Көрікті көктем: музыка мен ойындар арқылы балабақшада өткізілетін ашық оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: Көрікті көктем

Мақсаты: Табиғаттың әсем бейнесін музыка арқылы сезіне білу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Дауыс жаттығулары арқылы сөйлеу дикциясын, тыныс алу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Күйсандық, үнтаспа, тайтұяқ, төсбелгі, әр түрлі гүлдер, слайд материалдары.

Барысы: І. Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі : 1. Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

(қимылымен көрсету) .

Балалар марш әуенімен дөңгелене залға кіріп тұрады. Қонақтармен амандасады. Жаттығу әнін айтып, жаттығулар жасау (денелерін ширату мақсатында) .

2. Жыл мезгілдерін сұрау, жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Ән айтпас бұрын (тамақ жібіту) дауыс жаттығуларын жасату. Слайд арқылы әтештің суретін көрсету.

А) до - до - до; ру - ру - ру;

- Балалар, әтеш қалай шақырады?

Слайд арқылы құстың суретін көрсету.

Балалар: ку-ка-ре-ку. .

  • Құстар қалай сайрайды?
  • Чик-чирик, чик-чирик. .

ІІ. Негізгі бөлім.

Көктем туралы жұмбақтар қойылады, балалар жұмбақтың шешуін табады. Көктем мезгілі туралы түсіндіру, ерекшеліктеріне тоқталу.

«Төлдер» әні.

Көктем мезгілін көрнекілігімен көрсету. Құстардың дыбысын тыңдату.

Жаңа әнмен таныстыру, әуенімен таныстыру. Шумағымен, әуенімен айтып көру.

Сергіту сәті:

Шомылып нұрға атырап,

Ағаштар жайды жапырақ.

Далаға бірден таралды,

Гүлдерден жұпар шашырап.

Таңғажайып сәт.

Бәйшешек кіреді.

  • Мен көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешекпін. Менің достарым жоқ. Мына жерден сендердің ән айтып, көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер менімен дос боласыңдар ма?
  • Иә!

Жүргізуші: Онда бізбен бірге болып, балалардың өнерін тамашала.

Бәйшешек: Ендеше мен бір би ала келдім, менімен қосылып билеңдер балалар.

«Гүлдер» биі. (қыздар билейді) .

Бәйшешек: Жарайсыңдар, қыздар! Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Айтқаныңды қайталайды,

Өзі бірақ айта алмайды. (жаңғырық)

Әуенді - дидактикалық ойын.

(есту қабілетін тексеру үшін) .

Тайтұяқты соғады, балалар қайталайды. 2-3 рет, ұзақ - қысқа дыбыстарды тайтұяқ арқылы соғып көрсетеді, балалар қайталайды.

Ұлттық ойын: «Бұқа тартыс».

Төрт орындық қойылып, балалар қолдарындағы тулақты төрт бұрышынан ұстайды. Ең бірінші тартып, орнына отырған бала жеңімпаз атанады. Жылдамдық, шапшаңдықтарын тексеру мақсатында ойналады.

Қорытынды: Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетін балалардан жеке-жеке сұрау, балаларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып (Ғ) әдебиеттік оқу пәні - Көктем қандай көрікті сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобына арналған Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту және құрастыруға бағытталған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Балабақшада ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Түлкі мен Тырна ертегісін талдау, драматизациялау және көптілділік компоненті
Жабайы аңдар туралы қос тілді ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (Бауырсақ ертегісі арқылы)
Көңілді көктем: әлеуметтік-танымдық, математикалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту мен сурет салу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қыс қызықтары
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы №11
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған экология сабағы
5-6 жастағы балаларға арналған ҚМТҚ оқу іс-әрекеті: дидактикалық ойындар картотекасы
Балабақшада ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz