Ашық сабақ жоспары: Құстар - тілдік, танымдық және экологиялық тәрбиелеу

Ашық сабақ: "Құстар"

Сабақтың тақырыбы: Құстар

Сабақтың мақсаты : Құстар туралы білімдерін кеңейту

Міндеттері:

1. Құстар туралы жалпы түсінік беру

2. Оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеулерін

дамыту.

3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, құстарға қамқоршы бола білуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: құстар туралы слайд, ермексаздан жасалған аққудың мүсіні, мазмұндауға арналған қысқаша мәтіндер, құстың қауырсыны, құстың жұмыртқасы, оқулық

Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, меңгерту.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу

Ә) оқушыларды түгендеу

Б) үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім: Ендеше үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушылар: 113-беттегі, 4 жаттығу

Мұғалім: 1 оқушыға 1 сөйлем оқытып, қалған оқушыларды шолып шығамын. (осы кезде оқушыларға кеспе қағаздарын таратып қоямын) .

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл сабақта оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейтіп, тіл байлыңғын артттыру. Тахауи Ахтановтың өмір жолы.

Құстар, құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

«Көктем келді !» - деп бізге

Жақсы хабар береді.

2 жаттығу. Туған жерде кездесетін құстарды атаймыз.

1 сөздікпен жұмыс.

Алаң - поляна

Аққу - лебедь

Шағын - небольшой

Бейбітшілік - мир

Сайрады - пели

Жібермеді- не пустил

IV. Сергіту сәті.

Ептеп- ептеп жерден бидай терейік,

Тергеніңді торғайларға берейік.

Торғай, торғай, томпаң- томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

2. Сен білесің бе?

2. Құстарды зерттейтін ғылым- орнотология.

3. Қырағы құс сұңқар, ең үлкен құс- түйеқұс.

4. Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт, ең жүзгіш- пингвиндер.

5. Аққуды атпа!

3. Топпен жұмыс.

Жұмбақтар жасыру, шешуі конвертте

1- топ

Ала шапан киеді,

Қыпылықтап жүреді.

Секектеп бір тұрмайды,

Өреден құрт ұрлайды.

Қалдықты жеп тауысқан,

Аты оның . . . ( Сауысқан)

2- топ

Өзі кішкентай, өзі әдемі,

Ертегінің кейіпкері.

Ал, айта қойыңдаршы,

Бұл қай құс? . . . (Қарлығаш)

Сергіту сәті.

2. Құстар қалай дыбыстайды.

1- топ 2-топ

Тауық- қыт-қыттайды Әтеш- шақырады

Қарға- қарқылдайды Тырна- тыраулайды

Бұлбұл- сайрайды Сауысқан- шықылықтайды

Торғай- шиқылдайды Көгершін- уілдейді

Қарлығаш- шықылықтайды Шағала- шаңқылдайды

III. Сабақты қорыту.

- Бейбітшілік құсын білесіңдер ме?( Көгершін)

- Ендеше, сол құс туралы әнді есімізге түсіріп, орындап көрейік.

- Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді. Суретін сал.

Үйге тапсырма: өздеріңе ұнайтын құстың суретін салыңдар. 114беттегі 3 жаттығу

Сабақты аяқтау. Жақсы тілектер айту.

Бағалау.

№5 орта мектеп

Ашық сабақ

«Құстар»

Өткізген: Қуанова С К

2012-2013


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Құстар келді өлеңі арқылы танымдық, шығармашылық және экологиялық тәрбиелеу
Табиғат әлеміне саяхат - №97 балабақшада өткізілген ашық сабақ: танымдық және экологиялық тәрбиелеу
Ашық сабақ: Құстар туралы таным мен қамқорлыққа тәрбиелеу
Құстар - табиғаттану мен экологиялық тәрбие сабақ жоспары
Құстар - көктем жаршысы: экологиялық тәрбиелік сайыс жоспары
Ашық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз (балабақша)
Су - тіршілік негізі: балабақшадағы экологиялық тәрбие мен танымдық ойындар бойынша ашық сабақ
Ашық сабақ: Құстар - таным, тәрбие және табиғатты қорғау
Құстар бізде қонақта: құстарды қорғау және экологиялық білім беру бағдарламасы
Тоқылдақ ертегісі арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстарды оқыту: бастауыш сыныпта экологиялық-тілдік сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz