Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тұлғаларды сәйкестендір кезеңінің жауаптары
Жауапты: Жуматаева С.А., Калиева Ұ.Б.
<<Менің елім - Қазақстан>> интеллектуалдық сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Қазақстан Республикасының өткеніне, бүгініне және болашағына деген қызығушылықтарын ояту.
.
Көрнекілігі: Елбасының портреті, <<Менің елім Қазақстан>> тақырыбындағы суреттер жинағы (еліміздегі монументтер мен ескерткіштер, рәміздер суреті.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, жерге жетер байлық жоқ.Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында <<Қазақстан>> егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп, мектебіміздің 6-7 сыныптар арасындағы <<Менің елім-Қазақстан!>> атты интеллектуалдық ойын-сайысымызға қош келдіңіздер!.
Ең алдымен бүгінгі ойынның әділ төрелігін жүргізетін қазылар алқасымен танысайық:
1 ДТІЖО - Тусупжанова Г.Е.;
2 Бастауыш сынып мұғалімі - Байсадыкова Б.Н..
<<Менің елім-Қазақстан>> интеллектуалдық сайысын бастаймыз!
1 кезең. Танысып отырайық деп аталады. Кезекті << _______________ >> және << _______________ >> топтарына беремін , өздерін таныстырып өтсін (Топтар атын, ұранын айтады).
Бүгінгі сайысымыздағы топтардың қойылатын сұрақтарға жауап беру ретін анықтау үшін сіздерге тосын сұрақ қойылады.
Тосын сұрақ: Берілген көріністе қандай оқиға баяндалуда?
Жауап толық, әрі танымдық болуы керек.
Ең бірінші болып жауап берген топ келесі кезеңдерде қойылатын сұрақтарға бірінші болып жауап беретін болады.
2 кезең. Еліміздегі мерекелермен қаншалықты таныспыз? Алдымыздағы кестеде 6 мерекелік күндер берілген. Осы кестедегі даталарға топтар кезектесіп жауап беретін болады. Яғни 1 сұраққа 6- сынып, 2 сұраққа 7- сынып. ( ҚОСЫМША 1)
Жауабы:
1. 31 мамыр - Репрессия құрбандарын еске алу күні;
2. 17 желтоқсан - Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын еске алу күні (аза тұту күні);
3. 4 маусым - ҚР рәміздерінің қабылданған күні;
4. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
5. 22 наурыз - Наурыз мейрамы (Түркі халықтарының жаңа жылы);
6. 1 мамыр - ҚР ұлттарының бірлігі күні.
Құрметті қазылар алқасы 2 кезең бойынша ұпай сандарын қорытындылап алсаңыздар!
3 кезең. Бұл кезең <<Тұлғаларды сәйкестендір>> деп аталады. Алдарыңыздағы слайдта өз саласында өз еңбектерімен талай шыңдарды бағындырып, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген тұлғаларымыздың фотосуреттері, және екі кесте берілген. 1-кестеде тұлғаларымыздың есімдері, ал 2-кестеде олардың лауазымдары, жетістіктері және оларға теңестірілген сандар жазылған. Сіздерге қойылатын талап осы аталғандарды өзара сәйкестендіру. Яғни бұл кезеңде топпен жұмыс атқарылады. Жауаптарыңызды келесідей ретпен жазасыздар (толық жауап жазылмайды, тек сандар ғана жазылады): 1 - сурет нөмірі; 2 - қызметі, жетістігі; 3 - аты-жөні.(ҚОСЫМША 2)
<<Тұлғаларды сәйкестендір>> кезеңінің жауаптары:
1-7-7
2-9-8
3-5-4
4-6-6
5-2-3
6-4-5
7-1-2
8-12-10
9-3-1
10-11-12
11-8-9
12-10-11
Құрметті қазылар алқасы 3 кезең бойынша ұпай сандарын қорытындылап алсаңыздар!
4 кезең. Сырлы ұяшықтар деп аталады. Бұл кезеңде 7 тақырып бойынша 10,20,30 ұяшықтары әзірленген. Сұрақтың күрделілігі және дұрыс жауап берген жаңдайда берілетін ұпай саны ұяшықтарда көрсетілген сандарға сәйкес.(ҚОСЫМША 3)
Сұрақтары:
Қазақстан тарихы:
10 - Қазақ хандығының құрылуы? (Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амударияөзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы -хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы).
20 - Мемлекеттік рәміздер дегеніміз? (Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады).
30 - Өзге ұлттың мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүріне сыйластықпен қарау қасиеті қалай аталады? (Толеранттылық)
Қазақстан әдебиеті:
10 - <<Абай жолы>> роман эпопеясының авторы? (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).
20 - Қазақ әдебиетіндегі проза үлгісіндегі тұңғыш роман авторы? (Міржақып Дулатов, <<Бақытсыз жамал)
30 - "Мұзтаудың мұзбалағы", "Алтайдың кербұғысы" кім? (Оралхан Бөкей)
Қазақстан олимпиадада:
10 - Қазақстан құрамасы ең алғаш олимпиада ойындарына қашан қатысты? (1996 жыл Атлантада өткен олимпиада ойындары)
20 - Қазақстан 2014 жылы бұл спорт түрінен олимпиададағы алғашқы медалін алды? (2014 жылғы Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындары, Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан қола медаль)
30 - Қазақстаннан шыққан екі дүркін олимпиада чемпионы? (И.Ильин, Ауыр атлетикадан 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиада ойындары және 2012 жылы Лондонда өткен олипиада ойындары)
Қазақстан қалалары:
10 - Елбасы елорданы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ауыстыру туралы жарлыққа қашан қол қойды? (1997 жыл)
20 - Қазақстандағы тұрғын саны милионнан жоғары қала? (Алматы 1 522 596 - 2014 жылғы мәлімет)
30 - Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан қала. Түрксіб темір жолының Семей - Аягөз теміржол торабының бойында орналасқан темір жол бекет (станса).Түрксібтің құрылысы кезінде алдымененен _______ темір жол бекеті (стансасы) пайда болған, 1963 қала деңгейін алды ? (Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Шар қаласы.
Қазақстан үкіметі:
10 - ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов аталған қызметіне қашан тағайындалды? (2014 жылдың 2 сәуір күні Премьер-Министр Серік Ахметов отставкаға кеткен болатын. Сол күні кешке Президент Парламентке жаңа Премьердің кандидатурасын Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовты ұсынды. Парламент бір ауыздан қолдап дауыс берді)
20 - ҚР Үкіметі неше министрліктен, неше агенттіктен тұрады? (12 министрлік, 1 агенттік)
30 - (Иманғали Тасмағанбетовтығ суреті) Суреттегі тұлға еліміздің өркендеуіне едәуір үлес қосқан саясаткер. Көптеген жауапты қызметтерді атқарды. Толық аты жөні, қазіргі таңдағы қызметі? (Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетов 22 қазан 2014 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрі).
Қазақстан валютасы:
10 - Ұлттық валютаның туған күні?( Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады)
20 - 2007 жылы таңдалынған теңгенің жаңа нышаны қалай бейнеленеді? ()
30 - Төмендегі купюра туралы қандай мәлімет бере аласыз?
(Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан)
Қазақстан ғарышы:
10 - Қазақ ғарышкері,техника ғылымдарының докторы (1998 жыл) ? (Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров)
20 - Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке берілген мәртебелер? (<<Халық қаһарманы>> атағы (14.10.2015), Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі, <<Отан>> ордені (2015 ))
30 - ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы, авиация генерал - лейтенанты (2007 жыл)? (Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев)
Құрметті қазылар алқасы 4 кезең бойынша ұпай сандарын қорытындылап алсаңыздар!
5 кезең. Тарих жас өреннің өзімен...
Құрметті сайысқа қатысушылар бұл кезең сайысымыздың қорытынды кезеңі болып табылады. Аталған кезеңде сіздердің назарларыңызға екі ұяшық ұсынылады (топтар ұяшық таңдауы қажет). Бұл ұяшықтардың арғы жағында елміздің тарихында елеулі орын алған оқиғалар жөніндегі бейнекөріністер жасырылған.
Таңдау кезегі бойынша бейнекөріністер көрсетіледі:
1 ұяшықта - Қазақ хандығының құрылуы туралы, 2 ұяшықта - желтоқсан оқиғасы туралы бейнекөрініс берілген.
Көрсетілген бейнекөріністерден кейін қатысушы топтар көрсетілімнен, бүгінгі сайыстан алған әсерлері бойынша өздерінің пікірлерімен бөліседі.
Әділ қазылар алқасының шешімін тыңдап, жеңімпаздарды марапаттау.
ҚОСЫМША 1
ҚОСЫМША 2
ҚОСЫМША 3
ҚОСЫМША 4

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz