Самолет - орыс тілінен енген сөз

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секциясы: Тілі бөлімі

Тақырыбы: «Ілияс Жансүгіров шығармаларының лексикасы»

Авторы: Жобалаева Шынар, Советбеков Ерасыл, 9-сынып, «№ 23ЖОББМ» КММ, Семей қаласы

Жетекшісі: Жакупова Анар Орахғалиевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Ережепова Жадыра Мураткановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«№23 ЖОББМ» КММ, Семей қаласы

Кеңесшісі: Жумагулова Алия Матаевна, филология ғылымдарының кандидаты, журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қаласы

Семей қаласы, 2014 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-тарау. Ілияс Жансүгіров шығармаларының лексикасы . . . 4

1. 1. Көнерген сөздер. Архаизмдер, тарихи сөздер . . . 4

1. 2. Кірме сөздер . . . 10

1. 3. Дисфемизмдер мен эвфемизмдер . . . 18

1. 4. Табу . . . 21

1. 5. Диалект сөздер . . . 22

2-тарау. Этнографизмдердің қолданылуы . . . 23

2. 1. Түсінігі қиын сөздер . . . 23

2. 2. Фразеологизмдердің қолданылуы . . . 25

Қорытынды . . . 30

Әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Сөз зергерлерінің шығармашылық мұраларының тіл кестесі қазіргі қазақ әдеби тілінің шығарма тілі деп аталған саласының даму, қалыптасу жолын айқындап, дәлелдейді. Көркем шығармалар әдебиеттану ғылымында тақырып, мазмұн, идея жағынан талданып танылса, қаламгер шығармаларының лексикасы, сөзжасамы, көрікті сөз қисыны, тілдік қолданыс үлгілері, морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құрылымдары лингвистикалық талдаулар арқылы айқындалады.

Көркем шығарма тілі, яғни қаламгер тілі екі аспектіде қарастырылады: біріншіден, әдеби тіл фактісі ретінде; екіншіден, авторлық даралық стиль тұрғысынан.

Қаламгер шығармаларының тілін әдеби тіл фактісі ретінде қарастыру арқылы шығарма жазылған тұстағы ана тіліміздің сөздік құрамы, сөз қолданыс ерекшеліктері танылады. Авторлық даралық стиль тұрғысынан қарастыру арқылы әр қаламгердің «сөз саптауы, сөйлем құрастыру, сөзіне өзінше мән беру, ана тілі негізіне сүйене отырып, жаңа бір тыныс жасау, сөйлемдегі сөз тіркестерінің дағдыдағы қалпын өзгерту, кейде архаизм, кейде неологизм, кейде шет сөз ауыстыру, кейде инверсия, элипсистер арқылы мүлде күтпеген жерден әдебиетте бұрын кездеспейтін бір жаңалықтарға» қол жеткізгені анықталады, яғни, әр қаламгердің өзіне тән стилі танылады.

І. Жансүгіров шығармаларының тілін осы екі аспектіде қарастырған жөн, өйткені, ол - қазақ әдеби тілін қалыптастырушылардың бірі, сөз қолданысы даралығымен ерекшеленетін суреткер.

Ақын шығармаларының лексикасы бай, ол ана тілін, оның тілдік құрылым - құрылысы мен заңдылықтарын, дәстүрлі сөз саптау үлгілерін жетік білуімен қатар, «асыл сөздің алтын, жезін ақтарып» керектісін өз кәдесіне өз мәнерінде қолданды, ой теңізіне батыратын қуаты бар? Енді Ілияс лексикасының байлығын аңғартатын көздерді сараптайық.

1-тарау. Ілияс Жансүгіров шығармаларының лексикасы

  1. Көнерген сөздер. Архаизмдер, тарихи сөздер.

Көнерген сөздер. Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан алғанда қолданыста сирек кездесетін немесе мүлдем қолданылмайтын, қолданыстан шығып қалған сөздерді - көнерген сөздерге жатқызамыз. Ілияс Жансүгіров шығармалары XX ғасырдың 20 - 30 жылдары жазылғандықтан әрі эпикалық шығармаларына XVIII - XIX ғ. оқиғалары арқау болғандықтан, сол қоғамдағы, сол замандағы тіл фактілері мен үлгілері жиі кездеседі: Кім дейсіңдер мынау? Керек сайыс, лау. Мен бүгінгі құдайың, біліп қойғын пақыр-ау. («Елге шыққанда . . . не айтады?»)

Сол үшін тау пәлені басына үйген, тартқан ол тауқыметті болыс , биден. («Құлагер»)

Шумақтарда кездесетін лау, болыс, би - көнерген сөздер. Лау - архаизм сөз, мағынасы - тығыз қызмет бабымен жүрген адамдарды бір ауылдан екінші ауылға жеткізіп салуға әзірлеп қойған көлік; болыс, би - тарихи сөздер. Болыс - жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, қазіргіше судья. Сәлем айт Әлімқұлдай датқа - бекке! Болмаған арашашы мұндай итке. Аруағы Абылайдың болды разы. Әлімқұл өзі қылған бұл билікке. Білемін аруағымды сыйлағанын, аулын Кене ханның қимағанын от жақпай арасына хан - қараның . («Күйші»)

Датқа - Қоқан мен Бұхара хандықтарындағы полковник дәрежесіне тең лауазым, атақ; бек - феодалдық қоғамдағы ру басы, ел билеушісі; хан - феодалдық дәуірдегі кейбір түрік және моңғол халықтарында болған Елбасы; қара - бұқара халық. Мысалдардағы көнерген сөздер шығарма оқиғасының шынайылығын арттыра түскен.

Ілияс Жансүгіров шығармаларында көнерген сөздерді тақырып жағынан былай топтастыруға болады:

Қару-жарақ атаулар;

Салт - сана, әдет - ғұрыпқа қатысты сөздер;

Мата атаулары;

Киім-кешек атаулары;

Тұрмыстық зат атаулары;

Әр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер;

Жалпы түркі тілдеріне тән архаизмдер.

І. Жансүгіров шығармаларында қазіргі тіл тұрғысынан көнерген сөздер деп танылып отырған элементтер өз заманында актив лексика болғанымен, әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға байланысты пассив лексикаға айналған. Ақын көнерген сөздерді шығармаларының тарихилығын арттырып, заман шындығын нанымды көрсету мақсатында арнайы қолданады. Ақынның 1915 - 1916 жылдары жазылған алғашқы өлеңдерінің бірі «Қазақ үйдің тұрмысы» атты өлеңінен көнерген сөздер мен кірме сөздерді молынан кездестіруге болады.

І. Жансүгіров шығармаларында көнерген сөздер, оның ішінде архаизмдер қатарына жататын жоғарыдағы тақырыптық түрлерінің біршамасы кездеседі. Мәселен, мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер:

Ілініп ханның байлау, матауына,

Азат бас айналды оңай ата құлға.

Күйшіні ертіп келіп есік ашты,

Мақпал бау , манат ойған отауына. («Күйші»)

Мақпал - тығыз тоқылған, түкті, жұмсақ, қалың мата, барқыт; манат - барқыт тәрізді сырткиімдік бағалы шұға.

Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер:

Қойшыға мен мінгізіп қояр едім,

Семіртіп мен соғымға сояр едім.

Кемпірдің азасына әкеп салып.

Бата оқып , ет, қымызға тояр едім . («Құлагер»)

Аза - өлім-жетімге байланысты қайғы-қасірет, мұң-шер; бата оқу- қайтыс болған адамға бағыштап оқылатын дұға; соғым сою - қысқы азығына арнап семіртілген мал.

Ол емес және өзінің малын баққан,

Жалшы емес және байдың отын жаққан.

Кісіні ит етінен жек көретін,

Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан. («Құлагер»)

Арыз айту - наразылық білдіру, шағым; биге шағу - биге шағымдану; дау қуу - cөз қуу, дауласу.

Киім-кешек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизмдер:

Жан - жақтан ағытылды сабаны артып,

Түсіріп, дүрілтетіп жүр табақ тартып.

Кісіге шыпылдады ақ ордалар,

Қалың ат ер-тұрманы етіп жалт-жұлт . («Құлагер»)

Саба - жылқының бітеу терісінен жүнін қырқып илеп, ыстап жасалған, қымыз ашытатын сыйымды ыдыс.

Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы,

Қалтырап жынданғандай қолы, басы.

Сағынай саптыаяққа сиіп өлді,

Топтақтай тоқсан төртке жетіп жасы. («Құлагер»)

Саптыаяқ - ағаштың безінен шауып жасалған аяқ, ыдыс.

Діни ұғымға қатысты архаизмдер:

Молда айтқан ұшпақтағы қор қызы ма?

Періште, әлде пері, әлде жын ба?

Құлпырып қыздың беті албырайды,

Ұқсаған алтай түлкі жондығына. («Күйші»)

Ұшпақ - пейіш, жұмақ; пері- діни сенім бойынша, аспанда, су ішінде тіршілік ететін жамандық пен зұлымдықтың күш иесі; Жын - діни сенім бойынша көзге көрінбейтін жын-шайтан, әзәзіл, пері.

Жағымды және де өзі Қоқан жаққа,

Мансапты жинап зекет апармаққа.

Дулаттың бір түсетін төбесі деп,

Кене хан келген жанап осы аруаққа. («Күйші»)

Зекет - шариғат бойынша жоқ-жітік, кемтар, кедей адамдарға берілетін садақа.

Әр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер:

«Дат!» - деді ханның өжет Қарашашы,

Немере, хан Кененің қарындасы.

«Ханша, не датың бар?» - деді Кене,

Аңырып тұрып қалды айналасы. («Күйші»)

Дат - тілек, өтініш айту мағынасын білдіретін қаратпа сөз.

Барымта - ел шулатып жылқы қуған,

Әупілдек батыр шыққан әр рудан.

Ел құнға жұма сайын бір жығылып,

Қара нар, қалы кілем бітім қылған. («Құлагер»)

Барымта - жауласқан екі рудың бірінің - бірі мал-мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы; Құн - кісі өлтірген адам тарапынан би кесімімен төленетін айып мал; төлем.

Ол күнде қазақ мұндай жасармаған,

Құл мен күң қожасынан аса алмаған.

Жарлыға, жалғызға да дес берді ме,

Жыландай ысқырынған зәһар заман. («Құлагер»)

Құл - құлдық дәуірде басында еркі жоқ, иесіне бүтіндей бағынышты шаруа адамы; Күң - бас бостандығынан айырылған басыбайлы әйел.

Түлкісін санап қыстай пұшпақтаған,

Бір үйде бір дарақы құс мақтаған.

Саудагер мата сатқан сөз қатып тұр,

Қылжақтап бір тоқалға тұштақтаған. («Құлагер»)

Тоқал - қатын үстіне алған екінші әйел.

Тарихи сөздер. Тарихи сөздер дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер. І. Жансүгіровтың шығармаларындағы тарихи сөздерді де бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздер: хан, ханыша, сұлтан, ауылнай, т. б.

2. Әскери атақ пен қару - жараққа қатысты тарихи сөздер: садақ, жақ, жебе, дулыға, т. б.

3. Күні кешегі Кеңес тұсында пайда болған тарихи сөздер: нарком, губком, совдеп, ревком, отарба, колхоз, совхоз, райком, партком, т. б.

Әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздер:

Қамаудың хан ауылы қыр жағында,

Аңқытып ақ орданың бір жағында,

Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,

Құмар ғып тартқан күйдің ырғағына . («Күйші»)

Немесе: «Тыңдасын домбырамды хан тағында» - деп келген сорлы күйші атағына. Айтылып хан жарлығы кете берді, қақтығып орданың бір шатағында . («Күйші»)

Хан - феодалдық дәуірдегі кейбір түрік және моңғол халықтарын дара билеген Елбасы.

Қоршаған хан қасында қошеметші,

Даяшы, төлеңгіті, би, жендеті.

Ауылы Бақанастың өлкесінде,

Арқадан Алатауға ауған беті. («Күйші»)

Даяшы - қожайынның жарлығын орындап отыратын басыбайлы қызметші; Би - дау -жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы; Жендет - өлім жазасын орындаушы, баскесер.

Қарашаш ақылы дария, алтын басы,

Әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы.

Өз басын мың қараға теңгермейтін,

Кененің кеңесінде ақылдасы. («Күйші»)

Ханзада - арғы заты, шыққан тегі хан тұқымынан тараған тақ мұрагері.

Сырттан қыз сілкінгендей беріп сыртын,

Талайдың айбынымен алған сұрқын.

Иілді « Алдияр! » деп хан алдына,

Қалды ұйып үйдің іші, болды жұрт жым.

Немесе:

« Алдияр! » аузына әзер түсті,

Алақтап алды-артына назар түсті.

Кіргендей болып кетті бір сарайдағы,

Алтын мен жібек жайған базар түсті. («Күйші»)

Алдияр - ханға, төрелер мен сұлтандарға өтініш айтарда олардың дәрежесін ұлықтап, кішірейіп, назарын аудартар сөз.

Ақ отау іші- сырты зер кестелі,

Бір тозаң тимегендей ел көшкелі.

Қазына - жібек, жанат, алтын, күміс,

Не патша, не хандардың берместері.

Немесе:

Арманды ел ақ патшаға арыз қылған,

Арыздан борыш басып, қырғыз қуған.

Жер мұңын, елдің шерін өлең қылып,

Арыздан борыш басып, қарыз қуған.

Жер мұңын, елдің шерін өлең қылып,

Ақан да жанның бірі жаны ауырған.

Патша - революцияға дейінгі Ресей монархының титулы.

Төпелеген тағы шапты дүбірлетіп,

Ақсады тайтырақтап, кібірлетіп.

Түсінген күй тіліне ханшайым , -

«Қой-күйшім, жетер!» - деді жымың етіп. («Күйші»)

Ханшайым - ханның тұқымынан шыққан әйел жынысты адам, ханның қызы, қарындасы.

Тұрмаймын құса болып бұл қылыққа!

Итшілік, жігітшілік, тырқылыққа.

Сұлтанның сүйегіне лайық па,

Ханзада қалай шыдар бұл қорлыққа?

Сұлтан - Шыңғысхан ұрпағынан жергілікті билеушілердің лауазымы.

Әскери атақ пен қару - жараққа қатысты тарихи сөздер:

Келелі кеңестер не? Ақ найза не ?

Не тоқтау толқып жатқан айдын көлге?

Көтерген Абылайлап ала жалау,

Шақыртқы ту бола ма тозған елге? . . . («Күйші»)

Найза - ұшына темір істік кигізілген, ұзын ырғай сапты ескі соғыс құралы, сүңгі.

Ат сайлап, қылыш қайрап сарбаз ерлер,

Зеңбірек атанға артқан найзагерлер

Жарқылдап сыбызғылы күй тартқандай,

Алатау берік қорған, жұмақ жерлер. («Күйші»)

Қылыш - болаттан соғылған, екі жүзді өткір, ұзын, сапталған алмас қару.

Сарбаздар саңлақ мінген шоғырланған,

Жасақтар жалаң қаққан жауға арналған.

Семсерлі сері, талай найзагерлер,

Болаттар тас тілуге ожарланған. («Күйші»)

Сарбаз - жасақшы қол; әскер, жауынгер; семсер - болаттан істелген екіжүзді кішірек қынға лайықталған өткір қару.

Тізіліп сапқа тұрған сірі садақ,

Ақ сары алдаспандар жалақ - жалақ.

Сықылды Ержан, Науан ерлер де жүр,

Мұз балақ, қаңтардағы қырау қабақ. («Күйші»)

Садақ - ағаштан иіп жасалған соғыс құралы, жақ; Алдаспан - сабында көлденең салынған болат қалқасы бар семсер.

Өмірде солардайын қорлық тартқан,

Сұм заман өткір жанды қор қып баққан.

Жаралап ер жүрегін жау қанжары ,

Ысқырып жылан өмір жанын шаққан . («Құлагер») Қанжар - белге байлап жүретін, қос жүзді үлкен пышақ(қару) .

І. Жансүгіров шығармаларында кездесетін архаизмдер мен тарихи сөздер сан жағынан мол. Ақын көнерген сөздерді қолдану арқылы баяндалып, суреттеліп отырған оқиғаның, оқиғаға қатысушы кейіпкер тілінің нанымды, сенімді болуын ескерген.

Діни сөздер . І. Жансүгіров шығармаларының ендігі бір қабаты - дін, дінге қатысты сөздер. Діни сөздердің көпшілігі XX ғасырдың 90 жылдарына дейін көнерген сөздер, қолданыстан шыққан сөздер есебінде болды. Тіл - жанды құбылыс, қоғамдық құбылыс, сондықтан да ол бірде «тіріліп», жаңа мағына, жаңа үрдіске бейімделіп қолданысқа қайта оралуы да мүмкін.

Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,

Ұры емес ауыл торып, ел шулатқан

Молда емес, мешіт салып, зекет алып,

Нәжісін дүниенің бойға жаққан

Ақанды сол күндегі сопы десек,

Әсем тау оған құбыла мекеге есеп

Ән- азан , сөз - намаз болып ,

Кітап боп көңілін ашқан гүл- бәйшешек. . («Құлагер»)

Мұны оқытқан кім екен?

Ғазазыл ма екен, жын ба екен ?

Таңырқаймын, тамсанам,

Дандыға құл қу ма екен?(«Алдымда»)

Қырда атақты шал өлсе,

Бір қобырап қалмай ма?

Пидиялап мал берсе,

Молда жалаң қақпай ма?(«Дала»)

Құран, аруақ, құдаймен

Бұқараны байлармыз

Бай, зиялы бұлармен

Орындаймыз ұранды. («Далада»)

Үзінділерде берілген діни сөздердің мағыналары түсінікті болғанмен, қолданылу жиілігі тең емес: молда, мешіт, азан, құран, аруақ сөздері жиі қолданылса, ғазазыл (араб сөзі) - қазақ тілінде көбінесе әзәзіл түрінде қолданылады, шайтан, ібіліс сияқты қаскөй рух, ауыс мағынада - азғырушы, алдамшы ретінде санамызға сіңген. Ақын қолданысындағы пидиялап сөзі - підия: Ислам діні бойынша өлген адамның күнәсі көтеріліп алу үшін молдаларға берілетін (мал, зат т. б. ) зат мәніндегі сөздер сирек қолданылады.

Ілиясты шығармалары негізінде атеист деп танимыз, оның себебі өмір сүрген ортасы, саясат соны талап етті. Сондықтан да ақын шығармаларындағы дін иелері, олардың іс- әрекеті халық мүддесімен сай емес, қанаушы таппен ниеттес деген тұрғыда суреттеледі.

Қазақ өмірі арқау болған «Мақпал», «Рүстем қырғыны» поэмаларында әзірейіл, періште, перизат, ақирет, ораза, намаз, т. б. діни ұғымға қатысты сөздер кездеседі. Олар суреттеліп отырған оқиғаға байланысты қазақ өмірімен астастырыла қолданылады.

І. Жансүгіров шығармаларында мұсылман дінінің ұғымдары мен догмаларына қатысты сөздер молда (мулла) - ислам дінінің рухани қызметкері; мешіт (мәджет) - мұсылмандардың намаз оқуға жиналатын үйі; зекет (зәкат) -ислам діні шариғаты бойынша қожа мен молда, хан мен имамдарының пайдасына халықтың мал-мүлкінен жыл сайын алынатын салық үлесі; пері, сайтан, жын, аруақ т. б. араб-парсы тілінен енген кірме сөздер. Олар біздің тілімізге ислам дінін қабылдауға байланысты енген, қазақ даласына араб шапқыншылығынан қалған тарихи ескерткіш.

  1. Кірме сөздер.

Халық лексикасы ежелден тілімізде қолданылып, тіліміздің негізгі сөздік қорын құрайтын төл сөздерімізбен ғана бай емес, сонымен қатар, тілімізде өзге тілдерден түрлі тарихи оқиғалар мен кезеңдерге байланысты лексикалық қабаттан орын алған кірме сөздер арқылы да кеңейе түскен.

Кірме сөздер - тіл-тілдің лексикасын байытудың аса өнімді жолы; мемлекет пен мемлекет, халық мен халық арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың нәтижесі. Қарым-қатыныстар арқылы бір тілден екінші тілге көптеген сөздер ауысады. Бір тілдің сөздері екінші, үшінші, төртінші бір тілге тікелей де, жанамалап та, екінші бір аралық тіл арқылы да, ауызша, жазбаша нұсқалар арқылы да ауыса береді. Қазір дүние жүзі тілдерінің бәрінде де кірме сөздер бар.

І. Жансүгіров шығармаларында кездесетін араб-парсы тілдерінен енген сөздер сөздік қорға еніп, төл сөзімізге айналғандар, олардың этимологиясына арнайы үңілмесе, кірме сөздер екендігін байқау қиын. Кейбір сөздер фонетикалық (дыбыстық) тұрғыдан өзгеріске ұшырағаны болмаса, кірме сөздердің лексикалық мағынасы сақталған. Мысалы; Апта (һәфте) бір жеті, бір жұма. Ұзақтығы жеті күн тәулігіне тең уақыт өтілімі. Жұма (джұмға) - мезгіл, күн аттарынан бесінші күні. Аспан (асман) - төбедегі кеңістік, көк, әуе. Асылы, бұл сөдер тек фонетикалық өзгеріске түскен, мағыналары сақталған. І. Жансүгіров шығармашылығында аталған сөздер халықтық тілмен бірегей қолданып, төл сөздерге айналған. Кірме сөздің автордың баяндау тілінде, кейіпкер тілінде ана тіліміздің төл сөзі ретінде көрінеді. Тура, ауыс мағыналарында қолданылып, белгілі бір стильдік қызмет атқарады.

Мәселен, нан, ақыл, айуан, қиял, құмар, тұмар, мал, жын, халық, апта, сауда, азап, табиғат, боран, жан, шаруа, мәжіліс, жендет, халық, ел, мазақ, батыр, құрмет, арыз, заман, аруақ, зеңбірек, найзагер, батыр, батыл, қошемет, аспан, тарих, ақын, асыл, бұлбұл, жұма, ел, әдет, маржан, меруерт, пері, молда, мешіт, зекет, дау, арыз т. б. көптеген сөздер.

Тәрбие мен білім беру саласы бойынша қазақ тіліне араб-парсы тілінен енген сөздер. І. Жансүгіров поэзиясының лексикалық қабатынан көрініс тапқанына көз жеткізу үшін мысалдарға көз жіберейік:

Дегендей, тазша-ау мені тақымдама,

Тап берме, таяғыңмен жақындама.

Өзің құл, өзің- дағы мен сықылды,

Ұрмастан ойла соны! Ақыл бар ма? («Күй») Мұндағы ақыл (ақыл) - адамның ойлау қабілеті; сана-сезімі. Қашаннан қазақ көшкен тарих көші, таланып жаудан, жұрттан жеткені осы.

Көсемі көш алдында басшы болып,

Бақыттың жайлауына қонған тұсы. («Күй») Мұндағы тарих (тарих) - халық басынан кешкен оқиғалар.

Күйіндей домбыраның құлдырасын,

Суындай Алатаудың сылдырасын.

Сөздердің асыл, көркем тасын қала,

Ұйқасы өлеңімнің сыңғырласын. («Құлагер») Мұндағы асыл(«әсел») - жақсы, таза, құнды деген ұғым береді.

Соларды әдетім еді айту аздап,

Ескіге ендігі елдің кегін қозғап;

Ескі күн - елдің жылап өткен күні,

Ескі ән, күй соңдықтан қалған боздап. («Құлагер») Әдет сөзі (ғадәт) - дағды, жол-жора, үйреншікті салт, ғұрып мағынасына ие. Мұндағы «ақыл» сөзі абстрактілік ұғым. Кейіпкерді ойландыру, есіне келтіру мағынасында жұмсалса, «асыл» сөзі де ауыспалы мағынада, құнды, таза деген ұғымды білдіреді, ал «тарих» сөзі халықтың өткені мен бұрынғысын көрсету мақсатында қолданылған сөздер, бұл сөздер тарихи төркіні тұрғысынан кірме сөздер болса да, төл сөз ретінде қабылдаймыз. Себебі, біздің сөздік қорымызға еніп, ақыл+шы, тарих+шы, тағы басқа жаңа сөз тудыру дәрежесіне жеткен сөздер.

Ілияс туындыларындағы астрономиялық ұғымдарды білдіретін сөзде р:

Күннен күн, аптадан ай, айлар өтті

Төлежіп, түгі түлеп, желін жетті.

Күн бітті, боз інгенше боталапты,

Ботасы алтын басты, күміс көтті.

Апта(һәфте) - бір жеті, бір жұма. Апта - ұзақтығы жеті күн тәулігіне тең уақыт өлшемі екені мәлім. Демек, «апта» - «жеті» деген сөздің баламасы.

Халқымның қуанышты бұлбылымын.

Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.

Көтеріп көптің көңілін күнде шауып,


Ұқсас жұмыстар
Орыс тілінен енген сөздер
Кірме сөздер. көнерген сөздер. жаңа сөздер
Кірме сөздер
Жаңа сөздер
Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың міндеті
Дауыссыз дыбыстардың емлесі
Ф дыбысы
Аквариум суретін көрсету
Дүк - дүк
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz