Энергияның формуласы

Пән: физика

Сынып: 9

Мерзімі: 26. 11. 2014

Сабақ №24
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Сабақтың тақырыбы
Сабақ №24: Энергия. Энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы. Ғылым мен техникада практикалық есептерді шығаруда сақталу заңдарын қолдану
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Мақсаты
Сабақ №24: Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың мәнін білу, анықтамасы мен формуласын қорытып шығару арқылы түсіну. Энергияның сақталу заңын демонстрациялау арқылы тұжырымдап, есептер шығарғанда қолдануға үйрету.
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Табыс критерийі
Сабақ №24:
  1. Кинетикалық энергияның мәнін, формуласын біледі;
  2. Потенциалдлық энергияның мәнін, формуласын біледі;
  3. Жұмыс пен энергияның арасындағы байланысты айта алады;
  4. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңын түсіндіре, математикалық өрнегін жаза алады;
  5. Формулаларды пайдаланып, түрлендіріп есептер шығарады;
  6. Алған білімдерін өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Сілтеме
Сабақ №24:

Физика. - Алматы: Мектеп, 2013

Бейне жазбалар (ютуб сайтының материалдары)

Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Негізгі идеясы
Сабақ №24: Механикалық энергия - дененің механикалық күйінінің сипаттамасы. Оның екі белгісі бар: күй параметрлеріне тәуелді және оның өзгерісі атқарылатын жұмыспен байланысты. Энергияның өлшем бірлігі джоуль (Дж) . Қозғалыстағы денеде кинетикалық, орналасуына байланысты потенциалдық энергия болады. Табиғатта энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Әдіс-тәсілдер
Сабақ №24: Блум таксономиясы, Венн диаграммасы, критерийалды бағалау, ОүБ құралдары, АКТ, ДжТБО, постермен жұмыс, топқа бөлу, «Кіржайғыш» әдісі
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Ресурстар
Сабақ №24: Постер, маркерлер, стикер, үлестірмелі материалдар, жіп, конверт, «Алтын ереже»
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Ұзақтығы
Сабақ №24: 45 минут
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:
Сабақ №24: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Формативті бағалау
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Сабақ №24:

-Сәлеметсіздер ме? Күйлі, қуаттысыздар ма?

Өткен тақырыптардан сұрақтар жазылған парақшалар таратау арқылы екі топқа бөлемін.

Таратылған сұрақтарға (өткен тақырыптардан) жауап таңдау (1 немесе 2) арқылы сынып оқушылары екі топқа бөліп,
Қолпаштау, мадақтау.
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:

Білу

5 мин

Сабақ №24:

Видеоролик көрсетемін (ютуб сайтынан алынған) :

  1. «Полет с птицами»
  2. «Стрельба из лука»
  • Бұл көріністерден не білесіңдер? Сендер үшін не белгісіз?

Сабақтың «Табыс критерийімен» (1 қосымша) таныстырамын, бұл кестені әр оқушы сабақтың соңында толтырып, есіктегі ашықхатқа салып кетеді.

Оқушылар көрген физикалық құбылыстарды, шамаларды айтады. Білмейтіндері, мысалы: қозғалыстағы дененің жағдайы, оның атқаратын жұмысы, орналасуына байланысты болатын жағдайы т. с. с.
Қолпаштау, мадақтау.
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:

Түсіну

5 мин

Сабақ №24:
  1. Механикалық энергия туралы баяндаймын (презентация арқылы) ;
  2. Дененің кинетикалық және потенциалдық энергияларын, олардың атқарған жұмыстарын қалай есептеуге болады?
  3. Видеоролик көрсету «Ньютон шарлары», сұрақ; Біз бұдан нені байқаймыз?
  1. Мұқият тыңдайды, мағлұмат алады;
  2. Топпен талқылап, формуланы қорытып шығарады. Артынан оқулықтағы формула-мен салыстырады (оқулықта 94 бет) ;
  3. Видеоролик арқылы олар энергияның бір денеден екіншісіне берілетінін айтады.

Сұрақ қою

Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:

Қолдану

7 мин

Сабақ №24:
  1. Кинетикалық және потенциалдық энергияны, энергияның сақталу және айналу заңын көрсетіп беріңдер?
  2. Демонстрация «Физикаға сенміз бе?».
  1. Оқушылар әртүрлі мысалдар арқылы көрсетіп, демонстрациялайды;
  2. Тағы бір көрнекті мысалмен танысады.
Қол шапалақтау
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:

Талдау

8 мин

Сабақ №24:

Постермен жұмысты бөліп беремін:

І топ - «Венн диаграммасы» (2 қосымша) арқылы кинетикалық және потенциалдық энергияларды салыстыру;

ІІ топ - Кестені толтыру (3 қосымша)

Оқушылар топпен тапсырманы орындайды. Постерді қорғап, кіржайғышқа іледі.

Екі жұлдыз,

бір тілек

Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:

Жинақтау

8 мин

Сабақ №24:

Есептің шартымен таныстырып, берілгенің жазамын, салып көрсетемін. Екі топ есепті екі түрлі жолмен шығарады:

І топ - Энергияның сақталу заңын пайдаланып;

ІІ топ - Кинематиканың негізгі теңдеулерін пайдаланып.

Үйге: ϑ 2 ϑ 0 2 = 2 g h \vartheta^{2} - \vartheta_{0}^{2} = 2gh формуласын пайдаланып шығару.

Екі топ есепті бірлесе шығарып, бір оқушы тақтаға жазып көрсетеді.

ДжТБО: тест жұмысы

Бас бармақ
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014:

Бағалау

5 мин

Сабақ №24: «Энергияның мен үшін маңызы қандай?»
Оқушылар өз ойларын айтады
Пән:физикаСынып:9Мерзімі:26. 11. 2014: Қорытынды
Сабақ №24: Табыс критерийін толтыру
Табыс критерийін толтырып, есіктегі ашықхатқа салады
Суммативті бағаға айналдыру

1 қосымша


Ұқсас жұмыстар
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
Шеберхана кезеңдерін қолдану
Энергияның сақталу заңы
Электр тогының жұмысы мен қуаты
Термодинамика негіздері тақырыбына есептер шығару. 10 сынып
Кинетикалық энергия
«сақталу заңдары» тарауын қайталау
Энергия және оның түрлері
Энергияның сақталу қасиеті
Газдың ішкі энергиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz