Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

Сабақтастың мақсаты: 1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын

түсіндіру.

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас туралы білімдерін дамыту.

3. Сабақтастың түрлерін, қарсылықты бағыныңқы сабақтасты

ажыратуға баулу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: кесте-сызбалар, оқулық, тест, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Амандасу, түгендеу

-Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

128-жаттығу(жазбаша)

Сұрақ-жауап:

-Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

-Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін кім атайды?

-Шартты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?

-Мысалдар: Бір елді бір елжақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді.

-Жасалу жолдары: Шартты рай, көсемше, есімше.

-Шартты рай:-са, -се. Қайтсе? не етсе? деген сұрақтарға жауап береді.

-Көсемшенің -май, -мей, -майынша, -мейінше жұрнақтары арқылы жаслып, қайтпей? не етпей? деген сұрақтарға жауап береді.

-есімшенің -ғанда?-генде? Деген жұрнақтары арқылы жасалып, қайткенде?, не еткенде? деген сұрақтарына жауап береді.

-Бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып келеді.

-Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем сыңарларының арасына үтір қойылады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары.

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылар: қайтсе де?, не етсе де?, қайткенмен?, не еткенмен ?деген сұрауларға жауап береді.

Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.

а) Шартты райлы етістікке да, де жалғасып келуі арқылы.

ә) шартты райдың болымсыз түрінен: са, -се.

б) есімшеге көмектес септік (мен) Есімшенің бұл да, де шылауы қосылып та қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем жасалады.

в) есімшеге -ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы.

г) а, -е, -й көсемше түрінен болады.

ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түрінен шығыс септік жалғану арқылы ( тан, -тен ) жалғану арқылы жасалады.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқының баяндауышы
Тұлғалық белгісі
сұрауы
сызбасы
Бағыныңқының баяндауышы: 1. Шартты рай
Тұлғалық белгісі:

-са, -се

-да, -де

сұрауы:

Қайтсе де?

Не етсе де?

сызбасы:

/ . . . / шаршаса да,

/ . . . /.

Бағыныңқының баяндауышы: 2. Көсемше
Тұлғалық белгісі:

-ған, -ген, -ғаны,

гені, -ғанына, -геніне

болмаса, қарамастан қарамай

сұрауы: қайткенмен?, не еткенмен?, қайткенше?, не еткенше?, қайтпей? (не етпей? болмаса?)
сызбасы:

/ . . . /шаршағаны болмаса, / . . . /.

шаршағанына қарамастан, қарамай, / . . . /.

Бағыныңқының баяндауышы: 3. Есімше
Тұлғалық белгісі: -а, -е, -й, тұра
сұрауы:

қайте?

не ете тұра?

сызбасы: / . . . / көре тұра, / . . . /.

-Оқулықпен жұмыс:

129-жаттығу (ауызша)

Қарсылықты бағыныңқының жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

130-жаттығу

Төмендегі сабақтаса байланысқан сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жазып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар.

Мұстафа одан жаман кектене түскенмен, мен енді ол үйден кетуге бел байладым. Сексен сұлу сылаңдап тұрса дағы, Ғалияның алмаймын кірпігіне! Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік. Жұмыс қанша қиын болғанмен, маңдай алдым қанша бұлдыр болғанмен, менің сол кездегі өмірім қуанышты өмір болды.

Тест.

1. Сабақтас құрмаластың баяндауыштары қалай жасалады?

а) тиянақты

ә) тиянақсыз

б) екеуі дұрыс

2. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

а) 2

ә) 3

б) 4

3. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық қарым-қатынасына қарай неше түрге бөлінеді?

а) 3

ә) 5

б) 6

4. Шартты бағыныңқы сабақтас дегеніміз?

а) себебін білдіретін сабақтас

ә) істің жүзеге асу аспауын білдіреді

б) істің қарама-қайшылығын білдіреді

5. Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды. Қалай жасалған?

а) -са

ә) -майынша

б) - мейінше

6. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем дегеніміз не?

а) істің жүзеге асу, я аспау шартын білдіреді.

ә) бағыныңқыдағы іс басыңқыдағы іске қарсы қойылады

б) істің мезгілін білдіреді

7. Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайынды жүргізгенімді айтсаңшы. Қалай жасалған?

а) -да, -де

ә) -са, -се

б) ше жұрнағы

8. Шартты райдың болымсыз түрінің жұрнвғы?

а) -ша, -ше

ә) -да, -де

б) -са, -се

9. а, -е, -й, тұра ненің жұрнағы?

а) шартты рай


Ұқсас жұмыстар
Махамбет өлеңдерінің тілі
Мақсат бағыныңқы сабақтас
Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалуы
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы
Сабақтас құрмалас сөйлем
Жаттығу жұмыстары.қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар.8-сынып
8-сынып оқушыларына қазақ тілінен арналған емтихан сұрақтары мен қосымша тапсырмалар
Сабақтас құрмалас
Сабақтас құрмалас сөйлем. 11-сынып
Сөздердің байланысу түрлері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz