Балалар сендерге ертегі ұнайма

«Райхан» балабақшасы
Интернет- фестиваль
«Достық және мен»
(ересек топ)
Тәрбиеші: С. Қ. Шапхатова
2013жыл
Тақырыбы: «Достық және мен»
Мақсаты: «Дос» және «достық» деген ұғымды терең жеткізе отырып, достық сезімін қалыптастыру мақсатында бір- бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу. »
Эпиграф:
«Достық керек өмірде,
Ашық сырлы көңілде.
Дос жолдасың болмаса,
Өмір сүру жеңіл ме?» (3 слайд)
Әдіскерлік тәсілдер : Әңгімелеу, тренинг, түсіндіру, сұрақтар - жауап, өлең, ойын, тақпақтар айту.
Сабақ барысы : Шаттық шеңбері:
Тренинг. (4 слайд)
Шеңбер бойына тұрып, қолдарынан ұстап, аттарын атап, достары туралы айтады. Мысалы: Менің атым Рауана, менің досым Айкен, мен оны жақсы көремін.
- Ал балалар сендер өмірдегі сырды, бөлісетін, әркез қасымызда бірге ойнайтын, көмектесетін, қиын кезде қастарыңнан табылатын кім?
- Досымыз
- Жарайсыңдар, ол- «ДОС». Дос дегеніміз- арқа сүйер адамың. Балалар айтыңдаршы сендердің достарың бар ма? Мадина айта қойш қандай достарың бар? Рауана сенде ше?
- (балалардың жауабы)
- Демек досты ешқашан сатпау керек, бірге күліп, бірге ойнау керек, сыйлап қадірлей білу керек. Балалар сендерге ертегі ұнайма?
- Иа
- Ендеше сендерге «Дос іздеген Бота» деген ертегіні айтып берейін.
- «Ерте, ерте, ертеде боталы Түйе болыпты. » (ертегі айтылады) (5 слайд)
- Балалар ертегі ұнады ма?
- Иа
- Сонда достық адамның кейіпінен емес, түсінен емес, жүрек қалауымен болады екен.
- Не түсіндіңдер ертегіден?
- (балалардың жауабы)
- Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- (б. ж. )
- «Жүз ақшаң болғанша,
Жүз досың болсын»
«Доссыз адам,
Тұзсыз тағам» дейді. Сол себепті дос өмірдегі керек адам. (6 слайд)
- Ойын:«Досыңа көмектес» (7слайд)
Шарты : кубиктерді бірінен соң бірі жерге койып арасы 30 см, екі топқа бөлініп, кубиктердің үстімен жүріп өту керек. Кубиктерден өтіп келе жатқан екі жақтың балалары бір- бірін құлатпай қолдарынан ұстап өтеді. Ойын 2-3 рет ойналады.
- Жарайсыңдар балалар, енді кім «дос» туралы тақпақ біледі
Рауана:
Достық керек өмірде,
Ашық сырлы көңілде.
Дос жолдасың болмаса,
Өмір сүру жеңіл ме?»
Нұрберген : Досыңды дос деп санасан,
Дос көңілін қалдырма.
Досыңды сыйлап,
Дұшпаныңа, еш сырынды асырма.
Ерасыл: Біз балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Бірімізге сенімді боламыз.
Айкөркем : Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Жарасқан: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату тәтті жүреміз.
- Жарайсыңдар, енді балалар тапсырма орындаймыз. Ортаға 5 бала таңдалады. Әркім тақтадағы өзіне ұнаған гүлді таңдайды гүлде сұрақтар жазылған. Балалар жауап береді. (8 слайд)
- «ДОС»ұғымын топтастыру. (9 слайд)
- Жарайсыңдар, келесі ойнайтын ойынымыз«Мейірімді дос»
Бір- бірлерін мейірімді, еркелете айтады. (10 слайд)
Мысалы: Айкенжан, Асхатжан т. б. сен менің жан досымсың.
Ойын 2-3 рет ойналады.
- Балалар достар қандай болуы керек?
- (б. ж. )
- Жағдайларды шешу:(11 слайд)
- Топта екі бала ойыншыққы таласып төбелесіп қалса, сен не істер едін?
- Досың ойнап жүріп құлап, бір жерін ауыртып алады, сен не істейсің?
- Саған анаң үш ойыншық машина сатып алып берді, сол ойыншықты сен балабақшаға алып келдің, достарың сенімен бірге ойнауын өтінді, сен не істейсің?
- (балалардың жауабы)
Сергіту сәті: (12 слайд)
Досым, досым жан досым,
Неге сонша шаршадың.
Кане ұста қолымнан,
Секір, секір, секірші,
Бір серігіп аларсың!
- Жарайсыңдар балалар енді досымызды қуанту үшін сыйлық ретінде досымызға сурет саламыз. (балалар суреттерін салып достарына сылайды) (13 слайд)
- Балалар біздер бүгін кім туралы өттік?
- Достық керек пе?
- (балалардың жауаптары)
- Қорытынды:Жақсының әрбір сөзін қайырма,
Жасыған жездей болып мойыма.
Сыр алмаған біреумен дос болып,
Сыр алған досыңнан айырылма!
- Жарайсыңдар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатынастыңдар. (балаларды бағалау, мадақтау) (14-15 слайд)
Атырау облысы, Индер ауданы,
Индербор кенті «Райхан» балабақшасы
тәрбиеші Шапхатова Салтанат Қуатқызы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz