Әріптерді үйреніп

Жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ата аналар, ұстаздар, оқушылар

Сіздер «Қош бол даярлық» атты даярлықпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді бойлары да, ойлары даөсіп, даярлықты аяқтап, биыл күзде біріншісынып табалдырығын аттағалы тұр.

«Талаптарыңа нұр жаусын, тек ата-ананың ғана емес, халқының ұлы болсын, өз еңбегімен алған білімдері өзі үшін де, елі үшін де таусылмас қазына. Сол қазынаны әрі қарай шыңдай түсіңдер» демекпін. Сәт-сапар бүлдіршіндер!

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.

Ал енді сіздер рұқсат етіңіздер,

Сонымен ертеңгілігімізді бастайық біз.

Бақтияр: Мектепке биыл барамын,

Қолыма кітап аламын

Дайын тұр сауыт сайманым

Дайын тұр жазар қаламым.

Сәния: Дайын тұр киер көйлегім

Үйімде биыл той менің.

Өзімше мен кәдімгі

Оқушы құсап сөйледім.

Сағыныш: Гүл сатып алам ақшаға

Қуану үшін жақсы аға.

Дина мен Ләйлә құсап мен

Бармаймын бала бақшаға.

Диас: Мектеп - қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы баламыз.

Дамир: Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді

Қуантуға жүректі

Қуантутға түлекі.

Мен мектепке барамын.

Әділет: Қолыма гүл аламын

Дайын дәптер, қаламым

Мен мектепке барамын,

Қуанышым менің мол

Мектебіме тарттым жол

Даярлығым қош сау бол.

Ән: «Біз мектепке барамыз».

Бауыржан: Әліппемді қоям бір бөлек

Жаттауға жаңа жыр керек

Көбелекті де қумаймын

Қона берсін гүлге көк

Бибатпа: Енді мен үлкен баламын,

Ананың тілін аламын.

Әжемнің барлық айтқанын

Миыма құйып аламын.

Ақжол: Әкелген гүлді сый көріп

Қолыма алдым именіп.

Әскерде жүрген ағама

Хат жазам әріп үйреніп.

Ақжол: Сәбимін жеткен, жетіккен

Кешпеймін суды етікпен

Ауылда жүрген атама

Хат жазам өлеңдетіп мен

(Т. Молдағалиев)

Би: «Көбелек» 0 «б» тобы.

Мұғалім: Қабыл алшы өнерлерін баланың,

Тілектері орындалсын ананың.

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,

Өздеріңсің жалғастырар бабамның.

Біз өнерсіз баламызба?!

Көрсін аға-апалар.

Көрсін папа-мамамызда

Ырза болсын балалар.

Көрініс: Алдарыңызда 0 «ә» тобының балаларының өнерін көріп тамашалаңыздар! «Бауырсақ» ертегісі. (қуыршақ театры)

Би: Испан биі о «ә» тобы.

Жұлдызай: Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық, тойладық.

Серік: Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды.

Диана: Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба

Б тұрады үшінші -

Ал осының сыры неде түсінші?

Айбол: А деген ол-

Аналар ғой ардақты,

Ә деген ол, әкелер ғой салмақты.

Б деген ол, балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Рахат: Алшақ кетпей. . .

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында.

Би: Вальс: 0 «б»

Гүлсезім: Сәлем, әнші халайық

Кәне, көпке лайық.

Әуезді де, көңілді

Әсем әнге салайық.

Ән: «Біз мектепке барамыз».

Азамат: Мектебің мынау, класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың.

Самат: Оқу-білім ордасы

Ұстаз анық арнасы

Ұстаздық деген ұлы іс

Адалдықтың айнасы.

Көрініс: 0 «б» тобы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналайды.

Мұғалім: Балалар, біздер қолымызға ең алғаш рет ұстап, білім алған оқулығымыз - «Сауат ашу» еді. Біз оны аяқтадық. Енді 1-класқа барғанда Әліппені қолға алып, білім нәрімен әрі қарай сусындаймыз.

Диас: Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін ашып берді.

Б. Бекзат: «Әліппені» дұрыстап

Түгел танып аламын.

Қыркүйекте гүл ұстап

Мен мектепке барамын.

Қ. Бекзат: Бар кітапқа бас болған

Әліппе - ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Мұғалім: Мың бұралған биінің көркі қандай,

Сыңсып салған әні де аққу - қаздай.

Би: Өзбек биі. Бибатпа 0 «ә»

Дархан: Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

Ән: «Сәлем, мектеп!»

Мұғалім: Балалар біздің Отанымыз қай ел?

Біздің еліміздің рәміздерін атаңдаршы?

Әсем: Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп нұр

Күн жаяды шапағын

Астында оның қаланған

Қыран құстың бейнесін

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

Ділназ: Ескі белгі ұрандар

Сары алтындай сақталған

Күн шұғыла қыран да

Алтын түспен қапталған

Сол жағында матаның

Қызыл түсті жолақ тік

Мұратындай атаның

Әсем өрнек ол ұлттық.

Әділет: Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар, уық бар

Әсем бейне сен көрген

Жәй бейне емес ұғып ал

Көгілдір түс аясы

Бейбіт дала елесі

Шаңырақ - жұрт панасы


Ұқсас жұмыстар
Әліппе - білім бастауы 1-сынып
Суретке қарап дыбыстық талдау жасату
Қош бол, құтты Әліппе . сценарий
Бармысыздар балалар
Біз не үйрендік?
Мұғалім сөзін буынға бөл
Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілік
Әліппеге рақмет!
Әліппемен қоштасу: оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау
Қош бол, сырлы көк сандық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz