Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпараттың түрлері

Сыныбы: 7 Күні:_____ Мұғалімі: ________________ Тексерген ___________

Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпарат, оның мазмұны,

Дамытушылық: ережелердің адам өміріне қажеттілігімен таныстыру
Тәрбиелілік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу
ІІ.Үйге тапсырма: ЕТК қауіпсіздік ережесі
ІІІ Жаңа сабақ
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.
Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата- аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Ягни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.
Ғалымдардың деректері бойыншабіз ақпараттың 81% -ын көру арқылы, 10%- ын - есту, 4%-ын - иіскеу, 3%-ын - дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.
Сонымен қатар әрбір адам жеке-дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музиканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінесіңдер, әлдекім біреу айтап берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.
Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі- құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы - адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.
Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, <<бес>> сөзінің жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.
Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да бөдуге болады. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.
Ақпараттың қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
1. Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, мендердің достарың <<Ертең>> десін. Егер сендер достарыңа: <<біз киноға қашан барамыз?>> деген сұрақ қойған болсаңдар. Онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі - ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.
2. Бағалау
3. Үйге тапсырма:Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиетттері

Ұқсас жұмыстар
Информатика. Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесінен айырмашылығы
Постерді бағалау
Компьютердiң жады
Ақпарат түрлері. Сабақтың мақсаты
Ақпарат көзі
Тест тапсырмасын орындау
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Компьютерлік графика туралы
Пәндер