөлініп шығатынын тәжірибе жасап анықтау керек.

Массасы 1 кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын көрсететін физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады.

Отынның меншікті жану жылуын q әрпімен белгілейді, оның өлшем бірлігі 1Дж/кг.

Кейбір отын түрлерінің меншікті жану жылуы, Д ж к г \frac{\mathbf{Дж}}{\mathbf{кг}}

Оқ-дәрі
0, 38·10 7
Ағаш көмірі
3, 4·10 7
Оқ-дәрі: Құрғақ отын
0, 38·107: 1, 0·10 7
Ағаш көмірі: Табиғи газ
3, 4·107: 4, 4·10 7
Оқ-дәрі: Торф
0, 38·107: 1, 4·10 7
Ағаш көмірі: Мұнай
3, 4·107: 4, 4·10 7
Оқ-дәрі: Тас көмір
0, 38·107: 2, 7·10 7
Ағаш көмірі: Бензин
3, 4·107: 4, 6·10 7
Оқ-дәрі: Спирт
0, 38·107: 2, 7·10 7
Ағаш көмірі: Керосин
3, 4·107: 4, 6·10 7
Оқ-дәрі: Антрацит
0, 38·107: 3, 0·10 7
Ағаш көмірі: Сутек
3, 4·107: 12·10 7

Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:

Q=qm.

Мұнда q- отынның меншікті жану жылуы, m - отынның массасы.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Физикалық диктант.

V. Қорытындылау.

Кеспе қағазы бойынша оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар беру.

№1

Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

№2

Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Оны қандай әріппен белгілейді? Қандай бірлікпен өлшейді?

№3

Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?

№4

Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

№5

5 кг антрацит толық жанғанда қайсысынан көп жылу бөлініп шығады?

№6

Құрғақ ағаш түгел жанғанда 50 000 кДж энергия бөлініп шыққан. Массасы қандай?

№7

Көлемі 2 л керосин түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады?

№8

210·10 8 Дж жылу алу үшін қанша тас көмір отынын жағу керек?

№9

Көлемі 4 л бензин толық жанғанда қанша жылумөлшері бөлінеді?

№10

Егер массасы 10 кг ағаш көмір жанғанда 340 МДж энергия бөлінетін болса, онда меншікті жану жылуы неге тең?

VІ. Үйге тапсырма беру

§11. 7 - жаттығу (6, 7, 8)

VІ. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Жылу мөлшерін есептеудің формуласы
Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу
Практикалық жұмыс 1
Практикалық жұмыс: заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу»
Жылу процестеріне есептер шығару
Қысым .Оқушыларға қысым туралы және оның белгіленуі, өлшем бірлігі жөнінде білім беру
Қара жәшіктің құпиясы
Сандық есептер экзотермиялық жəне эндотермиялық реакциялар, реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер
Жауабын негіздеңдер
Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz