Әдістемелік бірлестік отырысының жоспары

G:\фото\VipTalisman27.jpg

Саға негізгі мектебінің

Бастауыш сыныптар әдістемелік

бірлестігінің жетекшісі

Қонарова Гүлмира Сағитжанқызы

Білімі: жоғары

Санаты: І

Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін

жоспарлау мен ұйымдастыру

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз - қай кезде де мектептің жүрегі, қоғам тірегі. Сондықтан да қоғам талабына сай шебер мұғалім болу, заман талабы болып тұрғаны анық . Ал шебер мұғалім дегеніміз кім? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі -кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ізгілігі мол әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативтік, бір сөзбен айтқанда толыққанды құзырлы адам.

ХХІ ғасырда мектеп мұғалімі қандай болу керек? деген проблеманы шешу үшін оқу-тәрбие үрдісін интерактивтік тәсілдермен ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік бірлестіктердің жұмыс формаларын өзгерту қажет. Ол үшін әр бірлестік мұғалімінің моделі құрылуы керек.

Әдістемелік бірлестік - бұл мектепте мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шыңдаудың кеңінен таралған формасы. Әдістемелік бірлестік жұмысы әрбір мұғалімнің мектептегі оқу бағдарламаларының мазмұнын, идеяларын және негізгі талаптарын шығармашылықпен игеруіне бағытталған.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі нысаналарының бірі - мұғалімдердің тиімді, белсенді оқу және тәрбие құралдарын әдістері мен тәсілдерін және сабақтың нақты міндеттеріне, оқу материалының мазмұнына және іс- әрекет шарттарына байланысты меңгеруі.

Соңғы жылдары біздің мектепте қалыптасқан әдістемелік жұмыстың формалары да санаулы бола түсті: әдістемелік бірлестіктер, сабақты жетілдіру жөніндегі пәндік семинарлар, тәлімгерлік, сабақтан тыс шаралар, әдістемелік апталықтар. Аталған формадағы әдістемелік жұмыстар жүйелі жоспарланған кезде ғана өз нәтижесіне жетері сөзсіз.

Ендеше бүгін педагог кадрлармен жүргізілетін мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру түрлеріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

«Білім беру ұйымының нормативтік құжаттар» бөлімі берілген үлгілері бойынша мектептегі әдістемелік бірлестіктер жұмысының нормативтік базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді және онда мынадай құжаттар бар:

  1. Өткен оқу жылына сараптама
  2. Әдістемелік кеңестің және әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
  3. Кадрларға сипаттама

а) бірлестік құрамындағы мұғалімдер туралы толық мәлімет

ә) бірлестік құрамындағы мұғалімдердің өзекті мәселесі, қолданылатын технологиялары

б) мұғалімдердің білім жетілдіру курстарынан өту кестесі

в) аттестациядан өтетін мұғалімдер туралы мәлімет

г) бірлестік мұғалімдерінің әдістемелік тақырыптары

  1. Әдістемелік бірлестік отырысының жоспары
  2. Пән бойынша бірлестік отырыстарының хаттамалары
  3. Ашық сабақтар кестесі
  4. Сыныптан тыс іс-шараларының кестесі
  5. Апталықтар, онкүндіктер кестесі
  6. Мұғалімдердің мектепішілік іс-шараларға қатысуы
  7. Өткен оқу жылындағы мұғалімдердің мектепішілік іс-шараларға қатысуы және жетістіктері
  8. Жас ұстаздармен жүргізілетін жұмыс жоспары.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары:
- Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
- Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;
- Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;
- Педагогикалық эксперименттер жүргізу;
- Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;


Ұқсас жұмыстар
Жылдық жұмыс
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
Жылдық жоспар
Бірлестік жетекшісі кабинеті
<<Ақпараттық технологияны пайдалану>>
Оқушылар жетістіктері
Бастауыш сынып мұғалімдері
Бірлестік жоспары
HTML тілінің түсінігі
"дарынды оқушыларға қалай көмектесуге болады?"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz