Есімшеден қайталау сабақ

№47 жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Боқанова Құттыгүл

Сабақтың тақырыбы: «Есімшеден өткенді қайталау»

Сабақтың мақсаты:

а) есімше туралы алған білімдерін пысықтау, есімше түрлерін ажырата отыра білуге үйрету;

ә) сөйлеу тілдерін жетілдіру, ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал жасау, ой мен іс-әрекеттегі жүйелілік, қиял мен сезімнің ұшқырлығы сияқты қабілет-қасиеттерді дарыту;

б) талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, туған жерін, елін сүюге баулу, бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, сатылай кешенді талдау, іздендіру, шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, риторика, бейнелеу өнері. музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалап, зейіндерін сабаққа аударту;

Бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы ретінде бірнеше деңгейлік тапсырмалардан тұратынын ескеріп, класты 3-ке бөліп, топтастырамын.

І деңгейлік тапсырма.

«Үш қадам сұхбат» әдісі

«Қызыл үстел» тобы-интервью алушы

«Көк үстел» тобы-интервьюге жауап беруші

«Сары үстел» тобы- ақпаратты жинап реттеуші.

1. Етістік дегеніміз қандай сөз табы?

2. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?

3. Есімше дегеніміз не?

4. Есімше қалай жасалады?

5. Қандай сұрақтар арқылы жасалады.

ІІ деңгейлік тапсырма

Есімшені тап, оларды зат есімдермен тіркестір.

І топ ІІ топ ІІІ топ

Көреген қашаған береген

Сүзеген ойнаған тыңдаған

Көрген жуған жазған

Тебеген алаған оқыған

Жылтыраған алған білген

Кітаппен жұмыс. 251-жаттығу

ІІІ деңгейлік тапсырма.

Мына мақалдарды толықтыр.

1-топ

1. Отанын сүй . . . отқа жанбайды,

Суға батпайды.

2. Егілме . . . жер жетім,

Елінен айырыл . . . ер-жетім.

3. Ынтымақ жүр . . . жерде ырыс бірге жүреді.

2-топ

1. Талапты ерге нұр жау . . .

2. Жолдасын таста . . . жолда қалдыр . . .

3. Ерді талап ұшыр . . . , құсты қанат ұшыр . . .

3-топ

1. Ақ сұңқар ұш . . . жем үшін, ер жігіт ту . . . ел үшін.

2. Ердің ұял . . . ы-өл . . . і, еменнің майыс . . . ы - сын . . . ы.

3. Сыпайы сырын сақта . . .

ІҮ деңгейлік тапсырма

Сіріңке шыққанға дейінгі от.

Ертеде адамдар отты аулайтын болған. Найзағай оты түскен ағашқа ұрланып келіп, жанып жатқан бұтағының біреуін ала қашқан. Сонымен от тұтатқан. «Отты сақтаушылар» оның өшіп қалмауын қадағалап, күні-түні күзеткен. Кейін келе ағаш қуысына екінші бір ағаштың ұшын тығып қойып, оны жылдам айналдыру арқылы от тұтатқан. Қуыстың түбіне құрғақ мүк салған. Ағаш қатты қызған кезде мүк тұтанып кеткен. Бұл тәсіл үйкеліс арқылы от тұтату деп аталады.

Қазіргі кездегі сіріңкелер де шиенің басын қораптың жақтауына үйкеу арқылы тұтанады. Бүгінде жаңбырда да тұтана беретін, су өтпейтін сіріңкелер бар.

«Қызыл үстел» тобына «От» сөзінің лексикалық мағынасын ашу;

«Көк үстел» тобына «отқа» байланысты тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді толықтырып, олардың мағынасын ашу;

Тыйым сөздер:

Отты үрлеп өшірме-

Отты осқылама-

Отқа түкірме-

Мақал-мәтелдер

От . . . жау

Отпен . . . күйерсің.

«Сары үстел» тобына «От» сөзіне қатысты тілімізде кездесетін төмендегі сөздердің мағынасын ашу

Бетінен . . . шықты

Жүрегіне . . . тастады

Екі . . . ортасында қалды

. . . кешіп, мұз жастанды

Сергіту сәті.

«Көбейту кестесі». Мақсаты- оқушының ойын жинақтап, сабаққа белсенділігін арттырады.

Ү деңгейлік тапсырма


Ұқсас жұмыстар
Есімшенің түрленуі
Сабақтас құрмалас
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Өлеңдерінің көркем тілі
Жұп сандарға мысал келтір
Модульдік оқыту бойынша тақырыптық жоспар
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
FOR қайталау oператоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz