Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренім
Атырау облысы Индер ауданы
М. Әуезов атындағы орта мектептің орыс сыныптарындағы мемлекеттік тіл және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев <<Ленинградтық өренім>>
А)білімділік мақсаты:
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, <<Ленинградтық өренім>> өлеңінің мазмұны туралы меңгерту
ә) дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың сөздік қорын молайтуға, ізденіс- шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, өз пікірлерін айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру
б) тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды елжандылық , отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау , мәнерлеп оқу, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі: Ж. Жабаев портреті, интерактивті тақта, қосымша материалдар, <<Ленинград блокадасы>> туралы деректі фильм, Д. Шостакович <<7 Ленинградтық симфониясы>>
Пәнаралық байланыс: тарих, әдеп, музыка, география, орыс әдебиеті
Түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы: I кезең
І Ұйымдастыру
ІІ Үйге берілген тапсырманы сұрау
Сәлеметсіздер ме!
Оқушылар, біздің бүгінгі өтетін сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Сондықтан әрбір айтқан сөзімізді жүрегімізбен ұғып, көңілімізге тоқып қазақ халқының ақыны Қадыр Мырза Әлише айтсақ <<Тыңдай білу- ұлылық,
Тыңдата білу - даналық>> деп сабағымызды бастамас бұрын деректі фильмге назар аударуларыңыз сұралады.
<<Ленинград блокадасы>> туралы деректі фильмнен үзінді көрсету
Сұрактар:
1. Оқушылар , біз көрген деректі фильм не туралы?
2. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
3. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардан кімдерді білесіңдер?
4. Ұлы Отан соғысына арнап өлең шығарған қандай ақындарды білесіндер?
II кезең
Сонымен, оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы .
<<Топтастыру>> стратегиясы бойынша
Ж.Жабаев
1. Ж. Жабаев кім?
2. Жамбыл қай кезеңде өмір сүрген?
3. Қазақта <<Жамбылдың жасын берсін >> деген баталы сөз бар,сонда Жамбыл неше жыл өмір сүрген?
4. Жамбыл атында не бар?
5. Халқымыз Жамбыл ақынның құрметіне не орнатты?
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кім дайындалып келді?
( Ж. Жабаев Теріскей Алатаудың солтүстік баурайында 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауының атырабында туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен , балалық шағы жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбылда байдың малын бақты, мектепте оқып , білім ала алмады. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен байқала бастайды. Ұлы ақын халық поэзиясын сүйіп, одан таусылмас нәр алып өсті.Болашақ жыршы бала кезінен халық арасына кеңінен тараған аңыз- әңгімелерді, жырлар мен дастандарды ұйып тыңдап, есіне сақтайтын. Жамбыл туған Жетісу өңірі де болашақ ақынның қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Бала Жамбыл есімі қазақ елінде аңызқа айналған Сүйінбаймен кездесіп, бата алады.
Әділеттіліктің жыршысы болған Жамбыл ел құрметіне бөленеді, халықтың мұңы мен зарын жырлаған суырып-салма ақын атанады)
( Ж.Жабаев- ұлы ақын , жырау , жыршы. Болашақ ақын жасынан өлең - жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген , Сүйінбай Аронұлы сияқты ұлы жыраудан тәлім - тәрбие алған.
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген Жамбыл - өткен екі ғасырдың куәсі болды. Жамбыл шындықты айтып , эамана болмысын суреттеді.
Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға , Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері- оның айтыстары.
Жамбыл қазақ әдебиетінің даңқын бүкіл әлемге жайды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалында өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. <<Ленинградтық өренім>> атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына естіртілді, көшелерге , үйлердің қабырғасына , плакаттарға жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Қаланың 250 жылдығы тойланғанда арнайы делегация ақынның туған жеріндегі мұражайға мерейтойға арналып шығарылған ескерткіш медальді тапсырды. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар. )
Ақынның өзінің өмірі туралы шерткен сырын кім әңгімелеп береді?
Сонымен, оқушылар біз бүгін ұлы ақын, жырау, жыршы екі ғасырдың куәсі <<Жүз жасаған Гомер>> деген атауға ие болған Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы таныстық.Енді дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық
Егемен еліміздің тарихын білу - әрбір азаматтың парызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел болу жолында талай тарихи оқиғалар мен кезеңдерді басынан кешірді. Сондай тарихи оқиғаның бірі - Ұлы Отан соғысы. Халық басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. Сондай тарихи оқиғаға байланысты Ж. Жабаев <<Ленинградтық өренім>> атты өлеңін арнады. Зор сеніммен, үлкен үмітпен қаланы қорғаушыларға Жамбыл өзінің жолдауын арнайды:
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін!
Ақынның <<Ленинградтық өренім>> атты өлеңімен танысайық.
Сұрақтар.
1. Өлеңді тыңдағанда қандай көңіл күйде болдыңдар?
2. Өлеңнің тақырыбы не туралы?
3. Өлеңнің идеясы не туралы?
Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздың 148- бетін ашып, өлеңді мәнерлеп оқиық.
Сөздікпен жұмыс
Өрен- 1) передовой, лучший 2) молодой
Шоқы- сопка
Айбын- величие, внушительность
Саудыраған сүйек- исхудавший
Өркеш- өркеш- холмами- буграми
Сын сағат- час испытания
<<Ленинградтық өренім>> өлеңінің шығу тарихы туралы тарих беттеріне үңілсек қазақ халқының дархандығына, үлкен жүректілігіне, достық көңілінен туған жыр құдіретіне тәнті боламыз. Өлеңнің шығу тарихы туралы Гүлсім Оразалықызының естелігінде:>> Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс үзіліп, 900 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладоға көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық- түлік, киім- кешекті бораған оқтың астынан амалдап өткізіп, қала тұрғындарына жеткізілді. Содан бұл соқпақ- <<өмір жолы>> деп аталып кетті.
Сол кезді көзімен көрген көрнекті орыс жазушысы, публицист
Всеволод Вишневский <<Правда>> газетіне жазған мақаласында қазақ халқының достығымен сүйіспеншілігіне шексіз риза болғандығын былай білдіреді.
Сол күндердің сын сағатында сыналған қарағандылық кенші
Василий Базанов былай деп еске алады.
Ленинградтықтар қоршауда қалған кезінде совет адамдары нағыз достықтың, адамгершілік биігінен көріне білді. Ақын- жазушыларымыз жауға қарсы қаламмен соққы берді. Совет халқының ақыны М. Тарковский 1941 жылдың қыркүйегінде Ж. Жабаевтың <<Ленинградтық өренім>> атты өлеңін орыс тіліне аударды. Орыс тіліндегі аудармасын тыңдайық.
III кезең
1- деңгей
Сұрақтар
1. Ж. Жабаев қайда, қашан дүниеге келген?
2. Ж. Жабаевтың ұстазы кім?
3. Ж. Жабаевтың <<Ленинградтық өренім>> өлеңінің тақырыбы не туралы?
4. Жамбыл жырында Ленинград қандай қала?
5. <<Ленинградтық өренім>> өлеңін кім орыс тіліне аударған?
2- деңгей
Өлеңнен әдеби теориялық ұғымдарға байланысты теңеу, эпитеттерді табыңдар?
Өлең мазмұнына арналған кестені толтырыңдар
Ақынның Ленинград қаласына деген ықылас, сезімін білдіретін өлең жолдары.
Ақынның жауға деген ыза- кегін білдіретін жолдар
3- деңгей
Ой толғау <<Менің бақытты балалық шағым>>
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Жамбыл- әрі эпик, әрі айтыс ақыны, әрі жауынгер жыршы. Шығармашылығы екі ғасырды қамтып жатқан ұлы жырау туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: <<Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның бас себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз>>,- деп сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма. 4 деңгей өлеңді оқыған кезде қиялдарында пайда болған суретті салып, өлең мәтінімен салыстырыңдар.
Оқулықтың 145-150 беттерін оқу. Өлеңнен өздеріне ұнаған үзіндіні жатап алыңдар

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz