Мақтанамын әлемге

№1 Бестобе орта мектебі

Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан!

тәрбие сағаты

Мұғалімі:Бабенова Қ . Е

2011-2012 оқу жылы

Тақырыбы: Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздін тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқыта отырып өз ана тіліне, ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Кіріспе бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке, біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20жыл толу қарсы алаңында «Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Олай болса еңсесі биік еліміздің сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз!

Еліміз Тәуелсіздік алып, нарықты заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды . Тәуелсіз. еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа толық жетеміз деп сенеміз.

Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын!

1. Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің!

Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің!

2. Отанды біз Атамекен деп аялап айтамыз

Өткені мекен еткен бабамыз мен атамыз!

3. Сен неткен, Отан Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, ұлы Отан, қазақ елім!

4. Оянады көнілдең асқақ арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алдан

Президентім бар менің, елі түгел

Ақ киізге көтеріп сайлап алған

Елордамыз қай қала?

5. Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде

Пеу ұстаған Астанам

Әсем қалам, бос қалам

Республикамыздың мемлекетік тіл қай тіл?

6. Ардақта тілімізді,

Ал адам білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді, ғылымды

Пішіңсіз білім жоқ

Ғылымсыз күнің жоқ.

7. Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші

Рәміздерім - Әңұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген - жөн кісі

8. Елтаңба,

Дүние әлем көзіңдей,

Кереге қанат қамалы

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ - күн, уық - нұр,

Мәңгі сөнбес күйінде.

9. Маңдайдан жұлдыз туып тұр,

Қуат отын қыздырған.

Қос қанатты пырағым,

Хас тұғырға қондырған.

Қазақстан- ұраным.

Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.

Мұғалім: Міне балалар, біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл мемлекет туралы мағлұмат беріп кетейік.

Бүгінгі біздің еліміз - бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады.

Рәміз дегеніміз - түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер әлемінде өмір сүреміз.

Қандай да бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы өз Туы, Елтаңбасы, Әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.

Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады: «Әнұран», «Елтаңба», «Ту». Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырайық.

« Әнұран » еліне келдік. Осы елдің әнші композиторларымен танысайық.

Әнұранның сөзін жазған - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов, орыс тіліне аударған Бахыт Қайырбеков.

Қ. Р. Әнұранының авторлары.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторы, экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі «Алтын қыран» орденінің, дүние жүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері.

1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауыты жанындағы жоғары техникалық оқу орнында оқып, инженер - металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов(1935-1983)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М. Горький атындағы әдебиет институты жанындағы әдеби курстарда оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте жұмыс істеген.

Шәмші Қалдаяқұлы (1930-1992)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраның авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері

Күн сайын Қазақ радиосының бағдарламасы басталғанда және аяқталғанда мемлекеттік әнұран естіледі. Оның әуені көңілді толқытып, жаныңды шаттыққа бөлейді, жүрегіңді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады. Әнұранның әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Еліміздің өмірінде аса маңызды орын алған оқиғаларға арналған ескерткіш орнатылғанда орындалады. Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі.

Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту - әрбір азаматтың парызы.

Жаңа әнұран 2006 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

Мұғалім: « Елтаңба » еліне келдік. Бұл елдің сәулетшілерімен танысайық.

Шотаман Ыдрысұлы Уәлиханов.

Қ. Р. Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қоғам қайтаркері.

1932 жылы Көкшетау облысының Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды.

Негізгі шығармашылық жұмыстары: Алматыдағы Шоқан Уәлиханов(1969), Әліби Жангелдин (1975), Тоқаш Бокин (1977) ескерткіштергі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998) .

Жандарбек Мәлібекұлы

Қ. Р. Мемлекеттік елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші.


Ұқсас жұмыстар
Ұлы тұлға
Шығармашылық сайыс
Елордасы - Астана қаласы
Сендердің адал достарың барма
Қандай құдіретті сөз
Бабалары еккен шынарды балалары саялап..
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ атты ертеңгілік
Тәуелсіздік алауы
Соңғы тыныштық сәті
Тәуелсіз елім Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz