Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Абиотикалық факторлар
Сабақтың тақырыбы: §40. Абиотикалық факторлар
Сабақтың мақсаты: Абиотикалық фактор туралы түсінік.
Температура, температураға қатысты жануарлардың экологиялық топтары,
өсімдіктердің экологиялық топтары, ылғал, ылғалдың әсеріне байланысты
өсімдіктердің экологиялық топтары туралы түсінік беру.
Қолданылытын жабдықтар: Таблица, слайд.
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдары, сынып
бөлмесінің сабаққа дайындығы.
ІІ. Жаңа сабақ жоспары:
Сабақтың жоспары:
1) Абиотикалық фактор туралы түсінік.
2) Температура, температураға қатысты жануарлардың экологиялық топтары.
3) Өсімдіктердің экологиялық топтары.
4) Ылғал, ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.
[pic]
Дене температурасының сипатына қарай организмдер
Пойкилотермді Гомойотермді
(дене температурасы (дене температурасы
қоршаған ортаның тұрақты
температурасына тәуелді организмдер)
түрде өзгеріп отырады )
Барлық омыртқасыздар, Құстар мен
омыртқалылардан балықтар, сүтқоректілер
қосмекенділер және бауырымен
жорғалаушылар
Төменгі температураға шыдауына байланысты өсімдіктер
Жылу сүйетіндер Суыққа төзімділер
Жүзім, шабдалы, өрік, Мүктер, қыналар,
алмұрт, т.б. қарағай, шырша,
самырсын, т.б.
Кейбір жануарлардың төменгі температурадан қорғану жолдары
Қысы қатты аймақтан Тері жабындыларындағы Уақытша ұйқыға
жылы жаққа орын жүн және май қабаты немесе тыныштық
ауыстырады қалыңдап, қысқа күйге
көшеді
дайындала бастайды
жыл құстары, кейбір аңдар, құстар, суыр, борсық,
аю,
сүтқоректілер итбалықтар, тышқан
т.б.
шошқалар, т.б.
Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары
|Өсімдік топтары |Сипаттамасы |Мысалы |
| |Ылғал тапшы аймақтарда |Сексеуіл, жүзген, жусан,|
|1)Ксерофиттер(грекше |өседі, жапырағы, сабағы |қылша, теріскен, селеу, |
|«xeros»-құрғақ, |түрін өзгертуге бейімделген|күйреуік, т.б. |
|«phuton»-өсімдік; | | |
|құрғақсүйгіш өсімдік)| | |
| |Жапырақтары, сабақтары | |
|2)Суккуленттер(латынш|етжеңді болып жұмырланып | |
|а |немесе тікенектерге |Алоэ, агава, кактус, |
|«succulentus»-шырынды|айналған |т.б. |
|; шырынжапырақ | | |
|өсімдіктер) | | |
| |Ксерофиттер мен гигрофиттер| |
| |арасындағы аралық топ, | |
|3)Мезофиттер(грекше |ылғалы жеткілікті топырақта|Беде,атқонақ, інжугүл, |
|«mesos»-аралық) |өседі |саумалдық, т.б. |
|4)Гигрофиттер(грекше |Ылғалы мол жерде өседі |Ылғалды тропиктік |
|«hugros»-ылғал) | |орманда өсетін |
| | |өсімдіктер |
|5)Гидрофиттер(грекше |Төменгі бөлігі суда болады,|Элодея, балдырлар, т.б. |
|«hudor»-су) |грунтқа бекініп өседі | |
Ылғалдың әсеріне байланысты жануарлар
Су жануарлары Құрлық жануарлары Қосмекенділер
Балық, судағы Сүтқоректілер, Көл бақалары,
сүтқоректілер құстар, теңіз
(кит, дельфин), бауырымен жорғалаушылар, тасбақалары,
буынаяқтылар, жәндіктер, т.б. т.б.
губкалар,
былқылдақ-
денелілер,
құрттар, т.б.
ІV Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар деңгейлік сұрақтарға таратпа материалдар
арқылы жауап береді.
А (жеңіл):
1) Температураға қатысты жануарлар мен өсімдіктердің экологиялық топтарын
атап, мысал келтір.
2) Анабиоз дегенді қалай түсінесің?
В (орташа):
1) Ылғалға қатысты өсімдіктер қалай жіктеледі?
2) Төмендегі мысалдардың қайсысы абиотикалық факторға жататынын анықтап,
астын сызыңдар.
1) Топырақтың эрозияға ұшырауы
2) Температура
3) Көшет отырғызу
4) Жер жырту
5) Ылғал
6) Жарық
7) Жапырақтың түсуі
8) Ауа
9) Балық
10) Жауын-шашын
С (күрделілеу):
1) Мына аталған абиотикалық факторлардың қайсысы табиғаттағы маусымдық
өзгерістердің көрсеткіші бола алады?
А) Жарықтың түсу қарқындылығы
Ә) Жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі
Б) Температураның өзгеруі, жарықтың түсу
қарқындылығы
В) Күннің түсуінің өзгеруі
Г) Қоректік заттардың жетіспеуі
Жауабы: _______
2) Кестенің бірінші бағанында берілген өсімдіктердің экологиялық
топтарына екінші бағанындағы сипаттамалардың қайсысы сәйкес келетінін
анықтап, бағдар сызықпен көрсетіңдер.
|Өсімдіктердің | | |
|экологиялық топтары |→ |Сипаттамасы |
|1 | |2 |
|1)Ксерофиттер | |1)Ылғалы жеткілікті топырақта өсетін|
| | |өсімдіктер. |
| | |2)Төменгі бөлігі суда болатын, |
|2)Суккуленттер | |грунтқа бекініп өсетін су |
| | |өсімдіктері. |
| | |3)Ылғалы мол жерде өсетін |
|3)Мезофиттер | |өсімдіктер. |
| | |4)Ылғал тапшы аймақтарда өсетін, |
|4)Гигрофиттер | |жапырағы, сабағы түрін өзгертуге |
| | |бейімделген өсімдіктер. |
| | |5)Жапырақтары, сабақтары етжеңді |
| | |болып жұмырланып немесе тікенектерге|
|5)Гидрофиттер | |айналған өсімдіктер тобы. |
V Қорытындылау. Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушыларға кесте
толтырту.
Кестенің бірінші бағанындағы толық емес сөйлемдерді екінші бағанындағы
қажетті сөздермен толықтырыңдар.
|Сөздері түсіп қалған сөйлемдер |Қажетті сөздер |
|1 |2 |
| | |
|1)__________ _______ дегеніміз- организм | |
|тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары. |алоэ және агава |
| | |
|2)Гомойотермді топқа _______ ___ ______________|зат алмасуды, |
|жатады. |тіршілік |
| | |
|3)Температураның қалыпты мөлшерден ауытқуы кез | |
|келген организм денесіндегі ___ _________ тежеп,| |
|жасушадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан | |
|әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы |ылғал, шөлге |
|_________ баяу тоқтайды. | |
| | |
|4)Суккуленттер тобына _____ ____ _____ мысал |құстар мен |
|бола алады. |сүтқоректілер |
| | |
|5)Температура көтерілген жағдайда, ______ | |
|азайып, табиғат зоналары жылжып, бүкіл |Абиотикалық фактор |
|экожүйелерде _____ айналу процесі жүруі мүмкін. | |
VI Бағалау.
VII Үйге тапсырма. §40. Абиотикалық факторлар оқу. А, В, С деңгейлік
сұрақтарына жауап беру.
-----------------------
Экологиялық факторлар- ортаның организмдерімен қарым-қатынасқа түсетін кез
келген жағдайларының жиынтығы.
Абиотикалық-тірі организмдерге әсер етуші өлі табиғат жиынтығы
Антропогендік-қоршаған ортаға адам іс-әрекеттерінің әсері
Биотикалық- тірі организмдердің бір-біріне әсері
Геофизикалық (ғарыштық, Күн радиациясы, геомагнитизм, ландшафт
ерекшеліктері)
Метеорологиялық (температура, ауа ылғалы, қысым, жел күштері)
Химиялық (су, ауа, топырақ бөлшектері, қышқылдар, т.б.)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz