6-сынып математикасы: Жақшаны ашу және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Мектептің атауы: Облыстык туберкулез санаториясы мектеп-интернаты

математика пәнінің мұғалімі: Сатаева Бахытгул Смагуловна

мекен жайы: Актобе қаласы, "Қурайлы" ауылы, уч. № 447-А.

тел: 8 7132 92 01 48 сот: 8 705 820 10 55

математика. 6 класс .

Сабақтың тақырыбы : Жақшаны ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Мақсаты : Жақшаны ашу ережесін тұжырымдау, көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу. Жақшаны ашу ережелерін тиісті жағдайларда пайдалану. Білімділік мәні : ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және жақшаны ашып, көбейтіндіні қосынды түрінде өрнектей білу. Тәрбиелік мәні : оқушыларды еңбектенуге, ізденуге тәрбиелеу, шапшаңдыққа баулу. Дамытушылық мәні: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамытып, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сабақтың түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы. Көрнекілігі: интерактивті тақта, көбейтудің қасиеттері, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен өзара амандасу, класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылар назарын сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасы бойынша тірек сұрақтары: а) қосудың қасиеттерін тұжырымдау; ә) көбейтудің қасиеттерін тұжырымдау және өрнектеу. III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: «Жақша» атауы немістің Леонард Эйлер енгізген «Кlammer»-жақша деген термин сөзінен шыққан. Жақшалар тек XVIII ғасырдың I жар- тысында ғана неміс ғалымдары Готфрид Лейбниц пен Леонард Эйлердің еңбектері арқылы кеңінен тарады. Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасын орындау арқылы жақшаны ашып, кө-бейтіндіні қосынды түрінде өрнектеуді оқушылар тақтада орындайды: 1) 3*(2а+9в+10с) ═ 6а+18в+30с; -5(11х+7у-37) ═ -55х-35у+185; 2) ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару: ав+ас-аd ═а(в+с-d) ; 4а+10в+18с═2(2а+5в+9с) Жақшаны ашу: а) алдында «+» таңбасы бар жақшаны ашу үшін жақша алдындағы «+»таңбасын және жақшаны жазбай жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен жазу керек. Мысалы: 3+(-2а+5в-6с) ═3-2а+5в-6с; ә) алдында «-» таңбасы бар жақшаны ашу үшін «минус» таңбасын және жақшаны жазбай, жақша ішіндегі қосылғыштарды қарама-қарсы таңбамен жазу керек. мысалы: -(7а+2в-3с) ═ -7а-2в+3с; -(9х-8у+5) ═ -9х+8у-5; б) а(в+с) түріндегі өрнектегі жақшаны ашып жазу үшін көбейтудің үлестірімділік қасиеті қолданылады. (көбейтудің қасиеттеріне тарихи шолу жасау) . мысалы: 5(4х+2у) ═20х+10у; в) ортақ көбеткішті жақша сыртына шығару. Мысалы: 20а+15в ═ 5(4а+3в) ; мұндағы 5-ортақ көбейткіш.

жақшаны ашу

а (в+с) ав+ас

ортақ ортақ көбейткішті

көбейткіш жақша сыртына шығару

IV. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруға және жақшаны ашуға жаттығулар орындау. №749-ауызша орындау.

№750 -тақтада талдау: 1) а+(в-с) ═а+в-с; 4) 9-(а+в+с) ═9-а-в-с; 7) а-(в-с+d) ═а-в+с-d; 2) х-(у+2) ═х-у-2; 5) х-(-3+у-z ) ═х+3-у+z 8) х+(у-z+8) ═х+у-z+8; 3) m-(-n-k) ═ m+n+k; 6) m+(8+n-k) ═m+8+n-k; 9) m-(-2+n+k) ═m+2-n-k;

№751 -жақшаларды ашып жазу: 1) 1, 9(а+2) ═1, 9а+3, 8; 3) -2(х-0, 9) ═ -2х+1, 8; 5) 1, 3(а-в) ═1, 3а-1, 3в; 2) 3(а-1, 7) ═3а-5, 1; 4) -3(1, 6+у) ═ -4, 8-3у; 6) -4(х+у) ═ -4х-4у;

№752 -ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару:

1) 2m- 2n ═2(m-n) ; 2) 3а-6в═3(а-2в) ; 3) 6х+10у═2(3х+5у) ;

3х+3у═3(х+у) ; 2с+8d═2(с+4d) 15а-12в═3(5а-4в) ;

-4m-4n═ -4(m+n) ; 5m-15n═5(m-3n) ; 20с-24d═4(5с-6d) ;

№753 -жақшаны ашып, өрнектерді ықшамдау:

1) 5-(а+3) ═5-а-3═ -а+2; 2) 2+(-8+с) ═2-8+с═ -6+с; 3) 0, 8-(а+3) ═0, 8-а-3═ -а-2, 2;

8-(10+в) ═8-10-в═ -2-в; 3+(-в-5) ═3-в-5═ -в-2; 1, 4+(с-2) ═1, 4+с-2═ с-0, 6;

9-(с+7) ═9-с-7═ -с+2; 4+(а-9) ═4+а-9 ═ а-5; 2, 6-(-у+10) ═2, 6+у-10═у-7, 4

5. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылармен жеке жұмыс жасау, талдау. V. Кестемен жұмыс: «Қоян қайда секіреді?»

-4(а-2в)
9(х+2у)
-4(а-2в): 9х+18у
9(х+2у): -(а+5в-4с)
-4(а-2в): -а-5в+4с
9(х+2у): -4а+8в

7. Сабақты қорытындылау:оқушыларды бағалау, шығарылған есептер нәтижесі бойынша тақырыпты пысықтау. Үйге : № 778 (1-4) Көбейтудің қасиеттерін қайталау.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Г. Глейзер. "Мектептегі математика тарихы"

2. М. Исқақов. " Қазақ календары"


Ұқсас жұмыстар
Жақшаларды ашу және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
6-сынып математикасы: көбейтудің үлестірімділік қасиеті және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
7-сыныпқа арналған Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тақырыбындағы сабақ жоспары
7А сынып: Алгебра - Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
7-сынып алгебрасы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу және ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару сабақ жоспары
6-сынып математикасы: І және ІІ нұсқа тесттері мен жауаптары
6-сынып математика сабағы: Жақшаларды ашу және ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Көбейткішті квадрат түбір таңбасының алдына шығару - бекіту сабағы
Блум таксономиясы негізінде 6-сыныпқа арналған Жақшаларды ашу тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сынып математикасы: таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz