Диалогтік мәтіндер

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)

  1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.

2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні - орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән.

3. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

4. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде қарапайым деңгей 1-3-сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер 4-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды.

5. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы - қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын

қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.

6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сәйкес мемлекеттік

тілдің доминанттық рөлін күшейтуге келіп саяды. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі орта деңгейінде қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары

белгіленді.

7. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердің 1-11-сыныптарында

қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді:

1) 10-11-сыныптардағы Ортадан жоғары деңгей - В1 екі игерімді қамтиды:

тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В1. 1 - 10-сынып;

тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В1. 2 - 11-сынып.

8. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды:

1) еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 1-11 сыныптары бойынша сараланды;

2) негізгі және орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды;

3) негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді;

4) оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша сараланды;

5) әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша нақтыланып ұсынылды.

9. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.

10. Оқу пәнінің мақсаты - ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі

тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларын игерту.

11. Оқу пәнінің міндеттері:

1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, , этномәдени және әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;

2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;

4) мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

12. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті

мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.

13. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды:

1) үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология сабақтастығы тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;

2) оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді;

3) пәнаралық байланыс ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және қосалқы ойды ажырата алу және т. б. (әдебиетпен байланыс) ;

өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т. б.

(ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін

сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып табылады;

5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді;

6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

14. Пәнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы білім беретін өзге тілде оқытатын мектептердің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төмендегі пәндермен байланыстыра меңгерту көзделеді.

1) «Қазақ әдебиетімен»:

қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады;

олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

2) «Орыс тілімен»: қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді;

орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;

3) «Қазақстан тарихымен»: тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады;

сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

4) «Информатика» пәнімен: оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық

технологияларды қолданудың ықпалы зор; интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпарттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

5) Жаратылыстану циклі пәндерімен: қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді; қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.

15. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған Типтік оқу жоспарына сәйкес (10-қосымша) жаратылыстану-математикалық бағыттың 10-11-сыныптарында «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылады.

1) оқу жылындағы барлық сағат саны:

10-сынып - аптасына 4 сағат, барлығы - 136 сағат;

11-сынып - аптасына 4 сағат, барлығы - 136 сағатты құрайды.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытында (11-қосымша) «Қазақ тілі» пәні аптасына 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

1) 10-сынып - аптасына 3 сағат, барлығы - 102 сағат;

2) 11-сынып - аптасына 3 сағат, барлығы - 102 сағат.

16. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.

17. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;

2) әлеуметтік-мәдени ая;

3) оқу-еңбек аясы.

18. Әрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің нәтиже көрсеткіші ретінде ұсынылады.

19. 10-сынып:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая: жаратылыстану ғылымының салалары;

«Менің әкем инженер» (отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы, қонақ күту) ; қаржыны дұрыс жоспарлау; әлеуметтік-мәдени ая: техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар; Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы;

табиғат-жаратылыстану құбылыстарына қатысты адам есімдері; технология жаңалықтары;

3) оқу-еңбек аясы: «Мен мамандық таңдаймын», «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»; «Алаш ғалымдарының еңбектерімен танысайық: Ш. Уәлиханов, Ж. Күдерин, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Тынышбаев».

20. 11-сынып:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая: «Саяхатқа шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде», «Қазақстанның жер аймағын аралаймыз»;

2) әлеуметтік-мәдени ая «Ғарыш айлағында», «Қазақ ғарышкерлері: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев»; «Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам»; «Сән үлгілері»;

3) оқу-еңбек аясы: «Әлемдегі өнертапқыштар (қалта телефоны, компьютер: пайдасы мен зияны, т. б. ) », «Ғылым әлемінде», «Тәуелсіз Қазақстан ғалымдары»; «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын».

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

21. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 38/26 сағат:

1) жаратылыстану ғылымының салалары - 11/7 сағат (Тілдік бөлім: Ғылыми стиль. Терминдер.

Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Жаратылыстану ғылымының салалары туралы мәтіндер. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету) . Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Жаратылыстану ғылымы туралы мәтіндер) ;

2) «Менің әкем инженер» (отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы, қонақ күту) - 16/12 сағат.

(Тілдік бөлім: Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі. Арнайы сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру.

Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүрі, үлкен мен кіші сыйластығы, әке мен бала қарым-қатынасы туралы мәтіндер. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты баяндау. Жазылым. Танымдық

жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету) . Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету) . Диалог-мәлімет. Өз отбасыларындағы сыйластық туралы сұхбаттасу, пікірлесу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы, үлкен мен кіші арасындағы сыйластық туралы мәтіндер) ;

3) «Қаржыны дұрыс жоспарлау» - 11/7 сағат. (Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы

баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету) . Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасы, ата-ана арасындағы

қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тыйым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу) .

22. Әлеуметтік-мәдени ая - 46/36 сағат:

1) «Техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар» - 11/9 сағат (Тілдік бөлім: Құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстанның техника саласындағы белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Оқылым Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Айтылым. Ғылыми жоба туралы мәтіндер. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Ресми тілдесімді үйрету (оқушыларға ресми қарым-қатынастың элементтерін меңгерту) . Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәліметпен таныстыру) ;

2) «Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы» - 12/9 сағат (Тілдік бөлім: Грамматика: Туынды сын есім. Тұйық етістік. Тәуелдік жалғауы. Ілік, табыс септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көсемше. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:

Тыңдалым. Қазақстан мемлекеті және оның құрылымы туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым. Мәтіннің стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Мемлекеттік құрылым туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім Кәсіби

тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету) . Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу) ;

3) «Табиғат-жаратылыстану құбылыстарына қатысты адам есімдері» - 11/9 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Біріккен сөз. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәтін. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Оқылым. Мәтіннің ұлттық-мәдени мазмұнын танымдық тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым. Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі бір әрекетті не істі жасауды бір-бірінен өтіну. Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту) . Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасылық дәстүрлер) ;

4) «Технология жаңалықтары» - 12/9 сағат (Тілдік бөлім: Есімшенің септелуі. Ашық рай. Бірыңғай мүшелер. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Балаларға арналған, көпшілік, ғылыми басылымдардағы техника жаңалықтары туралы мәтіндер. Оқылым. Басылымдарыдағы техника ғылымы, жаңалықтары туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын бағалау тұрғысынан баяндау. Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету) . Диалог. Диалог-мәлімет - белгілі бір газет, журнал туралы мәлімет беру. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Алғашқы қазақ газеттері туралы пікір алмасу) .

23. Оқу-еңбек аясы - 52/40 сағат:

1) «Мен мамандық таңдаймын» - 15/12 сағат (Тілдік бөлім: Кейінді ықпал. Қос сөз. Туынды зат есім. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мамандыққа қатысты мәтіндер. Оқылым. Мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған

мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы әңгіме жазу. Кәсіби-тақырыптық тілдесім - мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асыру, кәсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кәсіби түрде іске асыру. Диалог-реплика - тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Қазақ суретшілері туралы мәтіндер. Көптілді білетін жастар туралы мәлімет) ;

2) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» - 15/12 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Ресми стиль. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу. Айтылым. Болашақта істейтін жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету) ; Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Белгілі мамандар туралы мәлімет) ;

3) «Алаш ғалымдарының еңбектерімен танысайық: Ш. Уәлиханов, Ж. Күдерин, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Тынышбаев» - 22/16 сағат (Тілдік бөлім: Жаратылыстану ғылымына тән терминдер. Ғылыми стиль. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу. Айтылым. Алаш ғалымдары, олардың еңбек еткен салалары туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік

қолданыстарды, терминдерді үйрету) . Алаш ғалымдары туралы пікірлесу, сұхбат құру. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Алаш қайраткерлері туралы мәлімет) .

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

24. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 38/26 сағат:

1) «Саяхатқа шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде» - 20/14 сағат (Тілдік бөлім: Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себеп-салдар мәнді құрмалас сөйлемдер. Өзгелік етіс. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Ұшақтың ішіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері:

әуежай, теміржол бекеттеріндегі анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Әуежай мен теміржол бекетінің, қонақ үй қызметі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Әуежай мен теміржол бекетіне, қонақ үйге байланысты тірек сөздер бойынша мәтін. Кеден мағлұмдамасын толтыру. @-mail-мен тапсырыс беру, ақша жіберу, есептесу, жаздыру. Тілдесім. Әуежай мен теміржол бекеті, қонақ үй туралы пікірлесім. Бекет қызметкерлерінен (анықтама бюросы, касса, жүк қоймасы) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Қонақ үй қызметкерлерінен (қонақ үй әкімшілігі, анықтама бюросы, касса) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Сапарға шығу, жол туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер) ;

2) «Қазақстанның жер аймағын аралаймыз» - 18/12 сағат (Тілдік бөлім: Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер. Мақсат, мекен үстеу. Туынды сөздердің жазылуы. Етістіктің келер шағы. Ілік септіктегі сөздердің жазылуы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сарыарқа, Жетісу, т. б. Қазақстанның жер аймақтары туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қазақстанның жер аймақтары туралы ақпараттарды оқу. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Өзінің туған өлкесі туралы айту. Монолог-суреттеу (қала мен даланың табиғатын сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндау) . Жазылым. Жер аймақтарына байланысты тірек сөздерге бойынша мәтін. Туған өлкенің табиғи ерекшеліктері туралы мәтіндер жаздыру. Тілдесім. Жер аймақтары туралы пікірлесім. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Қазақстан жер аймақтарының шаруашылығы туралы пікірлесу) .

25. Әлеуметтік-мәдени ая - 46/36 сағат:

1) «Ғарыш айлағында», «Қазақ ғарышкерлері: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев» - 16/12 сағат (Тілдік бөлім: Жалпы және жалқы есімдер. Термин сөздердің орфоэпиясы. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Байқоңыр


Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі пәнінен орта мерзімді жоспар
Қалта телефоны туралы мәлімет
Тақырыпқа қатысты мәтіндер
Тілге қатысты достарымен пікірлесу
Қағаздан қар жасаймыз
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны пайдалану
Мәтін туралы түсінік
Топ басшысының бағалау парағы
Paint графикалық редакторының құралдары жайлы ақпарат
Менің үйім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz