Топтарға берілетін тапсырмалар

Мұрат Майра Мұратқызы Алматы қаласы,

И. Нүсіпбаев атындағы мектеп - интернатының

география пәнінің 2 - санатты мұғалімі

Коучинг - сабақ тақырыбы: Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан - жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға бағыттайды.

Күтілетін нәтижелері:

• Lesson Study тәсілімен танысады ;
• Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады.
• Өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.

Басты идеясы: Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат ұстаздардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Топпен болашақта оқушыларды зерттеу сабағын жүргізудегі тиімді жолдарын қарастырады. Сабақта қолданылатын материалдар: үлестірмелі материалдар, бейнежазбалар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта

Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, АКТ, СТО

  1. Диалог 2. Жұптық жұмыс 3. Топтық жұмысДерек көздері:Интернет материалдар, МАН

Тапсырмалар : Сұрақтар, салыстыру, зерттеу, түйіндеу

Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық

Уақыты
Коучинг - сабақ барысы
Коучтің іс- әрекеті
Мұғалімнің іс- әрекеті
Уақыты: 5 минут
Коучинг - сабақ барысы:

Құрметті мұғалімдер «Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» атты тақырыпта жүргізілетін коучингке қош келдіңіздер! Сергіту сәті. Топқа бөлу

Алдарыңыздағы тұрған қағаздардағы сөздерді таңдай отырып «Көңілді күн» әнінің көрсетілімі қосылғанда сәйкес келетін сөз тіркестерімен жұп бойынша топтасып, өздеріңізді бір билеп сергіп алып орындарыңызға жайғассаңыздар! Рахмет! Яғни, топқа бөліне отырып, сергіту сәті жүргізіледі.

Коучтің іс- әрекеті: Менің сөздерімнің тереңіне үңіледі, өз еріктерімен жұмыс жасайды, мені қолдайды
Мұғалімнің іс- әрекеті:

Мұғалімдер арасында психологиялық ахуал туады.

Ынтымақтастық та топқа бөлінеді

Уақыты:

1минут

3 минут

Коучинг - сабақ барысы:

«Еліміздің ертеңі - білімді ұрпақтың қолында, білімді ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында - демекші құрметті мұғалімдер дамыған елдің қатарына қосылуымыз үшін білімді ұрпақты дайындау үшін мұғалім қауымы шебер болу керек деген ойдамын, енді сіздермен мынандай «Ашық және жабық сұрақтар» жүргізбекшімін! Өз ойларыңызды айтсаңыздар.

  • Тақырыпты ашуға бағытталған ашық, жабық сұрақтар:1. Материалдарды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға мүмкіндігіңіз бола ма?3. Мұғалімге барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндігі бар ма?4. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз бе?
Коучтің іс- әрекеті:

Коуч тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя отырып жетелейді

Коуч ары қарайғы іс -әрекетті түсіндіреді

Мұғалімнің іс- әрекеті:

Қатысушылар коучинг мақсатын анықтайды,

Жеке жұмыс, ойланады, өз пікірін айтады, өзгенің пікірінің құндылығына үңіледі.

Ынтымақтастық та топпен талқылай отырып жауап береді

Уақыты: 15 минут
Коучинг - сабақ барысы: «Lesson Study» атты тақырыпта презентация түсіндіріледі, сол туралы бейнежазба тыңдалынады.
Коучтің іс- әрекеті: Коуч тақырып бойынша презентацияны түсіндіреді
Мұғалімнің іс- әрекеті: Мұғалімддер тақырып аясында ой түйеді
Уақыты:

13 минут

Әр топта 7 минуттан қорғалады

Коучинг - сабақ барысы:
  • Құрметті әріптестер, енді бәріңізге «Lesson Study-дің сабақта қолданылу тиімділігі» тұрғысынан тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындауларыңызды сұраймын.

Топтарға берілетін тапсырмалар:

1. Lesson Study-дің басты мақсаты қандай?

2. Lesson Study сабақта қалай жүргізіледі

3. Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау

4. Lesson Study-ден кейінгі талқылау (сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу)

5. Әріптестерді Lesson Study-дің нәтижелерімен ресми түрде таныстыру мен оны мектеп -интернат бағдарламасына енгізу. Осы тапсырмалар бойынша әр топ презентация дайындайды.

Коучтің іс- әрекеті:

Ынтымақтастықта жұмыс істеу, жауапкершілікті сезіну

Коуч түсініксіз сұрақтар бойынша бағыт- бағдар береді.

Мұғалімнің іс- әрекеті:

Ынтымақтастық та өз пікірін айта отырып, өзгенің пікірінің құндылығына үңіледі.

Топ мүшелері ынтымақтастық пен дайындалады

Топтар Lesson Study-дің кезеңдерін түсіндіреді, өзара талдайды

Уақыты: 10 минут
Коучинг - сабақ барысы: «Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» атты тақырыпқа кластер құру. Бүгінгі коучинг - сабақ бойынша қорытындылайды.
Коучтің іс- әрекеті: Топтардың кластер құруына коучинг - сабақ бойынша кластер құруына бағыттайды.
Мұғалімнің іс- әрекеті: Топтар кластерлерін қорғайды
Уақыты: 5 минут
Коучинг - сабақ барысы: Топтар өзара бағалау жүргізеді
Коучтің іс- әрекеті: Топтарға бір -бірлерін бағалауды ұсынады
Мұғалімнің іс- әрекеті: Әр топтар кезектесіп, өзара бағалау арқылы пікрілерін айтады.
Уақыты: 2 минут
Коучинг - сабақ барысы: Бағдаршамға екі жұлдыз, бір тілек жазу арқылы кері байланыс алынады.
Коучтің іс- әрекеті: Тақтаға бағдаршам іледі
Мұғалімнің іс- әрекеті: Әрбір қатысушы жеке жұмыс. Яғни, екі тілек пен бір ұсыныс қалдырады.

Ұқсас жұмыстар
Туған жер. о.асқар
Арифметикалық прогрессия - тарауына есептер шығару
Бала тәрбиесі баршаға ортақ
Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй жануарларымен таныстыру
Обьектілерді көшіру себет (корзина). себеттегі обьектілерді өшіру, қалпына келтіру
Химиялық элементтер қайталау
Д.исабеков. ата үміті
Алжапқыш
Ms excel кестелік редакторы. кестедегі есептеулер
Оқушыларды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz