Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тілге қатысты достарымен пікірлесу
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
<<Қазақ тілі>> пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(негізгі және орта деңгей) (оқыту қазақ тілді емес)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
2. Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.
3. Бағдарлама өзге тілде білім алатын негізгі мектеп оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.
4. Бағдарламада тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі деңгейінде қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
5. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан <<Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде>> белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде негізгі орта мектеп сыныптарында қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды және оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді:
1) 5-7-сыныптардағы Негізгі деңгей - А2.1.2 3 игерімді қамтиды:
қалыптасу қарсаңындағы орташа игерім А2.1 - 5-сынып;
қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 - 6-сынып;
қалыптасқан бастапқы игерім А2.1.2 - 7-сынып;
2) 8-9-сыныптардағы орта деңгей-А2.+ 2 игерімді қамтиды:
қалыптасқан орташа игерім А2.2 - 8-сынып;
қалыптасқан толық игерім А2.+ - 9-сынып.
6. Бағдарлама қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырады.
7. Пәнді оқыту мақсаты - негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
8. Пәнді оқыту міндеттері:
1) оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
2) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
3) қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту;
4) күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;
5) оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;
6) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;
7) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
9. Бағдарламаның білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды.
10. <<Қазақ тілі>> пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары төмендегідей пәндермен тығыз байланыста іске асырылады:
1) <<Қазақ әдебиетімен>>: қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;
2) <<Орыс тілімен>>: қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді. Орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;
3) <<Қазақстан тарихымен>>: тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады. Сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4) <<Информатика>> пәнімен: оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор. Интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуға жол ашады;
5) жаратылыстану циклі пәндерімен: қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.
11. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
5-сынып - аптасына 4 сағат, барлығы - 136 сағат;
6-сынып - аптасына 4 сағат, барлығы - 136 сағат;
7-сынып - аптасына 4 сағат, барлығы - 136 сағат;
8-сынып - аптасына 4 сағат, барлығы - 136 сағат;
9-сынып - аптасына 4 сағат, барлығы - 136 сағат;
2) оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:
5-сынып - аптасына 3 сағат, барлығы - 102 сағат;
6-сынып - аптасына 2 сағат, барлығы - 68 сағат;
7-сынып - аптасына 3 сағат, барлығы - 102 сағат;
8-сынып - аптасына 3 сағат, барлығы - 102 сағат;
9-сынып - аптасына 2 сағат, барлығы - 68 сағат.
12. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 32/18 сағат: <<Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз>> - 12/8 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.
2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.
14. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.
15. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 42/30 сағат. <<Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз>> - 16/12 сағат:
1) тілдік бөлім: зат есім. Атау септік. Жалқы есімдер. Тәуелдік жалғаулары. Жекеше, көпше түрлері. Шылау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;
оқылым: отбасы мүшелеріне қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;
айтылым: өз отбасы мүшелері туралы баяндау;
жазылым: отбасы мүшелері туралы жазу;
тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз отбасы мүшелері туралы сөйлесу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің үлгілері.
16. <<Досыма е-mail жіберемін>> - 13/9 сағат:
1) тілдік бөлім: реттік сан есім. Ілік септігі. Жатыс септігі. Етістік. Осы шақ. Етістіктің жіктелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

оқылым: өзінің е-mail-і, мекенжайына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;
айтылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы баяндау;
жазылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы мәлімет жазу;
тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз е-mail-і, мекенжайы туралы сөйлесу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер.
17. <<Ас дәмді болсын! Таңғы, түскі, кешкі ас>> - 13/9 сағат:
1) тілдік бөлім: сын есім. Барыс септігі. Етістік. Ауыспалы осы шақ. Жіктелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

оқылым: тамақтануға қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;
айтылым: өзінің сүйікті асы туралы айту;
жазылым: өзі ұнататын тағам туралы жазу;
тілдесім: сыныптастарымен, достарымен таңғы, түскі, кешкі тамақ туралы сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ас қайыру, бата беру туралы мәлімет.
18. Әлеуметтік-мәдени ая - 50 /40 сағат. <<Менің елім - Қазақстан>> - 17/14 сағат:
1) тілдік бөлім: септеулік шылау - сияқты. Ілік септігі. Барыс септігі. Зат есім, көптелуі, тәуелденуі. Менің елім - Қазақстан. Қазақстанның ел ордасы - Астана қаласы. Алматы - мәдени орталық. Қазақстанда Қарағанды, Атырау қалалары бар. Алматы, Қарағанды, Атырау - ірі қалалар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

оқылым: Қазақстан мен оның қалаларына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;
айтылым: Қазақстан мен оның қалалары туралы баяндау;
жазылым: Қазақстан мен оның қалалары туралы өз ойын жазу;
тілдесім: сыныптастарымен, достарымен Қазақстан мен оның қалалары туралы сөйлесу. Диалог-сұрақ, диалог-талқылау. Полилог-пікір алмасу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
19. <<Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз>> - 16/12 сағат:
1) тілдік бөлім: жатыс септігі. Барыс септігі. Етістік. Жіктелуі, көпше түрі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну. Тақырыпқа қатысты қазақ әдебиетінің қарапайым үлгілерін түсіну;
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді дауыс ырғағын, сөздердің екпінін дұрыс қойып оқу;
айтылым: монологтік сөйлесім. Жаңа жылды қалай қарсы алатынын баяндау. Өзінің іс-әрекетін тәртібімен баяндау;
жазылым: жаңа жылды қалай тойлайтынын 5-6 сөйлеммен қысқаша жазу;
тілдесім: диалог-реплика. Бірін-бірі құттықтау. Рақмет айту. Сұрақ-жауап;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: жаңа жылдық маскарад туралы мәтіндер.
20. <<Спортпен айналысамыз>> - 17/14 сағат:
1) тілдік бөлім: есімдіктер. Жіктеу есімдігі. Өздік есімдік. Етістік. Болымсыз етістік: жұрнағы. Демеулік шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Айтылым. Монологтік сөйлесім. Өзінің спорт үйірмесіне қатысу/қатыспауын айту. Өз іс-әрекетін баяндау;
жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;
тілдесім: диалог-егес. Диалог-қоштау. Сұраулық демеуліктерді пайдалану. <<Иә>> және <<жоқ>> болымсыз етістіктерді пайдалану;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: спорт кешендері туралы мәтіндер.
21. Оқу-еңбек аясы - 44/32 сағат. <<Менің мектебім. Мектеп ғимараты>> - 16/12 сағат:
1) тілдік бөлім: сан есім. Есептік сан есім. Сын есім: күшейтпелі шырай: жап-жасыл. Зат есім, көптелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқу;
айтылым: монологтік сөйлесім. Өзінің мектебін сипаттау;
жазылым: өз мектебін сипаттап 5-6 сөлемнен тұратын әңгіме құрастыру;
тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз мектептері туралы әңгімелесу. Диалог-талқылау;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: республикалық физика-математика мектебі мен дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттар.
22. <<Демалысты (каникулды) асыға күтеміз>> - 13/9 сағат:
1) тілдік бөлім: сан есім. Реттік сан есім. Сын есім. Күшейтпелі шырай. Шылаулар. Жалғаулық шылау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды;
айтылым: монологтік сөйлесім. Мектеп демалыстары туралы баяндау. Өзіне ұнайтын демалысты (неліктен ұнайтынын) айту;
жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындайды;
тілдесім: мектеп демалысына қатысты достарымен әңгімелесу. Диалог-құптау.
3) мәдениетаралық қарым-қатынас: мектеп оқушыларына арналған демалыс орындары (лагерьлері).
23. <<Қазақ тілі сабағында біз не үйренеміз?>> - 15/11 сағат:
1) тілдік бөлім: шылау. Жалғаулық шылаулар. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. І жақ. Көпше түрі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

айтылым: монологтік сөйлесім. Сабақта жасалатын іс-әрекеттерді ретімен баяндау;
жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындау;
тілдесім: қазақ тілі сабағында атқаратын жұмыстары туралы өзара әңгімелесу. Диалог-әңгіме;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақтың тұңғыш тілші-ғалымдары туралы мәтіндер.
3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
24. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.
25. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады.
26. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 48/24 сағат. <<Менің отбасым>>, <<Менің анам - ең сұлу адам>> - 14/6 сағат:
1) тілдік бөлім: тәуелдеулі септеу. Ілік септігі. Тәуелдік жалғауы мен ілік септігінің байланысы. Дыбыс үндестігі. Буын. Буынның түрлері. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (өзі және өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыру-ларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Отбасы мүшелері тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;
айтылым: қарапайым жағдаяттарда отбасы мүшелері, олардың сыртқы келбеті жөнінде қысқаша айта алу;
жазылым: отбасы мүшелерінің сыртқы келбетін сипаттап хат жазу;
тілдесім: күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатыса алу. Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті тілдесім жағдаяттарында қолдану;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиеті материалдары.
27. <<Менің достарым (олардың мінезі, жақсы қасиеттері)>> - 10/6 сағат:
1) тілдік бөлім: қатыстық сын есім. Сын-қимыл үстеуі. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы. Сөз екпіні. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өз достарына қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (олардың мінезі мен жақсы қасиеттері туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;
айтылым: қарапайым жағдаяттарда достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері жөнінде қысқаша баяндау;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттерін сипаттап хат жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қысқаша сөйлемдер арқылы қолдау жасай алу.
Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: халық ауыз әдебиеті материалдары мен дос, достық туралы ұсынылған оқу материалдары.
28. <<Менің елімнің ақшасы>> - 10/6 сағат:
1) тілдік бөлім: мекен үстеуі. Өткен дыбыстарды қайталау. Буын үндестігі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну( дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау, ақша жөнінде). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Дүкендегі заттар, ондағы іс-әрекеттер, сауда жасау бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды дүкенге қатысты күнделікті жағдаяттарда қолдану;
жазылым: дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау туралы жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау, ақша жөнінде қысқаша сөйлесу. Дүкендегі заттар туралы мәліметтерді диалог-сұрақ арқылы айту;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тарихи-танымдық мәтіндер.
29. <<Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды>> - 14/6 сағат:
30. тілдік бөлім: салыстырмалы шырай. Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Туған күн туралы әнді тыңдап, түсінгенін айту;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Туған күн тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын мәтіндерді тауып оқу. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мәтінге мазмұны бойынша жоспар құру;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, туған күн туралы айту. Күнделікті жағдаяттарға сай қысқаша құттықтау сөз айта алу;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Туған күнмен байланысты іс-әркеттер туралы жазу. Досының туған күніне арнап құттықтау мәтінін жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда туған күнді тойлау жөнінде қысқаша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: туған күнге байланысты оқу материалдары.
31. Әлеуметтік-мәдени ая - 48/24 сағат. <<Астанамен танысу. Астананың көрікті жерлері>> - 18/8 сағат:
1) тілдік бөлім: біріккен сөздер. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Тоғыспалы ықпал. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Астана туралы мәтінді тыңдап, түсінгенін айту. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Астана тақырыбы бойынша мәтіндерді тауып оқу. Сипаттау мәтіндерінің мазмұнын түсіну;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, Астана туралы өз ойларын білдіру;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Астана туралы өз ойын жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда Астана туралы қысқаша сұхбат-диалог. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы айту. Диалог-сұрақ, диалог-өтініш. Полилог-ойталқы;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның астаналары туралы мәтіндер.
32. <<Көлік түрлері. Мен мектепке немен барамын?>> - 10/5 сағат:
1) тілдік бөлім: күрделі сөздер. Тіркесті сөздер. Мөлшер үстеу. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде көлікке қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Көлік, көліктің түрлеріне байланысты мәтіндерді тауып оқу; көлікке қатысты өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Хабарландыру, жарнама сипатындағы мәтіндерді түсіну;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, Астана тақырыбы бойынша сөз тіркестері мен оралымдарды сөйлеу тілінде қолдану;
жазылым: көлікпен байланысты қысқаша мәтін жазу. Көлік, көліктің түрлері, бағдаршам, оның атқаратын қызметтері, мектепке бару/келу кезінде орындалатын іс-әрекеттер туралы жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда көлік, көліктің түрлері, мектепке бару/келу кезінде орындалатын іс-әрекеттер жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдау. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: көлік қатынасына байланысты мәтіндер.
33. <<Табиғатты қорғайық>> - 10/5 сағат:
1) тілдік бөлім: салт және сабақты етістіктер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде жиі қолданылған табиғат, экология туралы сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Табиғат, экология тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; табиғат туралы өлеңдерді оқып, түсінігін айту;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, табиғат және экологияға қатысты сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті өмірде қолдану;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Өзі тұратын жердің табиғаты туралы қысқа әңгіме жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда табиғат, экология жөнінде қысқаша сөйлесу. Табиғат туралы диалог-мәлімет. Диалог-қоштау;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ ақындарының табиғат туралы өлеңдері.
34. <<Менің сүйікті кейіпкерім>> - 10/6 сағат:
1) тілдік бөлім: өткен шақ, келер шақ. Мезгіл үстеу. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде сүйікті кейіпкеріне қатысты жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. 2 минуттық тыңдаған әңгімені түсініп, айта алу. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Сүйікті кейіпкері туралы күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, сүйікті кейіпкері жайлы айту;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Сүйікті кейіпкері туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда сүйікті кейіпкері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу. Диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.
35. Оқу-еңбек аясы - 40/20 сағат. <<Мен мектептемін. Мектепте не істеймін?>> - 14/7 сағат:
1) тілдік бөлім: қалау рай, бұйрық рай. Ауыспалы келер шақ. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, мектептегі іс-шаралар туралы айту;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы туралы жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда мектеп, мектептегі шаралар жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатысып, өз ойын жеткізе білу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ы.Алтынсарин құрған мектеп туралы әңгімелесу.
36. <<Менің сүйікті заттарым>> - 13/7 сағат:
1) тілдік бөлім: жалаң және жайылма сөйлемдер. Көсемше. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы пікірін айту;
жазылым: өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі жөнінде достарымен қысқаша сөйлесу. Диалог-пікірталас;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қызықты және сүйікті істерге қатысты мәтіндер.
37. <<Мектептегі үйірмелер>> - 13/6 сағат:
1) тілдік бөлім: сапалық және қатыстық сын есімдер. Күшейткіш үстеу (өте, тым). Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мектептегі туралы тыңдағанын түсіну;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мектептегі үйірмелер бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, өзі қатысатын үйірме туралы баяндап айту;
жазылым: мектептегі үйірмелер, өзі қатысатын үйірме туралы жазу. Терме диктантын жазу;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда мектептегі үйірмелер, өзі қатысатын үйірме жөнінде қысқаша диалог-сұхбат құру;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мектептегі үйірмелерге қатысты мәтіндер.
4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
38. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.
39. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады: 40. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 56/44 сағат. <<Біз, бәріміз, мемлекеттік тілде сөйлейміз>> - 14/12 сағат:
1) тілдік бөлім: сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне және олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері және олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту;
жазылым: отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мәтіндерін құрап жазу;
тілдесім: диалог-әңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақстандық отбасындағы сөйлеу тілі туралы мәтіндер.
41. <<Кітап - бағалы сыйлық>> - 11/9 сағат:
1) тілдік бөлім: біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы сыйлықтарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Сыйлық түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтіні бойынша сұрақ қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту;
жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен өз ұлтының сыйлық беру дәстүрі туралы сұхбаттасу.
42. <<Жазғы демалыста не істейсің?>> - 11/8 сағат:
1) тілдік бөлім: туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тәуелдік жалғау. Етістіктің өткен шағы. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесімі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы жазғы демалысқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырата алу. Жазғы демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен жазғы демалыс әсерлері туралы ой бөлісу;
жазылым: өзінің жазғы демалысын қалай және қайда өткізгені туралы баяндамалық сипаттағы мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Жазда қайда демалуға болатыны туралы достарымен пікір алмасу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен ауыл балаларының жазғы демалысы туралы сұхбаттасу.
43. <<Ас - адамның арқауы>> - 11/8 сағат:
1) тілдік бөлім: күрделі сөздер. Септеулік шылаулар. Этнолингвистика-лық атаулардың емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының байланысына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану әдебіне қатысты оқыған мәтіндерінің мазмұнын айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тамақтану әдебі туралы ой бөлісу;
жазылым: ас түрі мен ас ішуге байланысты өз ойын баяндап, сипаттап жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас. Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы туралы достарымен пікір алмасу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу.
44. <<Маған спорт киімі керек>> - 9/7 сағат:
1) тілдік бөлім: шартты рай. Ашық рай. Рай жұрнақтарының жазылуы. Тұйық етістік. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы киімге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Киім түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну әдебі туралы өз ойын айту;
жазылым: өзінің жазғы, қысқы киімдері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киімге қатысты өз ой-пікірін білдіру. Полилог-пікірталас;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.
45. Әлеуметтік-мәдени ая - 48/36 сағат. <<Мен әуен тыңдаймын>> - 13 /11 сағат:
1) тілдік бөлім: кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Музыка жанрлары мен сүйікті сазгерлері туралы айту;
жазылым: өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу. Сұрақтарға жауап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы пікірлесу.
46. <<Менің әуес ісім>> - 9/7 сағат:
1) тілдік бөлім: термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы әуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;
оқылым: адамдардың әуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің әуес, сүйікті істері туралы сөйлесу;
жазылым: өзінің ұнататын айналысатын ісі туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің әуес ісіне қатысты полилог-ойталқы;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен өзінің, достарының әуес істері туралы пікірлесу.
47. <<Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары>> - 13/9 сағат:
1) тілдік бөлім: тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс. Спорт терминдерінің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Спорт түрлері мен белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің ұнататын спорт ойындары, спортшылары туралы хабарлау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша спортқа қатысты пікірлесу. Достарымен өзінің ұнататын спортшыларының жеңістері туралы ой бөлісу. Достарымен спорт түрлері мен сүйікті спортшылары туралы сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу.
48. <<Денсаулық - зор байлық>> - 13/9 сағат:
1) тілдік бөлім: қос сөздер. Топтау сан есімдер. Демеулік шылаулар. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы денсаулықты сақтауға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі денсаулыққа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен денсаулықты сақтау туралы сөйлесу;
жазылым: өзінің денсаулықты сақтауға қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: денсаулық сақтауға байланысты құрдастарымен сұхбаттасады.
49. Оқу-еңбек аясы - 32/22 сағат. <<Интернет. Интернет маған не үшін керек?>> - 12/8 сағат:
1) тілдік бөлім: интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы полилог-ойталқы;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.
50. <<Интернеттен қазақша ақпарат іздеймін?>> - 20/14 сағат:
1) тілдік бөлім: қимыл есімдері. Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері. Тұйық етістіктің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;
оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;
жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.
5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
51. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.
52. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
53. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 44/36 сағат. <<Отбасы сыйластығы>> - 18/16 сағат:
1) тілдік бөлім: құрмалас сөйлемдер. Сабақтас, салалас түрлері, ырықсыз етіс, ортақ етіс, бұйрық рай. Сын есімдер. Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;
жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; Отбасы сыйластығына қатысты достарымен полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстандағы отбасы мүшелерінің сыйластығы мәселелері; тақырыпқа байланысты әңгімелесу.
54. <<Мен ата-анама көмектесемін>> - 13/10 сағат:
1) тілдік бөлім: құрамалас сабақтас салалас сөйлемдер. Етістер. Есімше. Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқып, мазмұнын түсіндіру;
айтылым: монологтік сөйлеу: жасаған ісі, істейтін ісі, күнделікті ісі, ертеңгі істейтін ісі және т.б. туралы айту;
жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Ата-аналарына көмектескені туралы достарымен пікірлесу. Полилог-ойбөліс, диалог-сұхбат;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әртүрлі ұлт өкілі отбасында балалары әке-шешесіне қалай көмектесетіні туралы әңгімелер айту.
55. <<Асханада тамақ ішемін>> - 13/10 сағат:
1) тілдік бөлім: өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап түсіну.
Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;
айтылым: асханада ішкен тамағы туралы баяндау;
жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тамақтану әдебі туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: өзге ұлт өкілдерінің тамақ мәзірі, дағдысы туралы әңгімелесу.
56. Әлеуметтік-мәдени ая - 60/44 сағат. <<Қазақстан қалаларын аралағым келеді>> - 21/15 сағат:
1) тілдік бөлім: күрделі сөздер, біріккен сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап, түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы әңгіме айту, баяндау;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: басқа ұлт өкілдерімен Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу.
57. <<Қазақстан балалар жазушылары>> - 21/15 сағат:
1) тілдік бөлім: тұйық етістік. Жалқы есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан балалар жазушылары мен олардың шығармалары туралы достарымен пікірлесу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас: қазақ және орыс балалар жазушылары туралы пікірлесу.
58. <<Шарын>> шатқалына бардың ба?>> - 18/14 сағат:
1) тілдік бөлім: туынды зат есімдер. Бұйрық рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

айтылым: өз ауылы /қаласы/облысының экологиясы туралы баяндау;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан экологиясы туралы достарымен пікірлесу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: табиғат туралы әр ұлт өкілдерінің мақал-мәтелдері.
59. Оқу-еңбек аясы - 32/22 сағат. <<Уақытты жоспарлап үйренейік>> - 16/11 сағат:
1) тілдік бөлім: біріккен сөздер. Модаль сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут ) тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: мектепте не істегенін, әдетте не істейтінін айту;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің жұмыс күні туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: білім алуға қатысты қазақ халқының мақал -мәтелдері.
60. <<@-поштада қазақша сөйлесейік>> - 16/11 сағат:
1) тілдік бөлім: қимыл есімдері. Сын-қимыл үстеулері. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: е-поштамен не істегенін, әдетте не істейтінін айту, баяндау;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің е- поштасы туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тілдік қарым-қатынасқа қатысты қазақ халқының мақал-мәтелдері.
6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
61. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.
62. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
63. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 44/22 сағат. <<Біз тату тұрамыз>> - 22/11 сағат:
1) тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
оқылым: қазақ отбасы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;
айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту.
жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу;
тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.
64. <<Қазақ отбасында тұрғым келеді>> - 22/11 сағат:
1) тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;
оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;
айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;
жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары туралы мәтіндерді оқу.
65. Әлеуметтік-мәдени ая - 64/32 сағат. <<Сурет галлереясына барамыз>> - 22/11 сағат:
1) тілдік бөлім: қалау рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;
айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет галлереясындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Суретші мен суреттер туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ә.Қастеевтің туындылары туралы пікір алмасу.
66. <<Мұражайға саяхат>> - 22/11 сағат:
1) тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;
айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Мұражайдағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мұражай туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;
тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке қатысу;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық аспаптар мұражайы туралы әңгімелесу.
67. <<Мен ұнататын теле/радио хабар>> - 20/10 сағат:
1) тілдік бөлім: өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;
айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу;
тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелесу.
68. Оқу-еңбек аясы - 28/14 сағат. <<Біздің елде орта мектепте білім алу. Қандай емтихандар тапсырамын?>> - 15/7 сағат:
1) тілдік бөлім: зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;
тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну, қолдана алу;
оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді мектептерде оқылатын тілдер туралы әңгімелесу.
69. <<Менің арман мектебім>> - 13/7 сағат:
1) тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.
жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру.
тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман мектебі туралы ой алмасады.
7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
70. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:
1) 600-620 лексикалық минимумды;
2) сөз құрамын және түбірлес сөздерді ажыратуды;
3) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;
4) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу ерекшеліктерін;
5) етістіктің болымсыз түрін және <<жоқ>>, <<емес>> сөздерін пайдалануды;
6) жай сөйлем құру тәсілдерін;
7) мәтіндегі сөздердің өзара байланысын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
8) сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен өзгешелігін білуі тиіс.
71. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді; өзі және өз отбасы туралы, мектеп өмірі туралы, мекен жайы туралы, оқуы жайлы айтылған сөздерді; жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын;
2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды салыстыра сипаттау; қазақ тіліндегі өлеңдерді жаттау дағдыларын;
3) айтылым: қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын;
4) жазылым: тақырыптар көлемінде қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; тақырып аясында түрлі мәліметтер жазу дағдыларын;
5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
72. Пәндік нәтиже бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:
1) 720-740 лексикалық бірлікті;
2) ұсынылған лексикалық бірліктердің мағыналарын;
3) сөздің бір және көп мағыналы болатындығын;
4) лексикалық минимумға кіретін қос сөздер, біріккен сөздердің жасалу жолдарын;
5) тілдік қатынаста сөз құрамын ажыратуды, сөз таптарының (лексикалық бірліктер аясында) сөзжасамдық ерекшеліктерін;
6) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;
7) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын;
8) етістіктің болымсыз түрін және <<жоқ>>, <<емес>> сөздерін қолданатын жағдайларды;
9) жай сөйлем құру тәсілдерін;
10) сөйлемде үшін, туралы, сияқты атау септігін меңгеретін септеуліктерді;
11) мәтіндегі жай сөйлемдердің байланысын;
12) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің қарапайым үлгілерін қатысымдық тұрғыда қолдану жолдарын білуі тиіс.
73. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну (жасы, туған жері, тұратын жері, қызығушылығы, оқуы, сүйікті нәрселері); үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсіну; өзінің достары, тұрған жерінің табиғаты және өз отбасы туралы, мектеп өмірі, сүйікті кейіпкерлері жайлы айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; түрлі жанрдағы мәтіндерді дауыс ырғағын, фонетикалық және орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып, мәнерлеп және жүргізіп оқу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннің тақырыбы, берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай алу дағдыларын;
3) айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін ісі, кейіпкері және мектептегі үйірмелері, Астана, өзі тұратын жердің табиғаты т.б. туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын;
4) жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жаза алу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; түрлі мәлімет жеткізе алу; оқыған мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы, әншісі т.б. туралы мәліметтерді қосып хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын;
5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау; амандасу, қоштасу, танысу сияқты жағдаяттарда диалог құрау, полилогке қатысу дағдыларын меңгеруі тиіс.
9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
74. Пәндік нәтиже бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:
1) 860-880 лексикалық минимумды;
2) сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеу жолдарын;
3) туынды және күрделі сөздердің жасалуын;
4) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;
5) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;
6) етістіктің болымды, болымсыз түрлерін ажырата;
7) жай және құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тәсілдерін;
8) мәтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
9) тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін білуі тиіс.
75. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну; отбасы мүшелерінің сөйлеу тілі, киім, өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер, Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсіну; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған жарнамалар мен хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу); мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктей алу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алу дағдыларын;
3) айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты ой айту; белсенді лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыру; балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы хабарлама жасау; мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б. туралы әңгімелеу; оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын;
4) жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып жаза алу; жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын толтыра білу; жоспарланған іс-шара туралы хабарландыру жазу, оларды сипаттап жаза алу; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алу; оқыған мәліметтерді жазу; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жаза алу дағдыларын;
5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе білу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау жолдарын ажырата алу; диалог түрлерінің құрылу жолдарын тауып (мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог, жаңа хабарды білуге бағытталған диалог т.б.), өз мақсатына қарай орынды пайдалану; жағдаятқа сай келісім білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.
10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
76. Пәндік нәтиже бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:
1) 990-1020 лексикалық минимумды;
2) сөздерге жұрнақ, жалғауларды дұрыс тіркеуді;
3) туынды және қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөздердің ерекшеліктерін;
4) сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалардың мүмкіндіктерін;
5) лексикалық минимум көлеміндегі етістіктердің түрлену ерекшеліктерін;
6) етістіктің болымды, болымсыз түрлерін;
7) жай және құрмалас сөйлем құраудың тәсілдерін;
8) тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді ажырата білуі тиіс.
77. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіну; мектепке, жазғы демалысқа, тамақтануға, Қазақстанның қалалары мен табиғатына, т.б. қатысты тақырыптар бойынша берілген ақпараттарды түсіну және қолдана алу; сөйлеушілердің анық және асықпай айтқан ойларын, пікірлерін толық түсіне алу дағдыларын;
2) оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен мектеп, қоғам өміріне байланысты мәтіндерді дұрыс оқып түсіну; отбасындағы сыйластыққа, жазушылардың шығармашылығына, Қазақстанның тарихы мен бүгініне қатысты, электрондық байланыстар жүйесін пайдалануға байланысты мәтіндерді оқып түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алу, оларды қарапайым жағдаяттарда өз сөздерінде орынды қолдану; болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғына алу;
3) айтылым: өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алу; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға қатысты өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын;
4) жазылым: өзара байланысты әрі өзіне қызықты, қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажырата алу; тілдік қатынаста өз ойын басқаға жеткізе білу; өзінің жеке басына қатысты хат жаза алу; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіру дағдыларын;
5) тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сөйлесе алу; күнделікті қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырып аясында өз бетінше құра алу; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатыса алу; сөйлесім әрекетінде сөйлеу мәдениетінің нормаларын сақтап қолдану, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
78. Пәндік нәтиже бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) 1140 - 1180 лексикалық минимумды;
2) сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолдануды;
3) туынды және күрделі сөздерді орынды пайдалануды;
4) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды;
5) лексикалық минимум көлеміндегі сөз таптарының түрлену ерекшеліктерін;
6) етістіктің рай, шақ түрлерін;
7) құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдерін;
8) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
9) мәтіннің құрылымын білуі тиіс.
79. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіне алу; отбасы тәрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет галареяларына қатысты айтылған ақпараттарды түсіну және қолдана алу; сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын;
2) оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне, Қазақстандағы мәдени орындарға, радио, теледидар хабарларына байланысты мәтіндерді оқып, түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-мәтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдану; адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын;

4) жазылым: өзара байланысты өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажыратып, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат жаза білу; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре алу; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш құралдарды таба алу, оларды өзара салыстыру, өзінің жазған мәтінінде қолдана алу дағдыларын;
5) тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сұхбаттаса алу; күнделікті қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырыпқа сай етіп құрау; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатыса алу; сөйлесім әрекетінде сөз мәдениетінің нормаларын сақтап қолдану; тілдік жағдаяттарға тән этикеттік орамдарды орынды пайдалана алу; таныс жағдайларға байланысты нақты берілген конструкцияларды пайдаланып, ой бөлісе алу; пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
80. Тұлғалық нәтиже 5-9-сынып оқушыларының:
1) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
2) туған жеріне, ауылына/қаласына деген шынайы сүйіспеншілігінен;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясының, мемлекеттік рәміздерінің құндылықтық мәнін тани алуынан;
4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
5) салауатты өмір салтын сақтауынан;
6) қоршаған ортадағы табиғатқа: жан-жануарларға, өсімдіктерге ізгілікті қарым-қатынас жасауынан;
7) рухани-мәдени мұраларға деген саналы көзқарастарынан көрініс табуы тиіс.
81. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:
1) нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай құрылған сөйлемдерді түсіне алуынан;
2) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;
3) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;
4) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан;
5) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;
6) мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан;
7) ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жаза алуынан, онда бейнелеуіш құралдарды орынды қолдана алу дағдыларынан;
8) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
9) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;
10) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;
11) белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;
12) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатысып, өз ой-пікірлерін білдіруінен;
13) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан;
14) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрініс табуы тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz