ЖАМБЫЛДЫҢ АЙКҮМІСПЕН АЙТЫСЫ

ЖАМБЫЛДЫҢ АЙКҮМІСПЕН АЙТЫСЫ

Жамбыл:

Әдейі ат терлетіп келдім тойға,

Айкүміс, әуелден-ақ болдың ойда.

Әуірі басылмаған албырт едім,

Асығыс айтқаныма кінә қойма!

Айкүміс:

Аптығып ә, дегеннен амандаспай,

Әдепті үйренбепсің, Жамбыл, жастай.

Асылға арсыдағы қол жетпей ме,

Ақылмен қыймылдасаң аспай-саспай?.

Жамбыл :

Айкүміс, асықпауға шамам бар ма?

Жасшылық ұрындырды талай жарға . . .

Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп,

Жем болып кете ме деп жамандарға.

Айкүміс:

Біле ме пенде шіркін өз кемісін,

Ел кезіп есер мінез сен де жүрсің . . .

Жаралған жат жұрттыққа ұрғашымыз,

Жарқыным, өкінбеші сен мен үшін!

Жамбыл:

Барарсың бір жаманға өзің қор боп

Отырсың қарқарадай әзір зор боп.

Көзіңе көк шыбынды үймелетер,

Көргенің өле-өлгенше ылғи сор боп.

Айкүміс:

Жамбыл-ау, күбінесің неге сонша?

Құтқарып қыз біткенді қалған жанша . . .

Қолдағы қаршығаңнан неге айрылдың

Тұтқасы дүниенің сенде болса?!

Ж а м б ы л:

Жалғанның сорлысы екен қыз бен жігіт,

Жүрмеген бірге ойнап, бірге күліп!

Арыны басылмаған арсыз көңіл,

Тағы да етіп отыр сізден үміт.

А й к ү м і с:

Жігітке көрінеді үміт жеңсік,

Жарымас ол мінезге көңіл көншіп?

Жарқыным, одан қайта қолқаңды айтшы,

Әр нені тере бермей, құр білгенсіп!. .

Ж а м б ы л:

Түйме емес, тоғыз емес тілегенім,

Жұбатпас көңіліңді құр өлеңім.

Болмасаң сөзге қашақ, ішке тосаң,

Сырымды айттырмай-ақ білер едің . . .

А й к ү м і с:

Жамбыл-ау, жан екенсің сөзге сараң

Жақпады қай мінезім бүгін саған?

Дітіңді білтелемей, білдіре айтшы,

Саласың қандай қолқа тегі маған?

Ж а м б ы л:

Ауылым жайлап отыр Көксеңгірді,

Көз сүзіп сіздің жаққа еңсем құрды.

Қолыма бір ұстатсаң түсінерсің,

Томпайған төсіңдегі өртенгірді.

А й к ү м і с:

Жамбыл-ау, ұстатпаймын, кінә қойма,

Кетейін қайтып ардан мына тойда.

Жақсы сөз жан семіртер деген бар ғой,

Әдепті мінездерің жүрсін ойда . . .

Ж а м б ы л:

Айкүміс, амалым жоқ, қош ендеше,

Кетелік сыр білдірмей жат пендеше . . .

Атыңды, ақ жүзіңді ұмытпаспын,

Кеудемнен қашан менің от сөнгенше . . .


Ұқсас жұмыстар
Жамбыл жабаев
Тапсырмалар топтамасы
Жамбыл жырлары асыл қазынам
Ж.Жабаев
9 сынып қазақ әдебиеті, "ленинградтық өренім"
Мысал өлеңдері
Қалқанша бездің құрылысы,қызметі
Мақалды көрсет
Азияда алауы
Тақырып Ж.Жабаев Аттандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz