Интербелсенді тақта

D:\КЕМБРИДЖ МАТЕРИАЛ\Куляш\Куляш.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы

№3 П. Тәжібаева атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Умирзакова Куляш Избаскановна

Сыныбы : 3 «Ә»

Пән мұғалімі : К. И. Умирзакова

Өтілу мерзімі : 13. 02. 2014 ж.

Пәні : Ана тілі

Сабақ тақырыбы: Көктем сәні

Сабақтың мақсаты :

а) Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен, түрлерімен таныстыру

ә) Жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір-бірімен байланысты екенін аңғарту.
б) Оқушылардың сөздік қорын молайту, түсініктерін айта білуге, табиғатқа деғен сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.

Күтілетін нәтиже : Оқушылар ертегіні оқып, мазмұнын ашады, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен танысады, топтық жұмыс жасап, рөлдік ойындар көрсетеді.

Сабақ әдіс-тәсілдері : диалог, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суреттеу

Оқуда қолданылған модульдер : СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, өзін-өзі бағалау, көшбасшылық, дарынды оқушылармен жұмыс

Негізгі деректер, ресурстар: интербелсенді тақта, Power paint, оқулық, кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, бор, стикерлер, плакат, маркер, түрлі-түсті қарындаштар, аңдар суреті

Сабақтың кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Негізгі деректер, ресурстар
Сабақтың кезеңдері: Ұйымдас-тыру кезеңі
Уақыты: 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы. (Оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір-біріне деген жылы сөздерін айту арқылы достықтарын арттыру үшін шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу)

2. «Гүлдер әлемі» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. (оқушыларды гүлдердің суреттері арқылы төрт топқа бөлемін. )

Бағалау критерийімен таныстыру (топтарға бағдаршамның көздері таратылып, сол бойынша әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалап отырады)

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Алдымен бір-бірімізбен амандасып алған соң, жанымызда тұрған досына, сыныптасына жылы сөздер айтады.

Оқушыларға шеңбер бойында тұрған бойда сандар таратылып, сол арқылы әр оқушы өз тобын табады.

Интербелсенді тақтада оқушыларға бағдаршам көздері арқылы бағалаумен танысады.

Негізгі деректер, ресурстар:

Интербелсенді тақта

Қима қағаздар, гүлдердің суреттері

Интербелсенді тақта, бағдаршамның көздері

Сабақтың кезеңдері: Қызығушы-лықты ояту
Уақыты: 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1 . «Сен маған, мен саған» жаттығуы арқылы оқушылардың үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

1) . Абайдың «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу

2) . І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту

3) . «Автор орындығы» стратегиясы (өлең мазмұны бойынша жазған эсселерін оқыту) .

4) . «Галереяға саяхат » стратегиясы (өлең мазмұнына сай салған суреттерін тамашалап, бағалау) .

2. «Сұрақтар бұрқасыны» жаттығуы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты сұрақтар беру

Оқушының іс-әрекеті:

Әр топ таңдау әдісі арқылы үй тапсырманың орындалуының ретін анықтайды (интербелсенді тақтада әр топтың тапсырмасы беріледі) жауаптарын бағдаршаммен бағалайды

Интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жылдамдатып жауап береді.

Негізгі деректер, ресурстар:

Интербелсенді тақта, дәптер, суреттер, бағдаршам көздері

Интербелсенді тақта, сұрақтар

Сабақтың кезеңдері: Мағынаны тану
Уақыты: 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. «Ерте, ерте, ертеде» жаттығуы арқылы өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (интербелсенді тақтада ертегілердің кейіпкерлері мен ертегі кітаптарының бейнелері берілген) Әр топ өз ойларын ортаға салып, топтасып, ортаға салады.

2. «Араласып кеткен оқиғалар» жаттығуы

А) Әр топқа бөліктері араласып кеткен ертегі таратылады.

Ә) Әр оқушы бір бөліктен алып түсініп оқиды. (2 рет)

Б) Топта өзі оқыған бөлігінің мазмұнын айтады.

В) Ертегі бөліктерін ретімен орналастырады.

Г) Ертегі бөліктерінің орналасу реті дұрыс па деген мақсатпен әр топ дауыстап тізбектей оқиды.

(топтардың жауаптарын смайликтермен бағалап отырады)

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар интербелсенді тақтада, сонымен қатар әр топқа берілген суреттер арқылы ертегі дегеніміз не? қандай түрлері бар екендігі туралы еске түсіреді. Топтасып, ойларынмен өзара бөліседі. Әр топтың жауабын бағдаршаммен бағалап отырады.

Интербелсенді тақтада суреттер беріледі, сол суретке сүйене отырып оқушылар ертегідегі оқиғаларды орнымен орналастырады

Негізгі деректер, ресурстар:

Интербелсенді тақта, суреттер, қима қағаздар, бағдаршам көздері

Интербелсенді тақта, сандар, бор, дәптер

Сабақтың кезеңдері: Сергіту сәті
Уақыты: 2мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сергіту сәті: Сұр қоян.

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар интербелсенді тақтада берілген сергіту сәтін қимыл іс-әрекеттерімен көрсетеді.
Негізгі деректер, ресурстар: Интербелсенді тақта, суреттер, өлең
Сабақтың кезеңдері: Ой қозғау
Уақыты: 20 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1 . « Оқиы, көрсетейік, бөлісейік» жаттығуы (интербелсенді тақтада ертегіге байланысты әр топқа тапсырмалар беріледі)

1) Ертегіні рөлге бөліп оқу керек;

2) Ертегіні сахналап көрсету керек;

3) Ертегідегі аңдардың жауаптарына қарай сурет салу керек;

4) Ертегідегі жауабы ұнаған аңның суретін салу керек;

3 . «Көктем сәні» жаттығуы. (оқушыларға түрлі түсті қағаздар, қарындаштар беріледі. Олар қағаздан түймедақ гүлін жасап, ертегіге сүйеніп, гүлдердің күлтешелерін толтырады. Тапсырманы топтасып орындауға бағытталады. Жасап, күлтешелерін толтырып топтар қорғайды, өзара бағдаршаммен бағалайды)

Оқушының іс-әрекеті:

Топтарға берілген өрнектерді жазып, қосындаларды санға бөлу ережесін пайдаланып, мәндерін қалай тапқандарын әр топтан оқушылар шығып айтады.

Әр топқа


Ұқсас жұмыстар
Сандар әлемі жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу
Сөздер жазылған парақшалар
Етіс. Етістің түрлері
Бағалау парағына сабақ барысында
Бағалау шкаласы
Топтарға бөлу. Оқушының әрекеті
Мақал сөздер
Ақпараттық технологиялар тиімділігі Қазақстан мектебі
Оқушылардың жұмысы
Бағалау парағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz