Зат есім: түсінік, сұрақтар және практикалық тапсырмалар

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

А) Зат есім туралы түсінік беру. Зат есімнің сұрақтарымен таныстыру.

Ә) Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, топпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, өзара сыйласуға тәрбиелеу.

Б) Сауатты, көркем жазуларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ -жауап, әңгімелеу, практикалық.

Сабақтың әдісі:

Сабақтың көрнекілігі. : интерактивті тақта, плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

-Қайырлы таң дастым,

Қайырлы күн болсын.

Аптаның жұма күні,

Сәттілікке толсын!

  • Жақсы балалар, сабағымызды бір -бірімізге сәттілік тілеуден бастаймыз.

(Оқушылар бір -біріне сәттілік тілейді )

  • Ертеде бір ешкі жеті лағымен суатқа су ішуге келсе, алдынан ашыққан қасқыр шығып, тап беріп, қуа жөнеледі. Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі басқаларынан адасып қалады.
  • Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді ортаға сала отырып, адасқан лақтың өз тобына қайта қосылуына көмек көрсетулерің керек.
  • Алдарыңда кездескен кедергілерді жеңе отырып тапсырмаларды орындауларыңа тілектеспін.
  • Лақ келе жатып екіге айырылған жолды көреді. Қайсысын таңдарын білмей, сасқалақтап тұрған лаққа көмектесейік, ол үшін үй тапсырмасын тексереміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) - 372 -жаттығуды ауызша оқытып, тексеру.

Ә) Өткенді қайталау.

  • Жақсы балалар, енді біз үшінші тоқсан басталғалы қандай тақырыптар өткенімізді еске түсірейік.

(Интерактивті тақтада тапсырмаларды ретімен ашады )

1-тапсырма:

С
З
Ө
С: 1
З: 3
Ө: 2

(Сандарды өсу ретімен орналастыр)

-Қандай сөз шықты?

-Сөз.

-Ол туралы не білесің?

2 -тапсырма:

Р Ү І Т Б ( Анаграмманы дұрыс шеш)

- Қандай сөз шықты?

- Түбір.

- Ол туралы не білесің?

3 -тапсырма:

(Буындарды дұрыс құрап, сөз шығару)

- Қандай сөз шықты?

- Қосымша.

-Ол туралы не білесің?

4 -тапсырма:

(Әріпті дөңгелекшелерді сызықша

арқылы жалғастырып оқы)

- Қандай сөз шықты?

- Жұрнақ

  • - Ол туралы не білесің?

5 - тапсырма

Ж
Ғ
Л
А
У
А

(Сандарды өсу ретімен орналастыр)

1 4 3 2 6 5 - Қандай сөз шықты?

- Жалғау

- Ол туралы не білесің?

6 -тапсырма:

( Үйлердегі ең кіші ондықтан бастап, ең кіші жүздікке дейін сандарды өсу ретімен қой)

- Қандай сөз шықты?

  • Сөз таптары.
  • Ол туралы не білесің?

( Үй тапсырмасын айтып жатқанда суреттерді оқушыларға тарату)

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Жақсы балалар, енді қолдарымыздағы суреттерге мұқият қараймыз. Содан соң тақтадағы сөзжұмбаққа назарымызды аударамыз. Мен қазір жұмбақ айтамын, шешуіндегі сөзге кімнің қолындағы сурет сәйкес келсе, сол оқушы тақтаға келеді.

( Әр оқушы суретке қарап сұрақ қояды )

  • Өте жақсы балалар, сонымен осы сөздердің барлығына қандай сұрақтар қойылды?
  • Кім? Не?
  • Дұрыс ал осы сұрақтарды біз үнемі қандай сөздерге қоятын едік?
  • (Заттың атын білдіретін)
  • Өте жақсы, осы заттың атын білдіретін сөз қай сөз табы екен?
  • Зат есім дұрыс!

(Ережесін толық айтып өту)

- Өзеннің арғы бетіне өткен лақ қуанышпен келе жатыр еді, алдынан тағы қасқыр кездесті. Қасқырдан қорыққан лақ не істерін білмей тұрып қалды. Қасқырдан құтқару үшін оқулықтарымызға қараймыз.

  • Олай болса оқулықтарымыздағы 376 -жаттығуды қараймыз.

(Берілгенін бір оқушыға дауыстап оқыту)

Дәптермен жұмыс.

-Жақсы балалар, олай болса дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазамыз.

І топқа -бірінші мақал

ІІ топқа -екінші мақалды көшіріп жазып, кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, астын сызу.

(Екі топ өздеріне тиісті мақалды жазады )

  • Жақсы балалар, сабағымызды 377 - жаттығумен жалғастырамыз.

( Берілгенін бір оқушыға оқыту)

(Тақтада орындау төртбұрыштың ішіне жазу)

үреді. ұлиды. қарқылдайды.

шақырады.

Сергіту сәті. (Әуенді ән алу қыс мезгіліне байланысты)

Мұғалім:

  • Қасқырдан құтылып, әндетіп келе жатқан лаққа түлкі кез болады. Түлкіден құтқару үшін оқулықтағы 378 -жаттығуды топтар арасында «Кім жылдам?» ойыны арқылы орындаймыз.

( Әр топтан кезектесіп орындайды )

1 -топ Кім? 2 -топ Не? сұрағына жауап беретін сөздерді бөлек жазу.

Кім? : Сатушы, дәрігер, ата

Не? : Кітап, парта, дөңгелек, түлкі ағаш, қарға.

( Бірінші болған топты мадақтау )

  • Енді, балалар сабағымыз 379 - жаттығумен жалғасын табады.

( Берілгенін 1 оқушыға оқыту, дәлелдету ауызша )

Жаңа сабақты бекіту .


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Зат есім туралы түсінік
Зат есім: анықтамасы, сұрақтары және деңгейлік тапсырмалар
Зат есім: анықтама, сұрақтары және практикалық жаттығулар
Сын есім: анықтамасы, белгілері және практикалық тапсырмалар
Мәтінді процессор: тестілік сұрақтар мен практикалық тапсырмалар
Зат есім, етістік, сын есім және сан есім бойынша бақылау жұмысы
Сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім және етістік бойынша сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Сөз таптары (зат есім, етістік, сын есім, сан есім)
Ашық сабақ: Сөз таптары - зат есім
Сабақ жоспары: Негізгі және туынды зат есім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz