Мектепалды даярлық сыныбының З дыбысы мен әрпін оқытуға арналған оқу-іс-әрекет жоспары

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған ауылы «Орталау мектебі» мемлекеттік мекемесінің Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Уразалиева Шынар Серикқызы

Сабақтың тақырыбы :З дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты :сөзге дыбыстық талдау жасау жасай білуге уйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, логикалық ойлау қабілетін арттыру. Жазу дағдысына үйрету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі :кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің барысы :

I. ұйымдастыру кезеңі .

Өткен сабақта алған білімдері пысықталды.

II. Негізгі бөлім.

1. Жұмбақ шешу.

Ләзатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ. (З әрпі)

Жауабын айтқан бала сол З дыбысына сөз ойлап айтады.

«Сөз ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты :Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. (Сөздің басында, ортасында, соңында З дыбысы) . Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.

Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

2. Тіл ұстарту жаттығуы .

Ыз-ыз-ыз

Анар -сүйкімді қыз.

3. Дәптермен жұмыс.

Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы З дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне З дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында, келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Балығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы :педагог З дыбысын ауада жазып көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң дәптерге жазу .

Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату.

Мысалы :Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.

Сөзжұмбақ шешеді. Шешуі:қазына. Қазына сөзіне сөздік жумысын жүргізу.

Қазына- түрлі бағалы заттар, дүние мүлік, байлық.

4. Сергіту сәтін өткізу .

Ұзын қанат инелік,

Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық

Инеліктен үйреніп.

Зу-зу, зу-зу, зу-зу. (Қимылмен көрсету)

III. Қорытындылау.

1. Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше Сөз құрату.

Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р--е-з-е

2. Құрастырған сөздердің ішінен З дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық: С дыбысы мен әрпін оқытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мектепалды даярлық сыныбына К дыбысы мен әрпін оқытуға арналған оқу іс-әрекеті
З з дыбысы мен әрпін оқытуға арналған ұйымдастырылған сауат ашу оқу іс-әрекеті
Мектепалды даярлық сыныбына арналған О дыбысы мен әрпін оқыту сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобына арналған И дыбысы мен әрпін таныстырудың технологиялық картасы
С дыбысы мен әрпін оқытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Ққ дыбысы мен әрпін таныстыру: мектепалды даярлық сабақ жоспары
Ғ дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Мектепалды даярлықта К дыбысы мен әрпін оқыту
Г дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz