Әмір Темір Моғолстан жеріне алғашқы жорығы

Күні: 23 желтоқсан 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: §25. Моғолстан

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Моғолстан мемлекетінің құрылуымен, этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан-жақты түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушыларға тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды, халқын қадірлей білетін өз елінің азаматы болуға, халқын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабықтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Карта, арнайы слайд, хронологиялық кесте, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару .

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқиғаларды ханның басқарған уақытымен сәйкестендір.

Оқиғалар
Хан
Жауабы
Оқиғалар: А. 1327-1328 жылдары бұл хан өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған
Хан:

Ұрыс

Орыс

Жауабы:

Ә.

Б.

Г.

Оқиғалар: Ә. Бұл хан Еділ бойынан жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркіні жаулап алды
Оқиғалар: Б. Бұл хан Алтын Орданың билеушісі Мамайды толық жеңе алмады
Хан: Мүбәрак
Жауабы: А.
Оқиғалар: В. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алуға әрекеттенген хан
Оқиғалар: Г. Ол Жошы ұрпақтарының бірі Түйеқожаны жазалаған
Хан: Тоқтамыс
Жауабы:

Ғ.

Д.

Оқиғалар: Ғ. Бұл хан Темірді паналады
Оқиғалар: Д. Оны Темір Ақ Орданың тағына отырғызды
Хан: Барақ
Жауабы: В.
Оқиғалар: Ж. Өзбек ханнан жеңіліп, ол қырғыз жеріне және Алтай қашып кетуге мәжбүр болды

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың жоспары:

Моғолстанның құрылуы, жер аумағы

Халқының этникалық құрамы.

Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы.

Моғол хандығының әлсіреуі.

1. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы . XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі - Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі - Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде "монғол" сөзіндегі "н" әрпі түсіп қалып, "моғол" немесе "моғолстан" сөзі қалыптасып кеткен.

Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық- Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды.

Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай мемлекетін үлестерге бөлгенде дулат әмірі Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан.

2. Халқының этникалық құрамы.

Жетісу аймағындағы б. д. д III-II ғ. Бастап, үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген.
V-VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған.
XIII ғасырда моғолдың арлат, чорас, калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.

3. Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басы- на дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.

Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырды. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған өмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.

Уақыты

Болған оқиғалар

Уақыты: 1348 ж
Болған оқиғалар:

Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық- Темір Моғолстан ханы етіп сайлайды

Уақыты: 1360-1361 жж.
Болған оқиғалар:

Тоғылық-Темір Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны. Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады.

Уақыты:

1365 жылы

22 маусымда

Болған оқиғалар:

Әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Ташкент қаласының маңында екі жақтың арасында шешуші "Батпақ шайқасы" болады.

Уақыты: 1371-1372 жж
Болған оқиғалар: Әмір Темір Моғолстан жеріне алғашқы жорығы.
Уақыты: 1380-1390 жж
Болған оқиғалар: Әмір Темір Моғолстанға 120 мың адаммен бірнеше рет жорық жасаған.
Уақыты: 1428 жж
Болған оқиғалар:

Уәйіс хан қайтыс болды

Уақыты: 1433 жылы
Болған оқиғалар:

Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға хан тағына отырады.

4. Моғол хандығының әлсіреуі. Моғол хандығын саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолынан алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.

Ал шығыстан XIV ғасырдың басында ойраттар шабуыл жасап отырды. М. Х. Дулатидің жазуына қарағанда, Уәйіс хан 10 жыл ішінде қалмақтардың 612 шабуылына тойтарыс берген.

Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен Есен- бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің колдауымен Есен-бұға 1433 жылы хан тағына отырады. Бірак хандық билік үшін талас тоқтамады. Есен-бұғаның қаза болуымен Ферғана жерінде - Жетікентте билік кұрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. XVI ғасырдың басында Моғолстан мемлекеті құлайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.

ІV. Сөзжұмбақ шешу “ Моғолстан ”.

м
: Ттт
м: о
: Ғғғ
: Вв
:
:
: Қққ
:
: Тт
:
:
:
:
:
м:
:
:
:
:
:
: ғ
:
:
:
:
:
: о
м:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
м:
:
:
: л
:
:
:
:
:
:
:
:
:
м:
: с
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
м:
: т
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
м:
:
: а
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
м:
:
:
:
:
: н
:
:
:
:

Ұқсас жұмыстар
Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Тақырып Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Тақырып Қазақ хандығының құрылуы
Бабаев туралы оқушылардан сұрау
Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
Орта ғасырлардағы Қазақстан
Қазақстан тарихынан бақылау жұмыстары. 5- сынып
Қазақстан тарих пәнінен емтихан тесті. 7 сынып
Тақырып - Әбілқайыр хандығы
Xiii-xv ғасырдың i жартысындағы Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz