Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№ 7 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оспанғалиева Айгүл Қасымханқызы.

Оқушыны сөйлетудің кейбір ерекшеліктері

Қазіргі заманға сай оқушы шығармашылық ойлау , стандартқа сәйкес емес шешім қабылдауды білуі тиіс. Бірақ мектепке оқу үрдісі есте сақтау және әрекеттің стандарттық тәсілдерін іске асыру, тапсырмаларды типтік амалдармен шешуден аспайды. Бұның бәрі оқушының оқуға деген қызығушылығын төмендетеді. Тіптен оқушылар өз ойын айту, сөйлеумен қатар шығармашылық қабілеттерін жоғалтады. Менің негізгі көздеген мақсатым- сабақ өту барысында оқушының өз ойын жинақтап, көпшілік алдында жүйелі айта білуін қалыптастыру. Егер ойымыз орыс тілді мектептерде қазақ тілін өз туған тілі деңгейінде жетілдіру болса, оның тіл үйрену ортасын, негізгі тақырыбын, қажетті қарым- қатынас жасайтын адамдарын оқушыға таңдап беру керек. Осы мақсатта мұғалімдер оқытудың мазмұнының жан- жақтылығын : сөйлеудің әртүрлі кезеңдерін, мәләмет алу мен берудің, сөйлеушіге әсер ету, өз ойын жеткізу т. б. қарастырғаны жөн. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып оқыту керек. Оқушының жасы кіші болған сайын оның көңіл- күйі де басымырақ. Осы үшін төменгі сынып оқушыларына көңіл- күйді көтеруге байланысты молырақ мәліметтер қолданылады. Мысалы: рольдік ойындар , кішігірім көріністер, ертегілерден үзінділер, өлеңдер, әндер, дене қозғалысымен айтылатын санамақтар оқушылардың күшті әсерін, сабаққа деген құлшынысын арттырады.
Логикалық ойын дамыту. Сөзжұмбақтар, ребустар құрастыру, оларды шешу, ойын жеткізе айта білу. Жұмбақтарды шешу, оларды ойдан шығару, өз сөзімен жұмбақтау. Осыдан оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту ерекшелігі туындайды. Оқушы берілген ертегіні өзгертіп, мұғаліммен кезектесіп сөйлем құрастырып, ертегі бөліктерін әңгімелеп айтады. Ойдан шығаруға сюжетті әңгімені плакатқа жазып, оларды топтастырып, тақтаға іледі. Мұғалім жазуды оқып толықтырады. Міне, оқушылардың жүрекжарды өз туындысы осы болмақ. Ал егер оқушылар жеке парақтарға жазып келсе, оларды жинақтап кітапша жасауға да болады. Оқушылар өз кітапшаларын бір-бірімен ауыстырып оқыса, оқитын жаңа мәлімет туындады деген сөз. Орта буын сынып оқушыларына берілген тақырыпқа , еркін тақырыпқа өлең шығартып, шығарма тудыруға болады. Ал өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтқызуға , негізгі тақырыбын тауып айтуға да үйренген жөн. Монолог, диалог оқуды игертуді қолға алса, оқушының нақышына келтіре сөйлеу ерекшелігін үйренуіне жол ашылмақ. Жоғары сынып оқушыларына жобалап ойлауды дамытуды ( әртүрлі тақырыпта жоба құру) жүйелеп, ауызша талдап , қорғауды бір ізді жолға түсіруде жұмыс атқаруға болары хақ.
Жиі қолданатын құрал- рольдік ойын. Рольдік ойын - сөйлеуде көпшілік ортадағы тәжірибе жинақтаудағы тиімді тәсіл. Оқушылар оқиғаға беріліп, сөйлеудің әр жағдайдағы қажеттілігін түсініп, үйретеді. Бұл әсіресе оқушылардың қазақ тілін қолдануда қарым- қатынас жасау ортасының болмаған кезінде тиімді болмақ. Ал егер шығармашылық жағдай туындаса ол оқушының ойы мен арманын ұштайды, қызығушылығын туғызады, соның салдарынан сюжеттік әңгіме құрастырудың алғы шарттары туындайды. Өз ойын жеткізуде тек сөз емес, оқушының дене қимылы, қозғалысы үлкен мән береді.
Оқушыға білім беруде оқытудың мейірім төге оқыту түрін қолдану тиімдірек болмақ. Бұл тұрғысында мұғалімнің білімі, біліктілігі, тәжірибесі басты орында болады. Мұғалім мейірімді қарым-қатынас ортасын түзсе, оқушымен тіл үйренуде тең боларлықтай қарым-қатынас жасаса, жіберген қателерін түсіндіре отырып көрсете білсе, көмекшісі, жанашыры, ақылшысы бола білсе, онда оқушылар қателесуге ,сөйлеуге қорықпай өз ойларын айтып, жеңіске жетер еді. Сонымен қатар, тек жалаң сөздердің жазылуы мен айтылуын ғана үйретіп қоймай, олардың сөйлем ішіндегі қолданысын игерту керек. Бұл үшін кішігірім мән мәтіндерге шолу жасап, оның мағыналық жақтан толық игерілуіне көңіл бөлу керек. Оқушылар тақтада суреттерден топтама жасап, сөйлемдер құрайды, нәтижесінде әңгіме де жазылады. Кейінірек оқушылар суреттердің көмегінсіз өздері ойша, жазбаша еркін тақырыпқа мән мәтіндер, әңгіме, ертегілер құрастырып жазады.
Қорыта келе айтарым, жоғарыда айтылған мәселелерді қамту үшін мұғалімнің әдістемелік сауаттылығы, ізденісі терең болуы керек. Әдістемелік сауаттылық дегеніміз- оқушыны сөйлетуге шығаратын жұмыс түрлерінің жүйелілігі мен орындылығын, мақсатын түсіну, оқушының белсенділігін, сөйлеу уәжін туғызатындай оқу ахуалын қалыптастыра білу. Бұл әрекет сөзді ұсынудан басталып, бекіту, дағды түріне айнал-
дырып, сөйлеу деңгейіне шығарумен аяқталуы тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Шәмшінің батасы
Жекелеген әдебиет
Ашық есік күні - ынтымақтастықтың көрсеткіші
Дарынды және талантты балаларды қалай анықтауға болады?
Оқушылары - аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлері
Көктем тобына
Қазақ тіл білімі
Мұқағали жыры - көңілімнің сыры
А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?
Пәндер