Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ашық есік күні - ынтымақтастықтың көрсеткіші

Ашық есік күні -ынтымақтастықтың көрсеткіші
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Осыған байланысты 2015 жылдың 06 сәуірінде №84 жалпы орта мектепте мектеп пен жанұяның бірлескен жұмыстарын ұйымдастырудың формалары мен әдіс-тәсілдеріне талдау жасай отырып, оқушыларды заман талабына сай дамытуда екі тараптан да бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қарастыру , ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыс мазмұнының тиімділігін сыни тұрғыдан ойлау әдісі көмегімен іске асыру мақсатында <<Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі>> тақырыбында дәстүрлі іс-шара <<Ашық есік>> күні өтті. Бұл дәстүр арқылы мектеп ата-аналармен тығыз байланыс жасайды. Шақырылған қонақтар бағдарламаға сәйкес іс-шараның барлық түріне, ашық сабақтарға қатысып, мектеп өмірімен жақынырақ танысты.
Мектебіміздің шығармашыл ұстаздары және де үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдеріміз заманауи сабақтарды шебер көрсете білді. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шеримова Р. 11 <<А>> сыныпта <<Қазақ тілінен өткенді қайталаудың қызықты жолдары>> , Умирбекова Қ. 8 <<А>> сыныбында <<Төл сөз. Төлеу сөз>> , Өтемісова Г. 9 <<Ә>> сыныпта <<Ж.Аймауытов . <<Қартқожа>> романы.>> ,бастауыш сынып мұғалімдері Омарова К. 1 <<Ә>> сыныпта ана тілі пәнінен <<Наурыз тойы>> , Абдураимова Қ. 4 <<А>> сыныпта математика пәнінен <<Шамалар мен олардың өлшемі>> ,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бурханова Ғ. 9 <<А>>сыныпта <<Знаки препинания в БСП>> , тарих пәнінің мұғалімі Ауезова Г. 9 <<Ә>> сыныбында <<Қазақстан қайта құру кезеңінде>> , география пәнінің мұғалімдері Муханбетова Ә. 6 <<Б>> сыныбында <<Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралуы>> ,ал Бадырақова М. 6 <<А>> сыныбында <<Ауа райы және климат>> тақырыптарында , жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды да тиімді пайдалана отырып сабақтарын көрсетіп ата-ана алғысына ие болды. Ата-аналар ризашылығын кері байланыс парақтарын білдіріп кетті. Оқу - тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеуі қуантарлық жай. Мектептің ата - аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл мектеп пен ата-аналар ынтымақтастығының бір көрінісі.

№84 жалпы орта мектеп директорының
әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
Абишева Гүлайша Абдикуловна

Ұқсас жұмыстар
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тоб жұмысындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы
Тәрбие сағаттарын бекіту
Үй-ағаш-адам әдістемесі
Тақырып Білім биржасы зияткерлік ойыны
Қазақстанның мемлекеттік тәуеліздігін жариялауы және тмд-ның құрылуы
"ж.қалдығараев атындағы орта мектеп" мм-нің 2014-2015 оқу жылына арнаған дамыту жоспары
Time (уақыт). 8 сынып
Оқушылар жетістіктері
Атмосфералық жауын-шашын
Пәндер