Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Абайдың қарасөздері - философиялық шығармасы
6-класс әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев 31-қара сөзі
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Абай қара сөзінің мазмұнын ұғындыру, философиялық ой-түйінін ашып түсіндіру. Қарасөздің айтар ойын ашу, оқушыға жеткізе ұғындыру;
ә) тәрбиелік: қара сөздің қасиетін сезіне білуге, үғынғанын өз өміріне тәлім болардай сабақ алуға баули отырып,парасаттылыққа, сұлулыққа, қоршаған ортаны қадірлей білуге тәрбиелеу;
б) дамытушылық: оқушының белсенділігін арттыру, дербес ойын, танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Оқушының ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты, мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру.
Типі: Жаңа сабақты игеру
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, жатқа оқу, өлеңге теориялық талдау жасау, суреттеу, қорғау.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән-әуен
Көрнекілігі: Ақынның өлеңдер жинағы, бейнефильм, слайдтар, қосымша
деректер, суреттері, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару.
Топқа бөлу
Топ көшбасшысын тағайындау
Топ көшбасшылары өздері тобына оқушы жинайды.
Әр топқа әр түсті пазлы беремін.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. "Құлақтан кіріп бойды алар"өлеңін жатқа айту
2. Қазіргі таңдағы Абайдың әндерін орындаушылар туралы мәліметтермен танысу.
Бейне жазба арқылы <<Айттым сәлем, Қаламқас >> әнінің бейнетаспасы көрсетіледі.
Үй тапсырмасын қорыту.
Жаңа сабаққа көшу
(Аудио жазбадан қара сөз оқытылады.)
-Балалар, сендер нені тыңдадыңдар?
-Бұл қалай аталады?
(Миға шабуыл)
-Олай болса, біз ақынның қара сөздерімен танысамыз.
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту
- Мұғалім сөзі: (Слайд арқылы түсіндіремін)
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы - онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: <<Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді>> [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі - олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары <<қарасөз>> деп аталады. Абайдың қарасөздері - философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған <<Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы>> деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
<<... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ>>. Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған - Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Кім? Не? Қайда? Қашан? Қалай? Неге? Сұрақтары арқылы оқушылар топ-топ болып бір-біріне сұрақ дайындайды. (Кубик тастау)
Топтық жұмыс
І топ. Қара сөз туралы ойыңды топтастыр
ІІ топ. Абай қара сөздері туралы мағлұмат бер
ІІІ топ. 31-қара сөзде айтылған ой
ІV топ. Сурет бойынша әңгіме
Жаңа сабақты бекіту:
<<Алты ойшыл қалпақ>> әдісі арқылы жаңа сабақты бекітемін.
Қорытынды
ІV Үйге тапсырма
1. 31-қара сөзді түсініп оқу, мазмұндау
2. Абайдың басқа да қара сөзінен оқып келу
V Бағалау
Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.
<<Екі жұлдыз, бір тілек>> стикерді жабыстыру.
Нәтижелі жұмысқа <<Үш шапалақ>>

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz