Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құттықтау сөз

ЖУМАГЕЛЬДИНА КАМИЛА
ШАЯХМЕТҚЫЗЫ
Ә. Жангелдин атындағы негізгі орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып пән
мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала
ауданы, Мұқыр ауылы

Тақырыбы: <<Кітапханашы мамандығым-шежірең бар таусылмайтын сан қырлы>>
Мақсаты:Кітапханашының әр оқырман үшін орнының ерекше екенін және білімнің көзі тек осынау асыл жандар арқылы оқушы жүрегіне берілетінін түсіндіру.15-қазан кітапханашылар күніне орай білімнің тереңіне бойлап келе жатқан кітапханышылар еңбегін насихаттау.
Безендірілуі: шарлар.интерактивті тақта
(Барлық қонақтар , ата-аналар, оқушылар , ұстаздар, орындарына жайғасады.Әдемі әуен ойнайды, сахнаға екі жүргізуші шығады.)
І жүгізуші:
Армысыздар қайырлы күн қонақтар, кітапханашылар және ұстаздар! Бүгін біздің мектепте үлкен мереке.
Жанашыры бір өзі оқырманның
Көкірегіне шуақ шашар барша жанның
Төл мереке бүгінгі құтты болсын
Шаңырағыңа бақыт пен шаттық толсын
Анасындай шәкірттің мейірбансың
Жыр арнаймын баршаңызға жиылғасын
Мерекеңіз бүгінгі құтты болсын!
Сіздерді жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі кітапханашылар қауымының мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, шығармашылық шабыт тілейміз. /Тағыда мерекелеріңізбен/
ІІ жүргізуші: Осы ұлы мерекеде біздің семинарға арнайы шақырылған қонақтар- өзіміздің алғашқы кітапханашыларымыз - Дина апай, Гүлбар апай және Мақта апай . Қош келдіңіздер!
І жүргізуші : Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі - бәрі кітапханашыларымыздан білім, тәлім алған, сондықтан құрметті кітапханшылар, сіздерге бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеді!
Сұраған тақырыбында көмектесіп библиографиялық шолулар жасап ,ертеңгілік түрлі кештер,ойындар ұйымдастырып тыным таппайтын кітапханашылар еңбегі бір төбе.Тәрбиелі,тәртіпті ұрпақтың жетілуіне өз үлесін қосып,атсалысатын кітапханашылар мерекесі құтты болсын
І жүргізуші:
1.Ашылуы: әнұран
2. Құттықтау сөз: Аудандық білім беру бөлімінің бастығы Дидар Жеңісұлына сөз беріледі.
- Мектеп директорлары: Рая, Фархинур Ғалымқызына
- Аудандық білім беру бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскері Құралай
Сағынғалиқызына сөз беріледі
Ойшылдар мен білімпаздар мекені
Бәріне аян кітапхана не екені
Кітаппенен дос болуға баулитын
Кітапханашы мұнда қызмет етеді .
Келесі құттықтау сөз кезегін кітапханашы апайлар алады.
oo Дина апайға, Мақта апайға, Гулбар апайға сөз берілді
І жүргізуші: Бүгінгі семинарымызда Ә.Жангелдин НМ-психологі өздеріңізбен бірге психологиялық тренинг өткізбекші
3.Психологиялық тренинг (Дюсенбаева Калампир Алиповна)
ІІ жүргізуші: 1) Баяндама: Қазіргі мектеп оқырманының мәдениетін
қалыптастыру
Кушетова Айнұр Қабдешқызы -№ 3 ЖОМ кітапханашысы
І жүргізуші:
Оқушыға рухани адамгершілік тәрбие берудегі кітаптың рөлі.
Абылғазиева Данагүл Сағидоллақызы - М.Жүнісов ЖОМ кітапханашысы
ІІ жүргізуші:
5.Ойын <<Аукцион>> ,(салт-дәстүрлерден немесе авторларды табу керек)
І жүргізуші:Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы
Кең даламның жұпар исі аңқиды
Сыршыл әуен жан дүниеңді баурайды
Бақыт құсы көңіліңде сайрайды.
І жүргізуші:
6.Хронологиялық таблица
ІІ жүргізуші:
7.Тұлғаны таны (слайд түрінде)

І жүргізуші:
8.Тәжірибелі оқырман мен журналист

І жүргізуші: Оқырманды ,ұл-қызым, деп, Күлімдеген кітапханашылар. Ән арнадық арнайы Тағзым ете,сіздерге. ІІ жүргізуші: Қара сөздің дауылы Құрмет еткен ауылы Екеуі хормен: Сыйымызға риза бол, Кітапханашылар қауымы!
. Блиц сұрақтар
І жүргізуші: Бүгін біздің қонақтарымыз кітапханашы апайларымызға келесі кезекте сұхбат жүргізсек.
1-сұрақ Кітапханашы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? 2-сұрақ Бала кезіңіздегі арманыңыз қандай еді
3-сұрақ Алғаш еңбек жолын қайда, қай жылы бастадыңыз? 4-сұрақ Осы уақытқа дейін неше шәкірт тәрбиелеп шығарып салдыңыз? 5-сұрақ Сізді қатты ренжіткен оқырмандар болды ма? 6-сұрақ Кітапханашылық қызметіңізде жүрген кезде есте қаларлықтай қызықты сәттер болды ма? (айтып берсеңіз)
7-сұрақ Қазіргі жаңа оқырмандар сіздерді ренжітіп, шаршатып жүрген жоқ па?
ІІ жүргізуші: Жауаптарыңыз үшін көптен - көп рахмет. Сіздердің уақыттарыңызды бөліп, ортамызға келіп, пікір білдіргендеріңізге рахмет айтамыз.
І- жүргізуші Қортындылау : Қымбатты кітапханашы ұстаз апайлар сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен, кітапханашылар күнімен құттықтаймыз!
Кітапхананың сөресі тола берсін
Оқырманның ынтасын арттыруда
Талай-талай іс-шара бола берсін.
Жайдары жайсаң жүздерің
Көрмесем сәл іздедім
Жан-жүрекпен көмекке келетін
Кітапханашы апай деп сізді іздедім-деген тілекпен кітапханалық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жана берсін!
ІІ жүргізуші -Ұлы ойшыл Шекспир <<Кітап маған тақтанда қымбат деп кітаптың құдіретіне табынды,бүгінгі жедел ақпараттың тасқынының тасасында қалып бара жатқан <<кітап әлемін>> қайта жандандыру-кітапханашыларға жүктелген үлкен міндет.
Жаңа заман талабына ілесу-әр кітапханашының міндеті .Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені болса кітапханашы-тілімізді,дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық иесі. Оқырманға әрқашан асыл жансыз.
Кітапханашылар еңбегің жана берсін-деген тілекпен баршаңыздың жанұяларыңыз бақыт шаттық,жұмыстарыңызға табыс тілейміз.
І жүргізуші- Келесі бөліміміз Меркелік дастархан

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік мекеме Құрық гимназиясының 5 жылдық мерекесіне арналған сазды бағдарламасы
Ресми құттықтаулар Мерекелік құттықтаулар
«сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы
Соңғы қонырау сценарийі
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау туралы
Құттықтау хат
2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиыны
1 қыркүйек салтанатты жиын сценарийі
Сыңғырла соңғы қоңырау сценарий
Озаттар слёті - 2016 мерекелік бағдарламасының жүру барысы
Пәндер